435. Цистинурияның бір түрі аутосомды-рецессивті белгі түрінде тұқым қуалайды, гетерозиготтардың зәрінде цистиннің мөлшері көбееді, ал гомозиготтарында бүйрекке цистеиндік тас бітеді. Ата-аналарының екеуініңде зәрінде цистиннің мөлшері көп болған жағдайда балаларында цистинурияның көрініс беру мүмкіндігін анықтаңыз + 25%
437. АаВв х АаВв генотиптері бар бұршақтарды шағылыстырғанда фенотипі бойынша ажырау қандай болады? +9.3.3.1
438. А және В гендері бойынша дигетерозигота әйел рецессивті аллелдері бойынша дигомозиготалы еркекке тұрмысқа шықты.Осы отбасында туылған ұрпақтардың генотиптерін анықтаңыз? +25%;25%;25%;25% (1:1:1:1) Aab) гомологты b) гомологты : AaBb) гомологты : aaBb) гомологты : aab) гомологты b) гомологты
439. Әкесі дальтонизмен аурады, анасы сау. Осы отбасында қыздарында дальтонизм белгілерінің шығу мүмкіндігін анықтаңыз ?+0%
440. Бір хромосманың бойында орналасқан А және В гендерінің арақашықтығы 10 морганид. Дигетерозиготалы дараларға анализдік шағылыстыру жүргізу нәтижесінен алынатын кроссинговерге ұшырамаған гаметалардың пайыздық шамасын анықтаңыздар 45%
441. Отосклероз (есту сүйектерінің саңыраулыққа әкелетін ақаулары) 30% пенентранттылықпен аутосомды доминантты түрде тұқым қуалайтын ауру. Анасы гетерозиготалы, әкесі қалыпты отбасында аномалиясымен туылатын баланың туылу мүмкіндігін анықтаңыз? +15%