г) Мәтін бойынша қорытынды әңгіме ұйымдастыру. Мұндай әңгіме баланың оқу барысында алған әсерлері мен байқағандарын жинақтайды. Бұл жұмыстың мақсаты: автордың не айтайын деген ойын тереңірек ұғындыру, оқығандарына өз көзқарастарын, пікірлерін білдіруге көмектесу.
Қорытынды әңгіме оқылған шығарманың сипатына қарай 2 түрлі жолмен ұйымдастырылуы мүмкін: Балаларға белгілі бір шеңберде білім беретін ғылыми мақалаларды, очерктерді оқығаннан кейін қайталау ретіндегі қорытныд әңгіме. Онда оқушыларға бағыт беріліп, олардың алған білімдерінің дұрыстығы, дәлдәгә байқалады, білімдері бекітіледі.
Көркем әдеби шығармаларды оқығаннан кейінгі қорытыныды әңгіме эвристикалық сипатта құрылады, яғни шығарманың мазмұнын айту емес, оны бағалау, өзінің сын-пікірін айту және ондағы басты ойды анықтау.
Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретеді, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытады.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Шығарма оқылмас бұрын қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты не?
2. Шығарманы оқуға дайындық кезінде оның мазмұнын айтуға бола ма?
3. Қорытынды әңгімені ұйымдастырудың жолдарын айтыңдар.
II тарау. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Тақырып1. Бастауыш сыныптарда көркем шығармалармен жұмыс әдістемесі Жоспар: 1. Бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың ерекшеліктері.
2. Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту.
3. Бастауыш сыныптарда өлеңдерді оқыту. Өлеңдердің тәрбиелік мәні.
4. Бастауыш сыныптардаертегілерді оқыту. Ертегі әлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру.
5. Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту.
6. Батырлар жырын оқыту әдістемесі.
7.Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқыту.
8. Бастауыш сыныптарда мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды оқыту.
Мақсаты:Бастауыш сыныптарда оқытылатын көркем шығармалардың ерекшеліктерімен таныстыру, әдеби білім мен әдістемелік дағдыларын дамыту.