Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


XX ғ. ғылым философиясының дамуы



Pdf көрінісі
бет22/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

XX ғ. ғылым философиясының дамуы
(постпозитивистік пен классикалық емес кезеңдері)
ХХ  ғ. үштен  екі  жартысы - ғылым  философиясының  дамуында
эпистемологиялық  мəселелердің  өзектілігінің  белгісі. Ғасырдың  басында
ұсынылған ғылыми білімнің унификациясы оның əлеуметтік-мəдени қалыптасу
себептерімен жоққа келтірілген, верификация мен фальсификация принциптері
бір-бірімен  қайшылықта, түбінде  логикалық  ойлау  өзектілігін  жоғалтты. Осы
ғылым  философияның  үшінші  кезеңінен  тіл  туралы  танымның  бейтараптық
қаруы  деген  ұстаным  пайда  болды; сөйлемдер  мен  терминдер  экспериметтің
нəтижелеріне  барабар (бірдей) деп  қабылданды. Осы  позицияны  керемет
тұжырымдаған, ғылым  философиясының  постаналитикалық  кезеңінің  өкілі


46
Ричард Рорти: «Тілдің ерекшелігі оның тəжірибенің нəтижесін өзгерту де емес,
немесе  біздің  санамызға  жаңа  келешекті  ашуда  емес, немесе  бейсаналықты
синтездеу де емес, немесе ішкі өзгерістердің жаңа түрін шығару да емес. Тілмен
бірге біз бір-бірімен дəлелделген тұжырымдар мен пікірлермен алмасу арқылы
қоғамға кіруге рұқсат аламыз».
Ғылым  философиясының  үшінші  кезеңі  оның  рефлексивтік  талдаудың
жаңа тақырыптары мен қоса:
1) ғылымның 
мағыналық 
талдаудан 
А. Пуанкаренің 
ұсынған
конвенциализм  принципімен  бірге  ғылым  тілін  талдауға  қадам  жасалды, жəне
тілге бір ортақ өлшем - унификация - яғни символикалық логиканың күшімен,
физика тіліне негізделіп бəріне лайық тіл қалыптастыру;
2) неопозитивистермен  ұсынылған  ғылым  тілінің  анализі  ғылым
философиясының  үшінші  кезеңінде  үстемді  болды, сол  себепте  осы  кезең
аналитикалық  атау  алды. Ғылым  тілінен «ғылыми  емес  пікірлер» жойылып,
ғылым  өзі  физика  тілінің  негізінде  қатал  нормативті, унификациядан  өткен
зерттеулер жасайтын болды;
3) өзекті түрде ғылыми зерттеудің логикасы туралы мəселе қосылған соң,
Поппердің ғылыми білімнің өсуі деген концепция маңызды орын алды. Ғылым
тілінің  талдау  бағдарламасы, «лингвистикалық  бұрылыс» Вена  ұжымының
қызметінде айқын көрсетілген; бұл ұжым 1922 ж. Вена университетінде Мориц
Шликпен (1882-1936 жж.) индуктивтік  ғылымдардың  философиясы  атты
кафедраның  шеңберінде  өткізілген  ғылыми  семинардың  негізінде  құрылды.
Зерттеушілердің пікірінше, Вена ұжымы үшін қасиеттілік аргументке берілген
(ағыл. «қатал  пікір  талас»). Осында  біз  фальсификация  қағидасының  бейнесін
табамыз.
Осы  кезеңде  бақылаудың  нəтижелері  əлі  бірінші  орынды  сақтап  қалды;
таным  процесі  фактілерді  жинау  мен  аңғарудан  басталады; ол  логикалық
позитивизмнің дискурсында хаттамалық пікір (ұсыныс) деп аталған.
Вена  ұжымы  деген  атау  М. Шликпен  Г. Рейхенбах  арасындағы
А. Эйнштейннің  ықтималды  теория  туралы  дискуссияның  нəтижесінде  пайда
болды. Людвиг Витгенштейннің «Логикалық-философиялық трактатын» (1921)
талдауы да осыған үлес қосты.
М. Шликтің  позициясы. Оның  позициясы  бір  пікірде  жиналған:
жүйелердің  хаосы  мен  философиялық  көзқарастардың  анархиясы  түбінде
алғашқы  философияны «нағыз» мəселені  қоялмайтын  жағдайға  əкелді.
Философиядағы бұрылыс тек əдіс мəселесімен шешілуі мүмкін; «Бақылау мен
эмпириялық ғылымдардан басқа ақиқатты дəлелдейтін тəсілдер жоқ. Əр ғылым
танымдық  пікірлердің  жүйесі, яғни  ақиқатты  тəжірибенің  көрсеткіші. Барлық
ғылымдарды  тұтас  түрде  қарапайым  өмірдің  нəтижелерін  қоса  танымдық
жүйелер деуге болады. Осыған философиялық ақиқаттарды да қосудын қажеті
жоқ. Философия бекітілген пікірлер жүйесі емес: бұл ғылым емес».
Философияны алғашқыдағыдай «ғылымның патшасы» деп атауға болады,
бірақ  оған  ғылым  болуы  міндет  емес. Философия  пікірлерді  шығару  мен
анықтауға  негізделген  қызмет. Философия  арқылы  пікірлер  түсіндіріледі, ал
ғылым  арқылы  олар  верификацияландырылады. Ғылым  пікірлердің


47
ақиқаттылығын  тексерсе, ал  философия  олардың  мағынасын  біледі.
М. Шликтің  пікірінше, философияның  мақсаты - пікірлерді  ұсынып  жəне
тексеру емес; философия - ол мағынаны табуға багытталған іс немесе қызмет.
Философиядағы 
бұрылыс 
дегеніміз 
философияның 
индуктивтік
қасиетімен келіспеу, философия гипотетикалық ақиқаттан тұратын ұстанымды
жоққа  шығару. Философияның  мағыналық  қызметіне  ықтималдық  жəне
дəлелденбеген  анықтамалардың  қатысы  жоқ. Ол  өзінің  пікірлерін  анық  жəне
соңғы деп белгілейді.
Соған  қарамай, ғылым  мен  философия  тығыз  байланыста, философия
фундаменталды  негізгі  анықтамаларды  анықтап, пікірдің  мағынасын  да
анықтайды. Эйнштейннің 
уақыт 
пен 
кеңістік 
туралы 
шығармасы
философиялық  жетістік  деп  саналады. Ғылымдағы  əр  дəуірдегі  қадамдар
«фундаменталды  пікірлердің  мағынасын  анықтауға  негізделген, тек
философиялық  қызметке  лайық  болатындар  жетістікке  жетеді». Бұл
М. Шликтің аналитикалық философияның шеңберінде жасалған қорытындысы.
Вена  ұжымында  ақиқат  ұғымы  өзі  ерекшеленген: мағынасының
арқасында  жəне  тəжірибе  арқылы. Осы «идеалдық  тіл» жəне «қарапайым  тіл»
деген  айырмашылықтардың  көрсеткіші. Логикалық  қатал  тілдің  моделін
ұсынған  Эрнст  Мах. Ғылыми  немесе  ғылыми  түсіндірілген  фактілерді
бақылауға  жататын  феномендер  деп  айтамыз. Ғылыми  білімнің  негізінде
жалпылау  мен  сезімнің  нəтижелерінің  тығыздалуы  жатыр. Бүкіл  білімінің
массивінің  сыны  верификация  принципі  арқылы  өтеді. Нағыз  ғылыми  білім
сезім белгілеріне редукцияландыру (келтіру) қажет.
Логика  мен  математиканың  пікірлері - жəй  ойлаудың  схемалары. Вена
ұжымының өкілдері мұны қысаң эмпиризм деп атаған.
Вена  ұжымының  өкілдері: Отто  Нейрат, Курт  Гедель, Герберт  Фейгл,
Ганс Рейхенбах, Карл Густав Гемпель, Филипп Франк, Альфред Айер, Рудольф
Карнап  т.б. 1929 ж. ұжымның «Дүниенің  ғылыми  түсінігі. Вена ұжымы» атты
манифесті  шықты. 1939 ж. бастап «Бəрі  ғылымға  ортақ  халықаралық
энциклопедия». Еуропа  мемлекеттерінің  астаналарында  Вена  ұжымы  бірнеше
философиялық  конгресс  өткізіп, басқа  ұжымдармен, арнайы  философтармен
ғылыми  байланыс  жасаған. Екінші  əлемдік  соғыстың  басында  ол  өзінің
қызметін  тоқтатады; себеп - 1936 ж. нацист-студент  Мориц  Шликті
университеттің  баспалдағында  өлтіріп  кеткен. Саяси  жəне  нəсілшілдік
қудаланушылықтан  сақтану  үшін  Еуропаның  барлық  философтары  Америкаға
эмиграцияға  аттанады. Сөйтіп, олар  өзін  гуманитарий  емес  ғалымдар  деп
санаған, метафизикалық, экзистенциалдық 
жəне 
герменевтикалық
мəселелерден алшақтаған.
Австриялық  логик  Рудольф  Карнап (1891-1970 жж.) Вена  ұжымының
қызметінде дəрежелі теориялық деңгейге жеткен. Оның ғылыми білімнің даму
моделі  субъектің  сезімдік  пайымы  хаттамалық  пікірлерінің  негізінде  жатыр
деген ойдың көрінісі; «мен қазіргі жағдайда жылу сеземін» немесе «менің тамақ
ішкім келеді» т.б. сөзсіз ақиқат.
Ғылыми  зерттеудің  негізі  ретінде  хаттамалық  пікірлер  келесі  форманы
білдіреді: «F деген  осындай  жерде, осындай  кезде, осындай  объектке  бақылау


48
жасады». Таным  процесі осындай  хаттамалық  пікірлердің тізімі  жəне соларды
ғылымның теориялық аппараты арқылы өңдейді.
Вена  ұжымының  алғашқы  өкілдері  хаттамалық  пікірлер  шындыққа  сай,
барлық ғылыми пікірлердің ақиқаттылығын негіздейді деп есептеген.
Хаттамалық пікірлерге келесі қасиеттер айқын:
- олар субъектің таза сезім тəжірибесінің белгісі;
- абсолюттік түрде шынайы;
- басқа білімдерге бейтараптық қатынасы айқын;
- гносеологиялық  тұрғыдан  бірінші  болады - хаттамалық  пікірлерді
анықтағанда таным процесі басталады;
- олардың ақиқаттылығына күмəндануға болмайды.
М. Шлик  былай  тұжырымдаған: «Анық  жəне  маған  мəлім - ешкіммен
жоққа  келтірілмейді, қарапайым  өмірде  де, ғылымда  да  фактілердің
констатациясынан  басталады, жəне «хаттамалық  пікірлер» сол  фактілердің
констатациясы, сол  мағынада - білімнің  басында  тұрады». Хаттамалық
пікірлердің  бірінші  қасиеті - жариялаған  тілін  сол  түрде, танымның  бейтарап
қаруы  түрінде  қабылдау. Осы  күмəнға  келтірілсе, Вена  ұжымының
ұсынысының  құрылысы  жоққа  келтіріледі. Хаттамалық  пікірлердің  формасын
əрқайсысы əр түрлі көрген. Р. Карнап үшін олар сезімге келтірілген, О. Нейрат
протокол  жасайтын  субъекті  енгізу  қажет  деген, ал  Шлик  осындай
«констатациялар» «осында» жəне «қазір» деген сөздермен толтыру қажет дейді.
Осы  пікірілер  бойынша, ғалымның  қызметі  операционалды  жəне
графологиялық (сипаттамалы) болған. Бірінші, жаңа  хаттамалық  пікірлерді
шығару; екінші, оларды біріктіру мен жалпылау əдістерін іздеу; яғни, пирамида
құру: астында  хаттамалық  пікірлер, үстінде  олардың  жалпылау  нəтижесі.
Ғылыми  позитивистер  өздері  осыған  қарсы болған. Сонымен  қатар, таза сезім
тəжірибе  туралы  пікірлерде  күмəнға  жақын  болып  шықты. Мысалы  өз
тазалығын  жариялаған  тілден  таза  сақтай  алмайды. Əр  субъект  өзінің  сезімін
айқын деп жариялау құқығы бар, онда ғылымның интерсубъективтілігі туралы
мəселе туылады; жəне интерсубъективтік хаттамалық тіл шығару керек. 30-шы
ж. хаттамалық  пікірлер  туралы  пікірталас  өтті. Хаттамалық  пікірлердің
феноменалдық  анықтамасы «заттық» түріне  ауыстырылды. Соңғысы  сезімдік
жағын  білдіретін  хаттамалық  тілге  сұраныс  жасаған; сөйтіп, ғылымның
эмпириялық  каркасы  абсолюттік  түрде  шынайы  емес  пікірлерден
құрастырылады, бірақ  оларды  бақылау  арқылы  шығарған  соң  күмəнданудың
қажеті  жоқ. Аристотельдің, Бэконның, Эйнштейннің  хаттамалық  тілі  бір,
өзгермеген - «ағаштың жапырағы жасыл түсті» - дегендей. Сонда бүкіл ғылыми
деп  аталатын  пікірлер  хаттамалық  пікірлердің  түріне  айналуы  қажет. Сонда
олар  мағыналы. Орталық  орынды  бақылау  процедурасы  алатын  болды. Кейін,
бұл анықтама нақты болмаған соң, интерсубъективтілік мəселе де шайқалды.
Р. Карнаптың  негізгі  шығармаларында: «Значение  и  необходимость»,
«Философские  основания  физики. Введение  в  философию  науки» логикалық
семантика  мен  теориялық  терминдер  мен  предикаттарды  анықтау  техникасы
туралы  ойлар  мəлім; философияның  метафизикалық  мəселелерінің  қажеттілігі
жоқ; философия жалған пікірлерден тазарту іске ғылым тіліне логикалық түрде


49
талдау жасау қажет. Осылардың бəрі тіл мəселесінің қиындығының белгісі.
Р. Карнап  ғылым  философының  қызметінің  статусы  мен  өзгешелігін
анықтау  мəселесіне  көп  назар  аударған. «Ескі  табиғат  философиясы  ғылым
философиясымен  ауыстырылған. Бұл  жаңа  философия  фактілер  мен  заңдарды
ашу іспен, дүние туралы метафизикалық пікір айтумен айналыспайды. Осының
орнына  ол  ғылымның  өзіне  назар  аударып, анықтамалары  мен  əдістерін,
нəтижелер  мен  логикалық  типтерін, пікір  формаларын  анықтайды. Ғылым
философы «ойлау  табиғатын» емес  психологияның  методологиялық  жəне
логикалық  негіздерін  зерттейді. Ол «мəдениеттің  табиғатын» емес
антропологияның философиялық негіздерін зерттейді».
Р. Карнаптың пікірінше, ғалым мен ғылым философының қызметін айыру
қажет, себебі  практикада  олар  кездеседі. Методологиялық  білімсіз  ғалым
жұмысын  істемейді; ал  ғылым  философы  ғылымды  толық  меңгермесе, оның
анықтамалары мен əдістері туралы сұрақтарды коймайды.
Ғылым философиясының негізгі мақсаты - себептілік деген анықтаманы,
оның мағынасын түсіндіру. Себептілік - ол зат емес, процесс.
Р. Карнаптың  жұмыс  тəртібі  классикалық  емес  ойлау  парадигманың
категориялық  аппаратына  сай. Біз  статикалық  процестерді  енгізуіміз  қажет.
Статикалық  процестер  өзгеретін  жəне  өзгермейтін  физикалық  жүйелердің
бірізгілік жағдайлары.
Неміс-американдық  философ, логик  Ганс  Рейхенбах (1891—1953 жж.),
ғылым  философиясына  ерекше  ұғымдарды  ұсынды: «жаңалық  ашу  контексті»
жəне «дəлелдеу контексті», оларды ажырата білді; объективтік ақиқат ұғымына
назар  аударған; табиғаттану  мəселелеріне (кванттық  механика, ықтималдық
теория) сай  табиғат  философиясын  құрастыру; оның  шығармалары «Уақыт
бағыты», «Кеңістік 
пен 
уақыт 
философиясы» «координативтік
дефинициялардың» (абстракциялық  математикалық  кеңістіктің  семантикасын
құру) өзгеше методологиясы бойынша ойларды ұсынады.
Отто  Нейрат (1882-1945 жж.), австриялық  философ, экономист, Вена
ұжымының  белсенді  өкілі. Голландия  мен  Англияда  эмиграцияда  болған,
Оксфорд  университетінде  сабақ  берген. Отто  Нейрат  екі  мəселе  бойынша
радикалдық  позицияларды  ұстанған: хаттамалық  пікірлер  жəне  ғылым  бірлігі.
Хаттамалық  пікірлірдің  басқа  пікірлерге  қарағанда  ешқандай  өзгешелігі  жок;
ақиқаттың  мөлшері - ғылымның  дəлелінің  қайшысыздығы; осындай  пікірлер
басқа  ғалымдармен  бірге, пікірталаста  хаттамалыққа  ұсынылады; келісім
ғалымның  өзінің  тұлғалық  жеке  шешімі; осылай  Нейрат  конвенциализм  мен
логикалық позитивизмді біріктірген.
Нейраттың  пікірінше, философияның  басты  мақсаты - білімнің  бірлігін
құрастыру. Бұл  жерде  тағы  радикалдық  физикализм (физика  мен
математиканың  тілдерінің  арқасында  əмбебап  тіл  мүмкін, ол  ғылымды
біріктіретін  тіл) үстемді. Тіл  арқылы  ғылыми  білімнің  келесі  мəселелері
шешіледі: ғылымдардың  арасында  логикалық  байланыс  жасау; ортақ
методологияны 
құрастыру; ғылым 
классификациясын 
құру; негізгі
анықтамаларды  талдау. Ол  унифицияландырылған  тілді  құру  идеясын
дамытты; физика  мен  математика  тілін  негізгі  деп  санаған; Вена  ұжымының


50
құлдырауымен экономикалық мəселермен айналысты.
Вена ұжымының қызметі ғылыми қоғамдардың əйгілі мысалы, жеткілікті
үлгісі болып табылады. Сонымен қатар, бұл өзгеше ағым болып, аналитикалық
философияны қалыптастырды.
Вена  ұжымының  қызметін  ғылыми  нəтижелердің  салмақтығы  бойынша
неміс-американдық  философ  Карл  Густав  Гемпель (1905-1997 жж.)
жалғастырды. Аналитикалық  философияның  өкілі, логикалық  позитивизмнің
күрделі  сұрақтарын  шешуге  тырысты; физика  мен  математика  салаларында
толық  білім  алды; Шлик, Рейхенбах, Карнаптың  жалғастырушысы; Венада
М. Шликтен  дəріс  алған; 1934 ж. Берлинде  философия  докторының  атағын
алып; эмиграцияда  Чикаго, Нью-Йорк, Йель  университеттерінде  қызмет
жасайды; 1955-1973 жж. Пристон  университетінде, пенсияға  шыққанда
Питсбург, Колумбия, Гарвард университетінде сабақ берді.
Гемпель  ғылым  философиясы  мен  методологиясына  үлес  қосты. Оның
«Мағынаның  мөлшері» (1950) шығармасында  мағына  мен  мағынасыздықтың
арасында  түсіну  деңгейі  жатыр. Сонда  алғашқы  бірлік  ретінде  пікір  жүйесін
ұсыну  қажет. Дəлел «теориялық  термин» мен «бақылау  термин» арасындағы
қатынас өзекті; «интегративтік жүйе» деген ұғымды ұсынды.
Гемпельдің «Диллема  теоретика» атты  шығармасы  редукционизмді
қабылдағанда  ғылым  бақылаудың  нəтижелеріне  айналады; ал  интуицияны
енгізсек, тағы  да  теориялық  терминдер  түсіп  қалады. Сөйтіп, қайшылық
түбінде, теориялық  терминдер  бақылау  терминдерімен  шектелмес, жəне
керісінше; терминдердің  комбинациясы  да  теориялық  терминдерді  жоя
алмайды.
Осы  ережелер  жалпы  ғылым  философиясының  теориялық  бағыты  үшін
маңызды болған. «Дилемма теоретика» келесі түрде болу керек:
1. Теориялық терминдер қызметін атқарады немесе атқармайды;
2. Оны атқармаса, оларды қажет етпейді;
3. Өзінің  қызметтерін  атқарса, бақылау  құбылыстар  арасында  байланыс
жасайды;
4. Бірақ олар теориялық терминсіз де жасалуы мүмкін;
5. Эмпириялық  терминдер  байланысты  теориялық  терминдерсіз  жасаса,
олар керек жоқ;
6. Сонда  теориялық  терминдер  функциясын  атқарса  да, атқармаса  да,
керегі жоқ.
Гемпельдің  пікірінше, əр  түрлі  салалардағы  жағдайларды  түсіндіретін,
біріктіретін заңдар қажет; түсіндіру моделі бойынша ол «дедуктивті модельді»
немесе «біріктіретін  заңдардың  моделін» шығарды; нақты  сипаттау  арқылы
бəрін  түсіндіретін  жалпы заңдарға  жетеміз; «эпистемологиялық  пайда» шешім
қабылдауында  пайда  болады (гипотезаны  ұсыну, анықсыз  жағдайда  шешім
қабылдау); адамның  іс-əрекетін  тарихи  тұрғыда  түсіндіру  мəселесінде
қолданған («Дедуктивно-номологическое  в  противовес  статистическому
объяснению» (1962); «Мотивы  и «охватывающие» законы  в  историческом
объяснении» деген  шығармасында  заңдар  мен  түсіндіру  табиғаттану
ғылымдары  мен  тарих  ғылымындағы  айырмашылықтары; ортақ  тіл  мен  ортақ


51
ғылым  идеясына  қарсы, дедуктивтік-номологиялық  түсіндіру  теориясын
шығарды; бір құбылысты біз түсіндірдік деп қабылдаймыз, егер оның пікірлері
логикалық түрде алғашқы шарттар мен заңдардан шықса.
«Тарихтың  жалпы  заңдарының  қызметтері» («Функция  общих  законов
истории») деген  шығармасында  Гемпель  жалпы  заңдардың  маңыздылығына,
табиғаттану  мен  тарихта  керектігін, əр  түрлі  процедуралардың  негізін
құрастырады деп тұжырымдайды.
Түсіндіру процедурасын метафора, түсіндірудің бастаушы үлгісі, қанағат
түсіндіруге  бөледі. Сонымен  қатар, қосымша  процедурасы, реконструкция
процедурасы, бір  немесе  бірнеше  фактілердің  топтарын  ажырату (бөлу)
процедурасы (қателікке əкелуі мүмкін) деген түрлері бар.
Гемпельдің  негізгі  тезисі: тарихта  басқа  эмпириялық  зерттеулерде
сияқты, ғылыми  түсінік  жалпы  болжау  немесе  теориялар (жүйеленген
гипотезалар) арқылы ашылады; жəне ол оның эмпатиялық (эвристикалық əдіс,
психологиялық  гипотезаны  ұсынады) ойлау  əдісімен  қайшылықта  екенін
түсінеді. Гемпель «жалпы заң» мен «универсалды түрдің гипотезасы» арасында
теңдік қояды; əр  оқиғада  П (себеп) түріндегі  жағдай  бір  нақты  орында, нақты
уақытта  болады; С (салдар) жағдай  сол  жерде, сол  уақытта  болады, алғашқы
орынмен уақытпен байланысты.
Гемпель  түсіндіру  процедурасының  анализін  ұсынды. Табиғаттану
ғылымдардың  қызметі  жағдайларды  құрылысқа  келтіру - түсіндіру  немесе
болжау. Түсіндіру дегеніміз себебін, детерминациялаған факторларды көрсету.
Сол  уақытты, сол  кеңістікте  индивидуалды  объектің бүкіл қасиеттеріне  толық
сипаттау  жасау. Бұл  мақсатқа  ешкім  жетпейді, индивидуалды  жағдайды
универсалды гипотезалар немесе заңдар арқылы түсіндіру мүмкін емес.
Тарих, физика мен химия сияқты «бірегей дербестікті ұстап алу» мүмкін;
«нағыз түсіндіруді» «өтірік түсіндіруден» (энтелехия, тарихи миссия, жазылған
тағдыр, метафораға  сүйенеді, бейнелік, эмоционалдық  сезімге  негізделген,
интуицияны дедукцияның орнына ұсынады) ажырату қажет.
Ғылыми түсіндіру келесі элементтерден тұрады:
а) пікірлерді эмпириялық тұрғыдан тексеру, нақты шарттарын анықтау;
b) түсіндіру негізделген əмбебап болжауларды тексеру;
c) түсіндіру логикалық тұрғыдан қайшысыздығын зерттеу.
Тарихтағы  түсіндіру  екіге  бөлінеді: себепті  пен  мүмкінді. Тарихта
көбінесе  екіншісі  үстемді: тарихта  да  түсіндіру  дегеніміз  құбылысты  жалпы
заңға  келтіру. Түсіну  əдістіде  қолдамады; интерпретацияны  да  мағынаға
айналдыру  деді; Эмпириялық  ғылымдардың  тұтастығын  келтірген: «таза
түсіндіру» мен «гипотетикалық  жалпылау  жəне  теория  құрастыру» арасында
айырмашалық  жоқ; ғылыми  зерттеу  салаларының  арасында  анық  айыру
сызықтар мүмкін емес.
«Түсіндіру  логикасы» атты  шығармасында  Гемпель  келесі  күрделі
мəселені  қояды - əлемдегі  құбылыстарды  түсіндіру  дегеніміз - «неге?» деген
сұраққа  жауап  беру «не?» дегенге  қарағанда. Бұл  рационалдық  зерттеудің
негізгі  мəселесі  болып  табылады. Ғылым  əрқашанда  сипаттаудан  түсіндіруге
шыққысы  келді. Түсіндіру  туралы  мəселе  О. Контпен  ұсынылған  түсіндіру


52
жəне болжау тезисіне жауап.
Түсіндірудің негізгі қасиеттері мен қызметтері:
- түсіндіру жалпы заңдарға негізделген; бір заңдылықты басқа жалпылау
заңдылық арқылы түсіндіруге болады;
- түсіндіру  екі  бөлікті  құрылыстан  тұрады: экспланандум - құбылыстың
сипаттамасы, эксплананс - сол құбылысты  түсіндіру  үшін ұсынылған  пікірлер
тобы; эксплананс  келесі  кезеңде  тағы  екі  топ  астыларына  бөлінеді: біреу -
шарттарды  түсіндіреді, келесісі - жалпы  заңдарды; экспланандум  логикалық
тұрғыдан  эксплананстан  шығу  керек, осы  эксплананстың  адекваттылығының
логикалық  шарты; эксплананс  эмпириялық  материалмен  дəлелденіп, ақиқатты
болу  қажет, бұл  барабарлықтың  эмпириялық  шарты; түсіндірудің  толық  емес
түрі  эксплананстың  жартысын  жəй  қабылдайды; себептілік  заңдар
статистикалық заңдардан ерекше, себебі, екінші болашақта нақты оқиғалардың
пайызын сол шартқа сəйкес нақты құбылыстарда айқын дейді.
Гемпель  табиғи  жəне  қоғамдық  заңдардағы  себептілік  принциптің
жұмысы  ұқсас  жəне  оларға  ортақ  дейді, «телеологиялық» түсіндіру  биология
т.б. ғылымдарда  маңызды. Олардың  эвристикалық  негіздері; антропоморфтік
қасиеті (біз  сеземіз  сол  түсінікті) туралы  Гемпель  ойларын  айтқан; Гемпель
эмердженттік  анықтамаға  да  назар  аударады, ол  психологиялық  тұрғыдан
құбылыстардың «жаңа», андаусыз, ал  теориялық  тұрғыдан  түсінікке
сыимайтын, күдікті  қасиеттерінің  пайда  болуы. Бірақ  Гемпель  бұл  мəселенің
шешімінде  қателеседі, себебі, эмердженттік  принципиалдық  тұрғыдан
күдіктілігі  мен  шеңберге  симайтындығы  болмыста  бар, əмбебаптың
жойылмайтын атрибуты, вариативті, іс-əрекеттерін де түсіндіру қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет