73
рационалдылықтың нормаларының ауысуын білім жүйесінің толық өзгеруі.
Расымен, ескі пəндік жүйелердің ұғымдары логикалық түрде байланысты
болған соң, біреуінің құлдырауы жүйенің бəрін өзгертеді. Сөйтіп, «жүйелік
культі» Кунды «парадигмалардың салыстырмастығына» əкелді жəне ғылыми
революцияны Гештальттердің ауыстырылуы. Тулмин айтқандай «Біз əр-
қашанда ескеруіміз керек, парадигманың ауысуы ешқашанда толық болмайды;
нақтылықта бəсеке парадигмалар өз толық мөлшерінде альтернативті
көзқарастарға
тең
емес
жəне
ғылымның
теориялық
деңгейіндегі
интеллектуалдық үзілісте терең методологиялық деңгейдегі құпия жатыр.
Дискреттікте емес, кумулятивтікте емес
нақты тарихқа адекватты емес, сол
себептен ғылымды келіскен «пропозиционалдық жүйе» деген түсініктен бет
бұрып, оны «тұжырымдық популяциямен» ауыстыру қажет». Популяцияның
ішіндегі ұғымдар автономдылығымен үстемді: олар популяцияда əр түрлі
уақытта, əр түрлі мақсатпен жəне ықтималды тəуелсіз деңгеймен шығуы
мүмкін.
Осы жерде Кун мен Тулминнің философиялық жүйелерінің арасында
конфронтация сызығы өтеді. Тулмин айтады, интеллектуалдық өзгерістің
революциялық түсінігінің орнына бізге эволюциялық түсінікті
қалыптастыру
қажет, олар тұжырымдық популяциялардан келе-келе ауыстырылады.
Эволюциялық модель Дарвиннің теориясымен аналогия ретінде
қалыптасады, ол ғылымның дамуын «жаңашылдық» пен «іріктеу» арқылы
түсіндіреді. Тулмин ғылым эволюциясының келесі негізгі сипаттарын
көрсетеді:
Пəннің интеллектуалдық мазмұны бір жағынан өзгеріске бейімделген, ал
екінші жағынан - бірізгілікті айқындайды. Интеллектуалдық пəнде əр-қашанда
сынау идеялар мен əдістер пайда болады, тек бірнешесі пəндік
білімнің
жүйесінде нықты орын алады. Сөйтіп, интеллектуалдық новациялардың
үздіксіз шығуы сынау іріктеу процеспен келіседі.
Осы екі жақты процесс қосымша шарттар болғанда ғана анық
концептуалды өзгеріске əкеледі. Келесілер қажетті: 1. интеллектуалдық
жаңалықтарды ұстап отыратын адам сандары жеткілікті болу керек; 2. сол
интеллектуалдық жаңалықтар өздерінің жағымды жəне кем жақтарын анықтау
үшін тұрақты жəне ұзақ уақытта «бəсекелес форум» шеңберінде
қалыптасу
керек.
Əр тарихи жəне мəдени жағдайлардың «интеллектуалдық экологиясы»
бір-бірімен байланысты ұғымдардың істерімен анықталады. Əр мəселе
жағдайында пəндік іріктеуде сол жердің интеллектуалдық ортасына лайық
«бəсекелес» жаңалықтарды таңдайды. Осы «талаптар» сол мақсаттарды
шешетін əр тұжырымдық нұсқауларды да жəне олармен бірге өмір сүретін
тұрақталған анықтамаларды да.
Сөйтіп, ғылымның дамуы туралы сұрақтар екі топ сұрақтарға бөлінеді:
біріншіден, теориялық новацияларды жарататын факторларды анықтайды
(биологияда мутанттық түрлердің пайда болу аналогиясы) жəне екінші, анау
немесе басқа тұжырымдық нұсқауды қолдау немесе бекітуі (биологиялық
іріктеу аналогиясы).
74
Жаңа тұжырымдық өзгеріс қалыптасу үшін адамдардың қызығушылығы,
ойлау
өзгешелігі қажетті, оның бірнеше шарттары бар. «Іріктеу» сүзгіштен
өткенде концептуалдық жаңалықтар пəндік дəстүрінде тұрақты орын алады.
Сонда жаңалықтың тұрақталуының шешуші шарты - сол феноменді түсіндіру
мен қабылданған «түсіндіру идеал» арасындағы сəйкестік.
Достарыңызбен бөлісу: