Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



бет60/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Методологиялық сана - продуктивті зерттеу іс-əрекетке жету үшін жəне
ғылымдылықтың мөлшері туралы ғылыми ұжыммен қабылданған пікірлердің
жиыны, кең түрде ғалымдармен кəсіпкерлік қызметінде қолданылады.
Метатеориялық танымның əдістері - ғылыми теориялардың
негіздерін талдау, ғылымның мазмұны мен əдістерінің философиялық
интерпретациялау, ғылыми теориялардың əлеуметтік жəне практикалық
қажеттілігіне баға беру т.б.
Ғылым – əртүрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен
қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған
өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі:
пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне
теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым
өзін құрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның
дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.
Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен үрдістердің ішкі
болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын,
байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген,
қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.
Ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір
сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық
қызметінің ерекше формасы, адамзат мəдениетінің жоғарғы саласы.
Ғылым философиясы - философияның бір аймағы, пəндік тұрғыдан
ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы қүрылысын, қызметтері мен даму
заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым


179
əлеуметтік институт ретінде жəне қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің


негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия
мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; əртүрлі ғылымдар
мен ғылыми теориялардың философиялық мəселелері мен философиялық
негіздерін зерттеу; ғылым, мəдениет пен қоғамның өзара қарым-қатынасын
анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым
онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым методологиясы мен логикасы,
ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым əлеуметтануы, ғылыми қызметтердің
экономикалық жəне құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылыми-
техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет