Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет58/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

Мəдениет əлеміндегі адам
Мəдениет қандай түр алса да, адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші,
жасаушы  субъект  ретінде  ғана  адам  мəдениетті  қабылдайды, дəлірек  айтсақ,
тарихи  процестердің  субъектісі  болып  табылатын  адамның  қоғамдық,
материалдық  жəне  рухани  қызметінің  барлық  саласы  мəдениет  деген  жалпы
ұғым  арқылы  түсіндіріледі. Бұл  тарихты  материалистік  тұрғыдан  түсінуге  сай
келеді.
Мəдениеттегі  адам  қызметі  өзінің  объективті  мазмұнымен  анықталады.
Қандай  мəдениет  көрінісін  алсақ  та, біз  белгілі  бір  тарихи  жағдайларға
байланысты  жарық  көрген  адам  қызметінің  нəтижесін  мақтан  етеміз (тіпті,
ондай  мақтаныш  болмаса  да, еңбек  жемісін  мойындауға  мəжбүр  боламыз).
Мəдениет  көрінісін  өткінші, бүгін  бар  да, ертең  жоқ  деп  қарауға  болмайды.
Тарихи сабақтастықты ақиқат деп қараушы əрбір адам мəдениеттегі шындықты
əлеуметтік қажеттіліктен туындаған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мəдениеттің  ерекшелігі  сол – ол  тек  объективті  шындыққа  ғана  емес,
шығу  тегі  жағынан  алғанда, оның  мазмұны  субъективті. Мəдениеттің
материалдылығының  өзі, оның  шығу  көзі  адамға  байланыстылығында.
Адамның  өмір  сүру  əдісі  мен  объективті  қызмет  негізінде  ғана  мəдениет
материалдық  сипат  алады. Маркстің  сөзімен  алғанда, мəдениет  туындысы
дегеніміз – адам  тұрмысының  затқа айналған мəні. Бұдан  мəдениет  дайын  зат
ретінде, заттық  түр  ретінде  өмір  сүреді  деген  қорытынды  жасауға  болады.
Шынында  да, материалдық  мəдениет  өндіріс  құрал-жабдықтары, сəулет
өнерінің  мұралары  арқылы  білінсе, рухани  кітаптар, қолжазбалар, қылқалам
шығармалары арқылы, сондай-ақ өлең, жыр, ертегі, терме, жұмбақ, жаңылтпаш,
əңгімелерден  мəлім  болады. Заттың  мəдени  бағаға  ие болуы  үшін ең алдымен
адамдық сипат алуы керек.
Кең  мағынасында  алғанда, мəдениет  адамдардың  өндірістік  қызметінің
барлық  салаларын  қамтиды. Өйткені, еңбексіз  адам  тарихи  процеске  қатыса
алмайды. Тар  мағынасында  алғанда, мəдениет  кəсіптік  мамандығы  бар
адамдардың  немесе  кəсіптік  одақтардың  қызметі  арқылы  баянды  болады. Бұл


137
екі  тұжырым  да  сенімді. Мəселе - мəдениет  жайында  қай  уақытта, қандай
жағдайға байланысты сөз етіп отырғанында болмақ.
Адам  қызметінің  қажетті  шарты  ретінде  табиғат  пен  қоғам  адамның
мəдени  болмысының  көрінісі  болып  табылады. Өйткені, тек  табиғи  жəне
қоғамдық  ортада  ғана  адам  өзінің  күрделі  адамдық  қасиетін  білдіре  алады.
Сонымен  бірге, табиғат  қандай  бір  мəдениеттен  бұрын  болады, мəдениеттің
пайда  болып, дамуының  алғышарттары  рөлін  атқарады. Табиғат  пен
мəдениеттің  бірлігі  шартты. Олар  бір-біріне  қарсы  емес, қайта  мəдениеттің
дамуына  табиғат  əсерін  тигізсе, мəдениет  өз  кезегінде  табиғаттың  мəдени  түр
алуына жағдай туғызады.
Табиғат  пен  мəдениет  барлық  уақытта  бірдей  барабар  болмайды.
Олардың  терең  мəнді  айырмашылықтары  да  бар. Табиғат  мəдениеттен  бұрын,
адам еркіне, санасына тəуелсіз пайда болған, ал мəдениет – адамдар қызметінің
жемісі, олардың  қажеттерін  өтеуге  негізделген. Бірақ  бұл  үстіртін  сипаттама
ғана. Табиғат пен  мəдениет  арақатынасының  өз  тарихы  бар, оны  осы екеуінің
ажырамас  бірлігін  мойындамайынша  түсіну  мүмкін  емес. Шынында, табиғат
мəдениет  дамуының  алғышарты  бола  отырып, көп  жағдайда  сол  мəдениет
көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не
құлдырап, азып-тозып  кетуі  мүмкін. Табиғат  пен  мəдениеттің  арақатынасын
шешкенде  табиғатқа  деген  қамқорлық, мейірімділік  естен  шықпауы  керек. Ол
ұмтылса, мəдениет  деген  мəдениетсіздіктің, табиғатқа  озбырлықпен  қараудың
нақ өзіне айналады.
Мысалы, алды-артын  анықтамай  тың  жерлерді  игеру  көп  жағдайда
табиғатқа  зиянын  тигізгені  бүгінде  баршаға  мəлім  болып  отыр. Тек  сан
көрсеткіштерін  қуалап, пəленше  миллион  тың  жəне  тыңайған  жерлердің
қыртысын  қопардық  деген  біреудің  еліруіне  сай  ұранға  бейімдеушіліктен
көптеген  құнарлы  топырақтың  желмен  ұшып, жер  эрозиясына  душар  болып
кеткенін, мал  жайылымдарының  азайып, тіпті, көңілге  ауыр  дақ  қалдыратын
жайға  айналғанын  табиғат  пен  мəдениеттің  арақатынасын  шешудегі
озбырлықтың көрінісі деп айтудан басқа амал жоқ. Оның үстіне қызыл кітапқа
енген жануарлардың, құстардың құрып, жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара
жатқанын да айтпасқа болмайды.
Мəдениет  субъектісі  бола  отырып, адам  əрдайым  өз  белсенділігін
көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сиымды болса, мəдениет табиғаттың
көркейіп, гүлденуіне  демеуші  болады. Керісінше, ол  белсенділік  бүгінгі  бір
күндік  мақсаттан  туатын  болса, табиғатқа  нұқсан  келтіреді, экологиялық
апаттар  туғызады. Себебі, тарихи  процесте  табиғат  пен  мəдениет  ажырамас
бірлікте болып табылады.
Табиғат  пен  мəдениеттің  арақатынасы – адамның  табиғатқа  қатысы,
табиғатпен  байланысы, табиғи  ортаны  игеру  əдісі. Материалдық  игіліктерді
өндірсе  де, рухани  қызметпен  айналысса  да, адам  сол  табиғаттан  нəр  алады,
басқаша  айтқанда, оның  тарихи  дамуы  табиғатқа  байланысты. Анықтап
айтқанда, табиғат  материалдық  өндірістің  мазмұнын  анықтауда  ерекше  рөл
атқарады. Өндіріс əдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы,
кең  дала, көпшілікке  ыңғайлы  жағдай  қазақ  халқының  ғасырлар  бойғы


138
мəдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болды.
Адамның  табиғатқа  қатысы  оның  қоғамдық  тіршілік  əдісіне  негізделеді.
Осыдан  келіп  адамның  мəдени  деңгейін  анықтау  туады. Табиғаттағы  көпті
молайта түсіп, азды аялай білу адам мəдениетінің даму деңгейін көрсетеді.
Мəдениеттің  мазмұндылығы  философиямен  арақатынастан  айқын
көрінеді. Өйткені адам санасының мəдени-тарихи түрінің негізі философиялық
дүниетаным  болып  табылады. Шынында  да, мəдениеттің  тарихы, мəні,
жасалуы, дамуы іргелі философиялық мəселелердің бірі болып отыр. Мəдениет
біркелкі  емес: онда  прогресшіл, болашаққа  қызмет  ететін  жəне  регресшіл,
кертартпа, тек  өткенге  немесе  өткіншіге  қызмет  ететін  элементтер  болады.
Философия  мəдениетті  тек  сипаттап  қана  қоймайды, оны  сын  көзбен  бағалап,
топшылай  отырып, мəдениет  дамуының  методологиялық  негізін  қамтамасыз
етеді. Турасын  айтқанда, философияның  өзі  қоғамдық  сананың  түрі  ретінде
мəдениет саласына жатады.
Адам – биологиялық  жəне  əлеуметтік, мəдени  жəне  табиғи  жануар. Ол
қоршаған  ортаға  əсер  етеді, сол  ортаны  өңдеп  өзінің  əлемін  жасайды, өзінің
тұрмысын  жақсартуға  бағытталған  мəдениет  əлемін  құрады. Бірақ  адам
табиғатты меңгеремін деп өзіне қарсы қойып алуы əбден ықтимал. Сондықтан,
ХХІ  ғасырда, адам  табиғатсыз  тіршілік  ете  алмайтын  кезеңде  жаңа  ойлану,
табиғатқа зиян келтірмеу мəселесі қозғалып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет