4-нұсқа Құмырсқа Бір құмырсқа өз илеуін тастап, өзге жәндіктерден дос іздепті. Ақыры ара және қоңызбен достасыпты. Бір күн ол жол үстінде дән тауып алыпты. Бірақ жалғыз өзі оны қозғалта алмапты. Жаңа достарына барып, көмек сұрайды. Ара: «Уақытым жоқ, бал жинап жүрмін», - дейді. Құмырсқа қоңызға келеді. - Өзің көтере алмайтын дәнді қайтесің, таста да, жүре бер, - дейді қоңыз оған. Осы кезде жолда құмырсқалар кездеседі. - Неге мұңаясың? – дейді олар. Құмырсқа не болғанын айтады. - Жалғыз жүрген жақсы емес. Өз үйіңді енді тастап кетпе, - деп, құмырсқалар үлкен дәнді илеуге жеткізіп берді. Сөйтіп, құмырсқа бұрынғы достарына қайта қосылыпты. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас», - деген осы.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген мақалдың мағынасын ашып жазыңыз. Ойыңызды 5-6 сөйлеммен түйіндеңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақалдың мағынасын таратып жазыңыз. Өз ойыңызды 4-5 сөйлеммен жеткізіңіз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
СОӨЖ-ның ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Әдебиеттік оқу әдістемесіне байланысты мақалалар топтамасын жинаңыз.
2. Әдебиеттік оқу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптарды атаңыз.
3. Әдебиет пәні бойынша бастауыш мектепте берілетін білімнің мазмұнын анықтаңыз.
4. Баланың әдеби шығармаларды қабылдау ерекшеліктерін талдаңыз.
5. Көркем шығарманы оқытуда мұғалім тіліне қойылатын талаптарды атаңыз. Негізгі тон мен интонация арасындағы байланысты ашыңыз.
6. Оқу сабақтарындағы сөздік жұмысының негізгі принциптері қандай?
7. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?
8. Оқуда қандай талаптар орындалады?
9. Дұрыс оқу деген не, қалай іске асырылады?
10. Түсініп оқудың маңызын, іске асыру жолдарын айт.
11. Оқушылар мәнерлеп оқуға қалай дағдаланады?
12. Оқу сабақтарында қандай көрнекі құралдар пайдаланылады?
13. Оқу кітаптарынан бір мақаланы таңдап алып, оны түсіндіру үшін қандай құралдарды, қалайша пайдалануға болатынын айтыңдар?
14. Көркем шығармаларды оқытуға қойылатын талаптарды атаңыз.
15. Шығарма оқылмас бұрын жүргізілетін дайындық жұмыстары.
16. Шығарманы оқуға дайындық кезінде оның мазмұнын айтуға бола ма?
17. Оқулықтардан бір тақырыпты алып, оған қандай дайындық жұмысын жүргізуге болатынын белгілеңдер. Әңгімелесу сұрақтарын жасаңдар, көрнекі құрал қарастырыңдар.
18.Қазақ халқының төрт түлік мал туралы өлендердің тәрбиелік мәні.
19.Балалардың тілін дамытудағы санамақ, өтірік өлең, жаңылтпаштың орны.
20.Баланы халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің түрлері және оның тәрбиелік маңызы.
21. Жұмбақтың тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері.
22.Қазақ ертегілерінің танымдық, тәрбиелік мәні.
23.Ертегілердің түрлері және олардың ерекшеліктері.
24.Орыс ертегілерін оқып, әңгімелеп беріңіз.
25. Өз қалауларың бойынша ертегі, әңгіме, мысал өлеңдерді т.с.с. оқытудың әрқайсысына біреуден үш сабаққа конспект жазыңдар.