Д. 1 Бағдарламалық жасақтама түрлері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері


Модуль П Д.-4 Веб-қосымшаның қауіпсіздігі негіздері



бет4/15
Дата07.01.2022
өлшемі82,43 Kb.
#20656
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Даристер жинагы

Модуль П

Д.-4 Веб-қосымшаның қауіпсіздігі негіздері.
Компьютерлер мен желілердегі ақпаратты қорғаудың
бағдарламалық құралдары. Бағдарламалық қамтамасыздандырылуды
рұқсатсыз қолданудан қорғау.

Дәріс мақсаты: есептеу жүйесіне немесе желісіне бағдарламалық өніммен


танысу, орындау, жою, ұрлау мақсатында рұқсатыз ену талаптарын, деректер
базасын, компютерлік бағдарламаларды рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу,
қызметкерлердің сенімділік дәрежесін әртүрлі қорғау кілттері арқылы
қамтамасыз етуге үйрету.

Негізгі қарастырылатын сөздер: хакер, троян аты, экрандық имитатор,


вирустық бағдарламалар, электрондық қорғау құрылғылары, оптикалық.
қорғау құрылғылары, бір жолғы парольдер генераторы.
Дәріс сұрақтары:
1. Вирустардың бұзушылық әрекеттері. Вирустардың болу белгілері. Басқа
қауіпті бағдарламалар.

2. Вирустармен күресудің болашақтағы тиімді бағыттары

3.Пайдаланушыларды идентификациялау және аутентификациялау. ДЭЕМ-ді
идентификациялау. Рұқсатсыз қолданудан және көшіруден қорғаудың
бағдарламалық құралдары.

4. Электронды кілттер көмегімен көшіруден бағдарламалық


қамтамасыздандыруды қорғау. Қорғауды құру сызбалары.

Дәрістің негізгі мазмұны

Есептеу жүйесіне немесе желісіне бағдарламалық өніммен танысу,
орындау, жою, ұрлау мақсатында рұқсатыз ену талаптары -компьютерлік
қарақшылық деп аталады. Мұндай құбылыстың алдын-алу үшін операциялық
жүйені, бағдарламалық жабдықты қорғауға, рұқсатсыз енуді бақылауға,
бұзушылар категориясын және қолданылатын әдістерді анықтауға арналған
қорғаныс түрлері бар.

Хакерлер категориясы:

1. Хакер –дилетанттар;
2. Хакер-мамандар(маманданған хакерлер) болып бөлінеді.
Дилетант хакерлер:

• бағдарламаның тағайындалу мақсатын анықтау үшін қол жеткізуге


тырысады;

• ойын бағдарламаларына қол жеткізуге ұмтылады;


• бұзақылық мақсатпен із қалдырып деректерді жойып жібереді.
Бұл категориядағы хакерлерге түрткі болған нәрсе, эмоциялық тілегін
қанағаттандырудан бастап, жүйені басқаруды жүзеге асыру.

Хакерлер ісіне түрткі болатын жағдайлар:

• басшылық тарапынан олардың ісіне көзқарас;
• фирмадағы еңбегін құрметтеу жүйесіне көңілінің толмауы;
• ашудан туған қасақаналық.
Хакердің болуының өзі жүйені қорғау мәселесіне жауапты қарауды,
жүйеге рұқсатсыз енудің алдын-алып, оларды тауып жазалауды талап етеді.

Хакерлер-мамандар – төмендегі мақсатты көздейтін қылмысты топтар:

• саяси;
• өндірістік тыңшы;
• пайдакүнем.
Компьютерлік айла –тәсілмен олар фирмаға үлкен материалдық залал
әкеледі. Мұндай әрекеттер алдын-ала жоспарланып істі білетіндермен жүзеге
асады. Қарақшылар- маманданғандар олар өзі іс әрекетіне фирманың бұрынғы
және қазіргі қызметкерлерін тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет