1.Науқасты орындыққа отырғызыңыз немесе төсекке басын көтеріп,арқасына жастық төсеп отырғызыңыз.
2. Терезені ашыңыз. Науқастың таза аумен тыныс алуына жағдай жасаңыз.
3. Мейірбике науқастан қандай дәрілерді қолданғанын,қанша мөлшерде қолданғанын , және себептерін анықтауы тиіс.
4. Мейірбике дәрігер келгенге дейін науқастың тамыр соғысын, тыныс алу жиілігін, артериялық қан қысымын өлшеп, ауру тарихына жазып қоюы керек.
4. Мейірбике дәрігер келгенге дейін науқастың тамыр соғысын, тыныс алу жиілігін, артериялық қан қысымын өлшеп, ауру тарихына жазып қоюы керек.
5.Дәрігерге науқастың ұстамасының қаншаға созылғанын, қолданған дәрілерін, тыныс алу жиілігін, артериялық қан қысымын, пульсін айтамыз.
6.Дәрігердің тағайындаған ем-шарасын жүзеге асырып, науқастың жағдайын бақылаймыз.
7. Егер науқастың жағдайы жақсармаса науқасқа оттегі беру керек және ем –шараны жалғастырып, науқасқа төсек режимін белгілеу керек.
7. Егер науқастың жағдайы жақсармаса науқасқа оттегі беру керек және ем –шараны жалғастырып, науқасқа төсек режимін белгілеу керек.
8.Ұстама аяқталған соң науқас шөлдеп, сусын сұрауы мүмкін.Мейірбике науқасқа
қант қосылған шай (егер науқас қант диабетімен ауырмайтын болса) немесе ас содасы қосылған шай беруі керек.Бұл науқастың қақырығының тез түсуіне көмектеседі.
Ингаляция-дәрілерді тыныс алатын ауа арқылы енгізу әдісі.
Ингаляция-дәрілерді тыныс алатын ауа арқылы енгізу әдісі.
Ингалятор – ингаляция жасауға арналған құрылғы.
Ингалятор – ингаляция жасауға арналған құрылғы.
А-канистир
В- клапан
С- мундштук
Ингаляторды қолдану
Ингаляторды қолдану
Орындалатын іс әрекеттер:
Баллончиктің қақпағын ашыңыз және оны төмен қаратыңыз.
Аэрозолы бар баллончикті жақсылап шайқаңыз.
Науқасқа терең тыныс алуын өтініңіз.
Баллончикті қолыңызға алып науқастың аузына енгізіңіз және мундштукты ерінімен ұстауын өтініңіз.
Науқастан терең тыныс алуын өтініңіз және осы мезетте баллончикті қатты қысыңыз, сол кезде ауыз қуысына аэрозоль түрінде дәрілік зат енеді.
Науқастан бірнеше секунд тыныс алмауын өтініңіз және мундштукты ауыздан шығарыңыз және жайлап тыныс алуын өтініңіз.
Егер науқастың ауыр халіне байланысты терең тыныс алу мүмкін болмаса,онда аэрозольдың бірінші дозасы ауыз қуысында еріп кетеді.
Ингаляциядан кейін баллончиктің қалпағын кигізіңіз.