Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Ертегі әлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру



бет61/123
Дата06.01.2022
өлшемі361,51 Kb.
#16256
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123
Ертегі әлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру.

Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.

К.Д. Ушинский: «… шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма», - деп жазған.

Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда», «Баяғы өткен заманда», «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.

Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде  табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген.

Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады.  Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөйде аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. «Алтын сақа» ертегісіндегі кейіпкерлер жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай.Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол бір тісін жұлып түсіреді тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі.

Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер – мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.

Мыстан кемпір. Ол – айлакер әйел, қулықпен күн кешкен. Алдап-арбаудың небір түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырында батырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретіні белгілі.Мыстан бейнесінің жырларда берілуі жөнінде зерттеуші Ш.Ыбыраев мынадай пікір айтады: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне – мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі». Яғни, мұндай сырт кейпі ұсқынсыз бейне жыр сюжетін ерекше қызықты, шытырманды ете түседі.

Албасты – мифологиялық көне кейіпкер. Бұл ретте ғалым С.Қасқабасов мынадай ой айтады: «көне мифологиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы өрі күллі өлемнің иесі болып көрсетіледі. Мұндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда қалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді».

Пері – көбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қыз түрінде көрінеді. Перінің мұсылман және кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбіне адам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда әйел бейнесінде беріледі де – адамға тән. Міне, бұл кейіпкерлер адамның көне ойлаудағы танымынан хабар бере отырып, халықтың байырғы ұғымдардың менін ашады.

Солармен қатар адамдарға дос, қиын-қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер, жансыз заттар да көп кездеседі.

Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділдікті аңсау арманынан туған. Әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Әділеттіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар – қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсатты биік, сондықтан да ертегілер көбіне жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады.

Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған Тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады.

Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. «Түлкі мен ешкі» ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі «ешкі мүйізіне шығып» зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар»,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі – қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.

Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. «Айлалы тазша» әңгімесінде тазша бала айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.

Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л.Исаков, О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаев, М.Көпеевтер болса, кейін Э.Дидаев, Н.Пантусов, А.Мелков, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады.

Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.

Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген Максим Горький «Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды»,- дейді. Бірақ, М.Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде екенін сезе алады. Адам ғана құдіретті күштің иесі. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін, соның ішінде, өмір мұратын, оған жетудің жолдарын көрсететін жақтарын алып қарастырайық.

Ертегінің құрылымын, негізгі мазмұнының бағытын қарайтын болсақ, оның басты мақсатының өзі өмір мұратына жетудің жолдарын, ол үшін қажет адамдық сапаларды көрсету екені айқын көруге болады. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа ақылдылық.

Ақылдылық ертегілерде адамдық қасиетте ең жоғары идеялық дәрежеге дейін көрінеді. «Аяз би» ертегісінде ақылдылық басты көрінісі – тапқырлық болып келеді. Ертегідегі Жаман өзінің тапқырлығының арқасында хан қызына үйленеді, хан болады. Ханның қызы Жаманға жеңгесінен гауһар тас, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. Жаман балға мен төсті алған соң, қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөліп, тәрелкені уатып, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарып қызға беріп жібереді. Мұндағы хан қызының сыры: «Қайрақтай болып үгітілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі мына гауһар тастай қақа жарып мені алады»,- дегені еді, сол сыры «пышақтай болып басым кесілгенше айтпасын!»- деп пышақты сындырып, «қайрақтай үгілгенше»- деп қайрақты уатып, «тәрелкедей уатылғанша»- деп тәрелкені қиратып, сыр шашпаймын, гауһар тастай қақ жарып сені аламын,-деп гауһар тасты қақ бөліп, «уәде беріп едім» деп Жаман жауап береді.

Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады.

Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.

Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі.

«Ер Төстік» ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, Ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

«Ер Төстікте» кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. «Ер Төстік» әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған. Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кемпірдің ашығуы – бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — «Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі». Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.

Жылан патшасы бапы Ер Төстікпен достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шеленсе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: шаужұқпас, Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді. Жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптың сипат берсе, екінші жағынан, темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. «Ер Төстік» ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, «барша мұратына жетеді». Бұл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім.

Сонымен қатар, «Тазшаның қырық ауыз өтірігі» ертегісінде ханның: «Қызымды мүдірместен қырық ауыз өтірік айтқан өтірікшіге беремін»,-деген хабарын естіп, талай байдың ханның қызынан дәмелі көптеген мырзалар келеді, бірде-бір қойылған шартты орындай алмайды, мұны тек тазша бала орындайды. Ол өзінің әңгімесін «мен анамның құрсағында жатқанда, тумаған атамның жылқысын бақтым» деп бастайды да, адамға таныс жанды жансыз табиғат дүниесінің барлығын қосады. Барлық әңгімесінде бір ауыз шындық қоспай, бір оқиғадан екіншісін тудыра отырып, барлық өтірік әңгімелерін тапқырлықпен айтып береді. «Бұл әңгімелерде әдейі даярлап келген екен, мен оны мүдіртейін»,- деп оқыс сұрақтар қояды. Ханның бәйтерегі қысқа шығар деген сұрағына «болса болар, түбінен ұшқан күйкентай басына кешке жетіп, қонушы еді»,-дейді, «Құдығың тайыз шығар» дейді, дегенде «болса болар, ертемен тастаған тас түбіне кешке жетуші еді» деп жауап қайырады. Тазшаның «тазша» деген аты болмаса, оның халық арасынан шыққан алғыр, ақылды, тапқыр бала екендігін көруімізге болады. Ол өзінің ақыл-өнері арқасында көптеген қиын жағдайлардан, ауыр халдерден аман есен құтылып, сан алуан сындардан мүдірмей өтеді. Ертегілердегі Ер Төстік, тазша бала, Аяз бидегі жаман арқылы, адамды ақылды жасайтын еңбек екенін көрсетуді мақсат ететіндігін көруімізге болады.

Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің жолы еңбек деген түсінікті аз сөзбен ғана беріп отырады.

Сонда ертегінің жасаушының басты мақсаты — өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Қазіргі қазақ ертегілерінің ішкі мазмұнына қарай отырып, бұл сұраққа, менің ойымша екі түрлі жауап беруге болады. Біріншіден ертегіні жасаушы – халық даналығы өмір мұратына жетудің басты жолы ақылдылық екенін бірінші кезекте, сол ақылдылықтың өзін еңбекпен байланысты екенін қысқа болса да ертегіде дәлелді міндетті түрде берілуі, ертегінің сол кездегі өмір жағдайын толық көрсете білуі.

Екіншіден, ертегіде өмір мұратына жетудегі еңбектің мәнінің жеткілікті, толық көрінбеуі, керісінше, ақылдылыққа үлкен орын берілуі, ертегі жасаушының өзі, бұл мәселеге толық жауап беруге әзір емес сияқты.

Халықтың аңыздан-аңызға тараған ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, әділеттілік пен әділетсіздік қатар бейнеленеді. Арамдық пен жауыздық апатқа ұшырап, жеңіліп, жақсылықтың үнемі жеңіске жетуі халықтың бақытты бейбіт өмір аңсағанын көрсетеді. Ертегіні оқыту барысында қандай қиыншылық болса да, қарсы тұра білу, еңбек адамының қадірлеу биік адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Әдебиеттік оқу сабағында ертегілерді оқыту барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді. Оқушыларға кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің берер пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте айқын белгілерді көрсететін, анық, түсінікті болып келеді. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен жазылады, мазмұндалады.кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер әртістердің орындауында фонохрестоматияны пайдаланса тіпті жақсы. Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, өз беттерінше бақылау жасатып үйрету керек. Кейбір ертегілерді сахналап, қуыршақ жасатып сыныптан тыс жұмыстарды орындауға болады. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Ертегілердегі көркем бейнелі сөздердің, сондай-ақ оқушыға түсінуге  қажет болатын сөздер мен тіркестердің кездесетіні мұғалім әр кез көңіл аударуы тиіс. Сөз мағыналарын ашып, анықтап түсіндіруде түрлі тәсіл қолдануға болады.

а) сипаттама түрде түсіндіру тәсілі бойынша сөздер семантикалық табиғатына орай қысқаша, кейде толық, жан-жақты түсіндіріледі.

ә) сөз мағыналарын анықтауда қолданылатын екінші бір өнімді жол – синонимдік тәсіл.

б) аралас анықтама – сипаттама түріндегі анықтама мен синонимдік анықтаманың аралас берілуі арқылы көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет