Д. Ж. Жайлыбай* 1, Қ. Ж. Елеусізова



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата18.09.2023
өлшемі321,71 Kb.
#108358
1   2   3   4   5   6   7
Материалдар мен әдістер
Орталық Азия елдеріндегі кроссмәдени не-
кеге байланысты зерттеулерді жүргізуде бір-
неше деректер тобы арқылы қарастырылады, 
оны шартты түрде мұрағат материалдары, дала-
лық зерттеулер немесе статистикалық мәлімет-
тер ретінде бөліп қарауға болады. Соның ішін де 
бізге қол жетімдісі статистикалық мәлі меттер 
екені анық. Орталық Азия елдері бойынша 
XX ғасырдың екінші жартысында КСРО құра-
мындағы санақ материалдары «КСРО халық-
тары» сияқты статистикалық материал дарда 
қорытындыланып отырды. Нақты, Қазақстан 
жағдайындағы неке мәселесінде әр он жылда 
жүргізілген халық санағы материалдарын не-
гізгі дерек көзі ретінде қарастыруға болады. 
Мысалы, 1999 жылы жүргізілген халық са-
нағы материалдарында «Неке және отбасы» 
том ретінде арнайы басылды. Сол сияқты
2009 жылғы жүргізілген халық санағы мате-
риал дарында «Үй шаруашылығы» томын-
да еліміздегі некеге тұрғандар мен оның жас 
ерек шелігін, құрылымын нақты статис ти-
калық мәліметтермен толықтырған (Домохо-
зяйства РК, 2009: 267-390). Дәл осындай статис-
тикалық материалдар жыл сайынғы жинақ 
қорытындылары ретінде де жарық көріп тұра ды. 
Өзбекстан Республикасында да осындай жи-
нақтар шықты (Государственный комитет РУ по 
статистике, 2021). Сонымен қатар, Қазақс тан-
ның әрбір аймағынан шағын сауалнама жүргі-
зілді. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың обьек-
тивтілігін арттыратын материал ретінде пайда
-
ланылды.
Зерттеу нысаны бойынша бірнесе әдістер 
пайдаланылды, соның ішінде статистикалық 
деректер мен арнайы әдебиеттерді салыстыру
сараптама жасау әдістері қолданылды. Сонымен 
қатар, алынған сауалнамаларға контент сарапта
-
ма жасалып, оның нәтижелері мақалады берілді. 
Тұтас алғанда, қазіргі кроссмәдени некелік 
қатынастарға этноәлеуметтанулық тұрғыда тал
-
даулар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет