IV. Іскерлік және педагогикалық біліктілікті арттыру
Әдіскерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау шаралары (курстардан алған ақпараттар жайлы презентациялар өткізу);
Әдістемелік әдебиеттерге шолу жасап отыру, бөлім әдіскерлерінің жаңа әдіс-тәсілдермен, озық педагогикалық тәжірибелермен танысу (семинарлар, тәжірибе алмасу, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу);
Инновациялық қызмет бойынша облыстық, республикалық, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Баспа қызметі
Оқу-әдістемелік және басылымының басқа да түрлерінің басым тақырыптарын анықтау;
Облыстық, республикалық, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ 1.1. Кафедра тақырыбы, мақсаты, міндеттері
Тақырыбы: Заманауи білім беру жүйесінде смарт және сандық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері.
Мақсаты: Смарт және сандық технологияларды қолдана алатын шығармашыл, креативті, құзыретті педагогты қалыптастыру.
Міндеттері:
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың SMART технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу;
білім беруді ақпараттандыру;
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
оқушылардың білім сапасын анықтайтын жаңа форматтағы жүйелерді енгізу