Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Пəн - ғылымның өзгеше аймағы. Дəстүр



Pdf көрінісі
бет104/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

Пəн - ғылымның өзгеше аймағы.
Дəстүр - ұрпақтан  ұрпаққа  жалғас  алатын  əлеуметтік  пен  мəдени
мұраның  элементтері. Ғылымда  дəстүр  дегеніміз, ғылыми  танымда  жалпы
қабылданған  білімдер, нормалар  мен  идеалдар  жүйесі. Нақты  түрде  ол
ғалымдар  арасында  бір  теорияның  шынайы  түрі  бойынша  қабылдау  келісімі,
конвенциясы.
Жаңашылдық - материалдық  пен  рухани  аумақтардағы  жаңалықтар.
Ғылыми  революция - ғылыми  білімнің  динамикасында  ғылымның  негізімен
бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі рөль атқарады.
Сол  кезеңдерді  ғылыми  революция  деп  атайды. Адамзат  өзінің  дамуында  бір-
неше  ғылым  мен  техниканың  революциясынан  өтті: өнеркəсіптік,
электротехникалық, электрондық, бағдарлама жəне «жасыл» революциясы.
«Революция» деген  ұғымның  өзі  білімнің  əлемінде  сапалық  тұрғыдан
радикалдық өзгерісті, ғылымның негізінің жаңа құрылымын белгілейді. Келесі
негіздер  бойынша  ғылыми  революцияның  төрт  типін  шығарады: 1) жаңа
фундаменталды  теориялық  концепциялардың  шығуы; 2) жаңа  əдістерді
жетілдіру; 3) жаңа  зерттеу  объектілерін  ашу; 4) жаңа  методологиялық
бағдарламаларды қалыптастыру.
Ғылымның  жүйелік  сипаттауының  өзгеруі  деген, ғылыми-зерттеу
қызметінің  стратегиясы  мен  оның  калыптасу  қаруы  деген  ғылыми
революциялар  ғылым  дамуында  бифуркация  нүктелері  деп  саналады. Олар
ғылымның бірсызықты еместігін, даму үздіксіз бірлік негіздері арқылы мүмкін
еместігін, ғылымда  үздік пен үздіксіздіктің бір-бірін толтыруы  мен  дискреттік
пен  континуалдықтары  айқын. Ғылыми  революциялар  көпдеңгейлі  процесс.
Сол  себепте  ғылыми  революцияның  үш  типі  бар: 1) «мини-революциялар»,
мазмұндық  тұрғыдан  ерекше  ғылымның  блоктарына  қатысты (мысалы,


195
микрофизика  шеңберінде  кварктер  туралы  бейнелер); 2) нақты  ғылымды
меңгеретін  локалды  революциялар; 3) бүкіл  ғылымдарға  қатысты, жаңа
көзқарасқа əкелетін жаһандық ғылыми революциялар.
Ғылым тарихында келесі революциялар айқын:
1. ХVІІ ғ. классикалық табиғаттануды жаратқан ғылыми революция.
2. Табиғаттануда  сол  себеппен  негізделген  ХVІІІ  ғ. аяғында - ХІХ  ғ.
бірінші  жартысында  пайда  болған  өзгерістер - ғылымның  пəндік  құрылымы -
екінші жаһандық революция деп аталады.
3. Үшінші  жаһандық  революция  ХІХ  ғ. екінші  жартысында - ХХ  ғ.
ортасына дейін классикалық емес табиғаттанудың пайда болуымен басталады;
революциялық  өзгерістер  əр  ғылыми  салада  кездеседі: физикада (атомның
бөлінуі, релятивтистік  пен  кванттық  теорияның  қалыптасуы), космологияда
(ғарыш  туралы  стационарлы  емес  концепция), химияда (кванттық  химия),
биологияда (генетиканың  қалыптасуы), кибернетика  мен  жүйе  теориясы
ғылымның қазіргі бейнесін өзгертті.
4. Ал, қазіргі  кезде  біз  ғылымдағы  жаңалықтарды  төртінші  жаһандық
революциямен  теңдейміз, себебі, постнеоклассикалық  ғылым  қалыптасып
жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет