Д. А. Ислам 1, Т. М. Ербай



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#51636
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Display Ideas Alash Studies Anthropology the Knowledge of Life in the Small Genre[#1163673]-2603126

 
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020
122 
гендей. Әңгімеде ұлтсыздануға болмаса адамзат санасының азып-тозуына әкелетін, өмірлік 
материалды деректендіретін жәйттерді атап өтсек. «Көне зиратты тегістеп жіберіп, үстіне 
мына «Неке сарайын салды. Алда көктемегірлер-ай... Пішту, негрге күйеуге шығып, тайпа 
көсемімен таласып, шетелден қуылып келсе көрер ем отырмағанын... Былтыр піштірген 
қызыл өгізді сатып оқуға түсірдім... Қарғам, сот болады деп шешең жүр ісіп-кеуіп» [3, 38-40-
бб.]. Әңгімедегі кемпір мен шалдың азғындауын көрсететін сюжеттік желі адамзатқа ортақ 
мәселе. Ақыл айтар жаста даналық солса, олардан таралған ұрпақтың сиқы мынау. Ақсақ 
кемпір мен мықыр шал қапысын тауып, махаббат майданына кеткен шақта қастарына ертіп 
жүрген қыз бен баланың тірлігінен не сұрау.
«Жеп қояйын ба дейді. 
Бәлекеттің қолының сырықтайын көрдің бе, жалаңаш белден асып, қыздың өңір тиегін 
сипалап жатыр.
– Тоясың ба? – дейді онысы көзін жайнақтатып.
– Тоймасам тағы жейм.
Былтыр піштірген қызыл өгіздің обалына қалған, Алла, ашқарақ ит-ай! Жөнді әріп 
танымай жүріп, әкесін жолда қалдырғандай екен...» [3, 46-б.]. Осылардың қай-қайсысы болса 
да адами құндылықтың аяқ асты болуы. Тіпті ескі зираттың сүріліп тасталуының өзі 
қоғамның рухани азғындығының көрінісі. Зиратты сүруге кім рұқсат етті. Көзі ақайранданып 
кететін, қырыққан серке бұттанған қыздың әкесі. Базардың қожасы. Әлиманы өлтірген 
тағдырлар қожасы да солар. Базар демекші жазушының «Қытайдан жеткен сәлемдеме» 
әңгімесіндегі Өмірбай өмірінің ендігі билігі Базаркүлге өткен. Отбасыны мемлекет десек, сол 
мемлекеттің әмірін кімдер жүргізіп отыр деп те ойланасың. Жазушының тіл өрнегі ойды 
бейнелеу айшықтары ұлттық код (ұлттық код – А.Ісмақова) табиғатынан нәр алады. Су 
сатушы Әлима сұлулығын «Сыңғыр етіп күліп жіберген. Жай күлкі емес, шыны ыдыс 
сынып, ауаға тарап кеткендей. Содан бастап су емес, сынған ыдыстың құлағыңды қуантар 
дыбысын іздейтін. Сыңғыр! Әне көзге көрінбей шашырап барады» [2, 37-б.] – деп 
поэтикалық пафоспен эстетика құрайды. Мағжан мен Мұхтардың шолпы сыңғырындай 
сұлулық күйін суреттеуіндей дара бейнелеу үлгісін жасайды. Мұндай хас үлгі әлемдік 
классикалық шығармаларда да кездеспейді. Ал авторлық концепция тым тереңде. Шеңберлі 
композициялық құрылымда тағдырлар талданып, өмір сүру философиясының тылсым 
қабаттары Фирдоуси сөзіне қайта оралтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет