Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Томас Кунның ғылыми революция теориясы



Pdf көрінісі
бет29/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

Томас Кунның ғылыми революция теориясы.
Ғылыми  білімнің  дамуы  мен  оның  психологиялық  пен  əлеуметтік
реконструкциясы  туралы  Томас  Кун  өзінің «Ғылыми  революцияның
құрылымы» атты  шығармасында  жариялаған. Бұл  шығармада  жеке  ғалымның
жəне  ғылыми  ұжымдардың  қызметінің  психологиялық  пен  əлеуметтік
факторлары қарастырылған.
Кунның пікірінше, ғылымның дамуы - ол екі кезеңнің бір-бірін ауыстыру
процесі - «қалыпты  ғылым» жəне «ғылыми  революция». Екіншісі  ғылымның
тарихында  біріншіге  қарағанды  аз  кездеседі. Кунның  тұжырымдамасының
əлеуметтік-психологиялық  аспекті - ол  ғылыми  ұжымның  өкілдерімен  нақты
бір  парадигманы  ұстану, яғни, бұл  оның  ғылымның  əлеуметтік  құрылымында
алатын  орны, ғалым  ретінде  қалыптасуындағы  ұстанатын  принциптері, мейірі
мен  эстетикалық  себептері  мен  мəнері. Осы  факторлар  ғылыми  ұжымның
негізін құрастырады.
Кунның  тұжырымдамасында  парадигма  деген  сол  ғылыми  ұжыммен
қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары.
Парадигмаға  келесі  екі  қасиеттер  тəрізді: 1. ол  ғылыми  ұжымның  қызметінің
негізі  болып  қабылданады, 2. ол  өзгеріс  сұрақтарды, яғни  зерттеушілерге  жол
ашады. Парадигма - ол  əр  ғылымның  бастамасы, мақсатқа  сай  фактілерді
іріктеуге  жəне  оларды  сараптауға  бағытталған. Парадигма  əлде «пəндік
матрица» келесі маңызды компоненттерден тұрады: 1. «мағыналық жалпылау»
- ол  ғылыми  топтың  мүшелерімен  логикалық  түрде  күмəнсіз  жəне  қайшысыз
қолданатын  пікірлер; 2. «парадигманың  метафизикалық  бөлшектері», мысалы,
«жылу дегеніміз затты құрастыратын бөлшектердің кинетикалық энергиясы»; 3.
құндылықтар, мысалы, болжауға  қатысты, сандық  болжаулар  сапалықтан


69
үстемді болу қажет; 4. жалпы бəрімен қабылданған үлгілер.
Осы  компоненттердің  барлығы  ғылыми  ұжымның  барлық  өкілдерімен
білім  алу  кезеңінде  қабылдану  керек, олардың  рөлі  кейін «қалыпты  ғылым»
кезеңінде  қызметінде  үстемді  жəне  негізгіге  айналады. «Қалыпты  ғылым»
кезеңінде  Кун  фактілерді  үш  түрге  бөледі: 1. Заттың  мəнін  ашуға  арналған
фактілер; зерттеу  бұл  кезде  фактілерді  анықтау  мен  кең  жағдайларда
белгілеуден тұрады; 2. Үстемсіз, қызықты емес фактілер, бірақ парадигмалдық
теорияны шығарғанда салыстыруға қажетті; 3. Парадигмалды теорияны шығару
үшін керекті эмпириялық жұмыс.
Бірақ  осымен  ғылыми  қызмет  шектелмейді. «Нормалы  ғылымның» сол
қабылданған  парадигманың  шеңберінде  дамуы  парадигманың  өзінің  күшімен
байланысты, яғни, ол  пайда  болып  жатқан  ғылыми  мəселелерді  шешкенге
дейін. «Қалыпты  ғылымның» бір  кезеңінде  парадигманың  болжауымен
бақылаудың  нəтижелерінің  арасында  қайшы  туады, ауытқулар  шығады. Сол
ауытқулардың  саны  көбейгенде  ғылымның  қалыпты  ағымы  тоқтап, дағдарыс
туылады, осы  жағдайды  тек  жаңа  парадигмаға  əкелетін  жаңа  ғылыми
теориямен шешуге болады.
Кунның  пікірінше, жаңа  парадигманың  рөліне  теорияны  таңдау
логикалық  мəселеге  жатпайды: «Шеңберге кіргісі  келмеген адамды логикамен
немесе  ықтималды  теориямен  көндіруге  мүмкін  емес. Парадигма  туралы
пікірталаста  екі  жаққа  лайықты  ортақ  логикалық  шарттар  мен  құңдылықтар
сонша  жалпы  емес. Саяси  революциялардағыдай, парадигманы  таңдау
жағдайда сол қоғамның келісімінен жоғары ештеңе тұрмайды». «Ғылыми ұжым
парадигманың  рөлін  атқаруға  тек  ғылымның «қалыпты» дамуын  негіздейтін
теорияға береді. Ғалым үшін негізгі теорияны өзгерту, яғни, жаңа əлемге қадам
жасау  сияқты, ол  жерде  басқа  объектілер, ұғымдық  жүйелер, жаңа  мəселелер
мен  мақсаттар: «парадигмалар  нормалы  ғылымның  шеңберінде  тіпті
өзгермейді. Оның  орнына  қалыпты  ғылым  ауытқуды  түсініп, дағдарысқа
ұшырайды. Ал  соңғысы, ойлау  немесе  анықтаумен  шешілмейді, Гештальтті
қосумен  сияқты  күтпеген  жəне  құрылымсыз  жағдай  арқылы  шешілу  мүмкін.
Сол  жағдайдан  кейін  ғалымдардың  көбісі «көзге  жамылған  еттен
айырылғандай» немесе «нұрланған» жағдайға  ұшырап  басты  қатырған
шешімдердің  компоненттерін  қолданады, оны  жаңа  қырда  көріп, тұңғыш
шешімге ұмтылады». Сөйтіп, ғылыми революция парадигманың ауысу ретінде
рационалды-логикалық  талдауға  бағынбайды, себебі, мəселенің  мəні  ғылыми
ұжымның  өзіндік  сезімінде: ұжым  басты  қатырған  шешімдерді  шешуге
арналған құралдары бар екендігі ма, олай болмаса - ұжым оларды құрастырады.
Кунның  ойынша, жаңа  парадигма  өзіне  ескіні  нақты  оқиға  түрінде
кіргізеді  деген  пікір  жалған. Кун  парадигмалардың  өлшемсіздігі  туралы  тезис
ұсынды. Парадигманы  өзгерткенде  ғалымның  бүкіл  əлемі  өзгереді, сөйтіп,
ғылыми  бақылаудың  объективтік  тілі  жоқ. Ғалымның  қабылдауы
парадигманың əсеріне бағынады.
Т. Кунның  ең  үлкен  жетістігі - ол  ғылымның  табиғаты  мен  прогресін
ашуға  жаңа  жол  тапты. К. Поппердің  ғылымның  дамуын  тек  логикалық
ережелер  арқылы  шешуге  болады  деген  пікірге  қарағанда, Кун  өзгеше  осы


70
мəселеге  адамдық  факторды  оның  шешіміне  жаңа, əлеуметтік  жəне
психологиялық себептерді енгізді.
Т. Кунның  кітабы, «Қалыпты  ғылым» атты  ұғым  жəне  оның
анықтамалары» көп пікірталастар тудырды.
«Нормалы  ғылым» атты  ұғымның  түсінігіне  сынау  үш  бағыттан тұрады.
Бірінші, ғылыми  қызметте «нормалы  ғылым» атты  құбылысты  мүлдем  жоққа
шығару. Осы  пікірді  ұстанған  Дж. Уоткинс. Оның  айтуынша, ғылым
ешқашанда  өз  орнынан  жылжымас  еді, ғалымдардың  қызметінің  негізгі
формасы «қалыпты ғылым» болса. Оның пікірінше, осындай «қалыпты ғылым»
деген  қызықсыз  жəне  батырсыз  қызмет  жоқ, Кунның «қалыпты  ғылымынан»
революция шықпайды.
«Қалыпты  ғылымның» сынында  екінші  бағытты  ұстанған  Карл  Поппер.
Ол  Уоткинске  қарағанда, ғылымда «қалыпты  зерттеу» кезеңді  жоққа
шығармайды, бірақ Кун сияқты «қалыпты  ғылыммен» ғылыми  революцияның
арасында  ешқандай  айырмашылық  қөрмейді. Оның  пікірінше, Кунның
«қалыпты  ғылымы» қалыпты  емес  жəне  ғылымның  өзі  үшін  қауіпті. Кунның
«қалыпты» ғалымы  Поппердің  аянышын  тудырады: «оны  нашар  оқытқан, ол
сыншыл  ойлауға  үйренбеген, одан  догматты  жасаған». Поппердің  пікірінше,
ғалым бір теорияның шеңберінде қызмет етсе де, ол оның шеңберінен шығады.
Бірақ ол басқа шеңберде болған соң, жақсы жəне кең.
Кунның  қалыпты  ғылымының  сынауында  үшінші  бағыт  бойынша
қалыпты  зерттеу  бар, бірақ  ол  ғылым  үшін  негізгі  емес, Поппер  айтқандай
қаупты  емес. Қалыпты  ғылымға  сонша  мəн  бермеу  керек, ол  жағымды  да,
жағымсыз да емес. Стивен Тулмин айтқандай, ғылымда ғылыми революциялар
жиі  кездеседі, ғылым  тек  білім  жинақтау  бағытпен  дамымайды. Ғылыми
революциялар «қалыпты» ғылымның  тоқтаусыз  дамуында  драмалық  үзіліс
емес. Оған  қарай  ол  ғылыми  дамудың  өлшеу  бірлігі  болады. Тулмин  үшін
Кунға  қарағанда, революция  революциядан  кем, ал  нормалы  ғылым -
кумулятивтілігімен кем.
Жəне  Кунның  ғылыми  революция  түсінігіде  сонша  сыннан  өтті. Бұл
жағдайда  сынау  тек  иррационализмге  қатысты. Осы  жағдайда  Кунның
оппоненті  Имре  Лакатос. Ол  тұжырымдайды, Кун  білімнің  рационалды
реконструкциясын  мүлдем  жоққа  келтіреді, Кунның  пікірінше, жаңалық
ашудың  логикасы  емес, психологиясы  бар, сөйтіп  ол  бір  рационалды
авторитетті иррационалды бейнемен ауыстырды.
Сөйтіп, Кунның  тұжырымдамасы  үлкен  пікірталастан  өтіп, оның
оппоненттері  ғылыми  дамудың  өз  модельдерін  ұсынған: Имре  Лакатостың
тұжырымдамасы мен Стивен Тулминнің пікірі келесі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет