Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Етістіктің стилистикалық кызметі Сөз таптарының ішінде етістік ең күрделі, ең қарымды категория болып табылады. Өмір — адам — тіршілік динамикасының ерекше мәнін, мағынасын айқындаумен қимыл-қозғалысқа қатысты іс-әрекетті сипаттауда етістік тұрақтылық жағынан әрі стильдік көркемдігі, семантикалық байлығы жағынан экспрессияның күшті әлеуеттілігін көрсету тұрғысынан ең ауқымды сөз табы болып есептелінеді.
Басқа да сөз таптарынан гөрі іс-әрекет, қимыл-амалды беру мағыналарынын сан алуан қызметімен етістік айрықша стилистикалық мүмкіндіктерге ие.
Функциональдық стильдерде етістік бірдей рөл атқара алмайды. Ресми стильде етістіктің қолдану мүмкіндігі шектеулі екендігі зерттеушілер тарапынан айтылып келеді. Статистикалық жағынан есепке алғанда 100 сөздің 60-ы етістік және тұрақты стильдік етістіктер деп айтуға болады.
Етістік көркем әдебиет стилінде үш есеге өсіп отырады, яғни жақ, шақ, рай, етіс категориялары арқылы өмір құбылыстарына қатысты козғалыстың сан алуан әрекетін сөз таптарының ішінде етістік қана бере алады. Ресми стильдегі фактіні, оқиғаны айқындау межесімен тұрақты стильдік сипатқа ие болып отырады. Мысалы:енгізілген, бақылауға алынсын, ұсынылсын, тағайындалсын. Ғылыми және ресми стильге қарағанда басқа стиль түрлерінде етістік категориялары тұлғалық жағынан тез болып келеді, ғылыми стильде ауыспалы осы шақ етістік категориясы жиі қолданылады:пайдаға асырылады, іске қосылады, жиі ұшырасады. Етістіктің семантикалық мәні айқын болғанмен, грамматикалық сипаты сан алуан, түрлену әрі стильдік мәнері ерекше кұлпырымға ие бола алатын сөз табы.
Етістіктің семантикасының барлық байлығы грамматикалық формалары мен түрленгіш ерекшелігі, синтаксистік байланысқа түсу мүмкіндіктері, экспрессивтілігі стилистикалық амал-тәсілдердің көзі бола алады.
Етістіктің түрленгіш қасиеті стилистикалык категориялардың барлық түрін қамтамасыз ете алады. Мысалы: Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз (Абай).
Етістік категориясы кез келген стильдің стильдік жаны ретінде көріне алады. Ауызекі сөйлеу стилінде етістік келді, кетті, барды, көрді, білді деген етістіктен шақ категориясымен диалогта бар оқиғаны сипаттап бере алады. Ал, көркем әдебиетте сөйлемнің бірыңғай мүшелері ретінде алына отырып, ойды тиянақтап, кесіп айту үшін жиі қолданылады. Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ (Абай, 25 сөз).
Кейде етістіктер синонимдес мағынада ойды мәнерлі жеткізу үшін құрылады. Жүз қараға екі жүз кісі суғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай-құрымай тыныш таба ала ма? (Абай).
Етістік публинистикалық стильде әр түрлі грамматикалық категориялармен келіп ойдың болымды немесе болымсыз әрекетін салыстырып та көрсетеді. Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді, һәм ұялған дары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялады. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік, алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, әурешілдікті көре-көре келдік (Абай).
Ресми стильде грамматикалық мағына етістіктің категориясына қарай ерекшеленіп тұрады. Тұйық етістік тұлғасымен келетін сөздердің қолданыс аясында жиі кездесетіндігін байқауға болады: әрекет ету, кепілдік беру, мөр басу, үлгеру, шара қолдану, анықтау, хабарлау, ұсыныс жасау тұйық етістікке аяқталған сөз септік категориясын қабылдап сөйлемді тиянақтап тұрады. Ресми мәтінде тұйық етістік тұлғасы өздік етіс жұрнақтарымен келіп те, жеке тұрып та құжат мәтінін тиянақтап тұрады, бірақ құжат мәтінінің стилистикалық нормасы бұзылмайды. Ресми мәтінде ұсыныс жасау, тапсырма беру, нұсқау беру, бұйрық беру, талап ету, кемшіліктерді болдырмау,өзара көмек көрсету тұйық етістікке аяқталған сөйлемдер істің нәтижелі болып орындалуы туралы сөйлеуші жаққа, не сол арқылы белгілі топқа, жеке адамға арналғаны соның ақиқаттылығына негізделеді. Эканомика жөніндегі департамент Заң жобасын талқылауда немесе талқылануда, тіл білімі институтының ғалымдары тіл саясатына назар аударуда немесе аударылуда,ерекше көңіл бөлуде немесе бөлініуде, ерекше мән берілуде, мән беруде. Ресми стильде жұмыстан қысқартылсын, ақша қаражаты бөлінсін жұмысқа тағайындалсын, басшылыққа алынсын, мезгілінде жеткізілсін есепке алынсын, уақтысында өткізілсін, дереу тоқтатылсын деп бұйрық мәнде айтылады. Бұл грамматикалық тұлғалар айтылған сөйлемдерде кесіп айту мағынасын берсе, кейде керек, тиіс модальды сөздер арқылы көпше I жактың жедел өткен шақтық тұлғалары арқылы (нақты ұсынысты білдіргенде) жасалады, кейде ауыспалы осы шак, болжалды келер шақ тұлғаларымен де, ырықсыз етіс бұйрык райдың II жағымен де келеді.
Ресми стильде етістіктің ауыспалы осы шақ тұлғалары жиі қолданылады, себебі баяндау мәнерінің бейтараптылығы тікелей ықпал етеді. Мысалы, келісімшарттардағы, декларациялардағы сөйлемдерде: тараптар қуаттайды, нығайтуды көздейді, толық сенеді, мекеме сұрайды, ықпал жасайды, нұқсан келтірмейді, кездесіп отырады деген сияқты етістік формаларымен аяқталады. Осы тәрізді етістіктер тобы ресми стильдің кейбір жанрларында, атап айтқанда, екі жақты мәдени, экономикалық келісімдерде жиі ксздесіп отырады.
Ғылыми стильде етістік ресми стильге қарағанда әлдекайда көп ұшырасады, бірақ онын семантикасы өзгеше болып келетін тұстары бар. Етістіктердің семантикалық топтарының ішінде ғылыми стильде қолданылатын етістіктер міндетті болу мәнімен бөлек стильдік қызмет атқарады: болып табылады, саналады, кездестіруге болады. Ғылыми стильде де іс-әрекет, процесс, белгіге алынып отырған зат пен кұбылыстың динамикасын көрсету үшін етістік категориясы аз жұмсалынбайды екен, сондықтан зерттеушілердін айтуынша, ресми стильге қарағанда ғылыми стильде етістіктер 1,5 есе көп қолданылады. Ғылыми стильде дерексіздену процесін анықтауда етістіктердің дерексіз мағыналық топтары жиі қолданысқа түсіп отырады.
Етістік адамның көніл-күйін, сезімін беруде немесе әр түрлі ситуацияларда оның өн бойында қандай мақсатпен прагматикалық әрекеттің болатындығын көрсетеді.
Прагматика нақты жағдайда адамның қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын көрсетеді.