Жаңылтпашты оқыту. Жаңылтпаш (аз қолданылатын атаулары – тез айтқыш, таза айтқыш, тіл сындырғыш) – халық фольклорының әзіл жанры, шағын өзіндік өлең. Жаңылтпаштар өлеңдерден сөздердегі ұқсас және айтылуы қиын дыбыстар мен әріптердің тіркесі мен орын алмастыруына негізделетіндігімен ерекшеленеді.
Жаңылтпаштардың авторы – халық. Бұрын жаңылтпаштар балаларды күлдіру және ойнату үшін ойлап табылатын. Заманауи Қазақстанда қазақша жаңылтпаштарды оқытушылар мен логопедтер мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту үшін жиі пайдаланады.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тіліне деген құштарлығы артып, ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-ақ баланың аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан баланың ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |