Ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал-мәтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;
шығарма авторларын, олардың көзқарасын;
авторы арқылы шығармаларын атауды;
көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;
көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;
өлең жолдары мен шумағын;
шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.
Мысалдағы аллегорияны;
көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;
мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;
мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.
Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
ата-аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;
жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4-5 өлең, 3-4 үзінді, 4-5 жұмбақ, 5-6 мақал-мәтелді жатқа білуді;
мәтінге жоспар құруды;
мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды;
3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тынысбелгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгереді.
4-сыныпты бітірген оқушы:
Халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;
жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми -танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;
көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;
өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;
мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;
мәтінге жоспар құруды;
шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын, оқиға желісін, басты кейіпкерлерін анықтауды;
шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
мәтінді талқылау кезінде автор көзқарасын, сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.
Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;
көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;
мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;
кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді;
мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);
4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды меңгереді.