Ауыз қуысы, оның шырышты қабаты және жақ-бет аймағының лимфатикалық аппараты адам ағзасының қоршаған ортамен қарым-қатынасында негізгі роль атқарады.Микробтар ас қорытуы мен витаминдер синтезіне қатысады және де кариесті түзетін органикалық қышқылдарды өндіреді, олар ағзаның иммундық жүйесіне күшті позитивті модульдеуші әсер етеді және сонымен бірге тіс бляшкасында адьюванттардың жиналуын қамтамасыз етеді. Олар патогенді флораның күшті антогонистері болып табылады.
Ауыз қуысындағы микрофлораларды белгілі бір орындарда орналасуына байланысты бірнеше биотоптарға бөлуге болады. Бірінші биотопқа сілекейді жатқызамыз. Оның құрамына көптеген бактериялар жатады.
Ауыз қуысындағы микрофлораларды белгілі бір орындарда орналасуына байланысты бірнеше биотоптарға бөлуге болады. Бірінші биотопқа сілекейді жатқызамыз. Оның құрамына көптеген бактериялар жатады.
Оған грамтеріс анаэробтар және стрептококктар жатады. Тіл астандағы қатпаршаларда және сілекейлі криптерде облигатты анаэробтар, ал сілекейлі қабатта және жұмсақ аспанда стрептококктар мен коринобактериялар кездеседі.
Екінші биотопқа қызыл иек қуысы және сол жерде болатын сілекей сұйықтығы жатады. Оған : бактероидтар, порфиромонадалар, превотелла интермедия, актинобациллюс, актиномицетемкомитанс, дрожды саңырауқұлақтар, микоплазмалар және де нейссериялар жатады.
Үшінші биотопқа тіл бляшкасы жатады. Бұл бактериялардың кп шоғырланған жері. Ол жерде кездесетін микроорганизмдер саны 100 ден 300 млн ға дейін 1 мг.
Ауыз қуысының негізгі зақымдануларды (тіс жиегі, пульпит, перодонтит, периодонт аурулары, жұмсақ тіндердің қабынуы) стрептококктармен, пептострептококтар, актиномициттер, лактобациллалар, коринебактериялар ж.т.б. қоздыра алады. Олардан басқа сиректеу жағдайда кездесетін анаэробты инфекцияларды (мысалы, Березовский-Венсан-Плаут ауруы) бактериодтар, превотеллалар, актиномицеттер, вейлонеллалар, лактобацилалар, нокардиялар, спирохеталар ж.т.б. бірігіп туғызады.