CөЖ №5 Тақырыбы: Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы Группа: иф-201 Орындаған



бет1/5
Дата04.11.2023
өлшемі38,81 Kb.
#122180
  1   2   3   4   5
Байланысты:
C Æ ¹5 Òà ûðûáû Ò éñ³êòåðä³ íåã³çã³ ò ðëåð³í³ æ éåë³ êëàññèôè


CӨЖ №5


Тақырыбы: Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы

Группа: ИФ-201

Орындаған: Саят Райымбек

Түйсік дегеніміз – заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Сезім мүшесі – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталады. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.Морфологиялық және функциялық біртұтас құрылым болып саналатын рецепторды, ми қыртысындағы өткізгіш нервтер мен учаскелерді И. П. Павлов талдағыш деп атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бөлшектерінің сақталуы қажет. Ми қыртысында талдағыштың нерв клеткалары бүлінсе, адамның сезім мүшесі толық сақтала тұрса да көруден немесе естуден қалады.Талдағыштық орталық бөлімі (оның қыртыстық зонасы) ядродан және қыртысқа тараған перифериялық элементтер деп аталатын нерв клеткаларынан тұрады.


Түйсік әрқашан не қимыл-қозғалыс, не вегетативтік процестердің өзгерісі түріндегі жауап реакциясымен байланысты. Жауап реакциясын жүзеге асыратын эфференттік (қимылдық) импульстар, өз тарапынан бейімделу реакциясының сипаты жөнінде сигнал беретін афференттік (сезгіштік) нерв импульстерінің тасқынын туғызады. Талдағыштың айналма механизмінде бірнеше күйлер рефлекстері пайда болады. Сипатталған құбылыс физиологияда кері афферентация деп аталады.Түйсіктердің физиологиялық механизмі саны шамалы шартсыз рефлекстер базасында туатын талдағыштардың шартты рефлекстік қызметінің механизмі ретінде сипатталына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет