Д. Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз үш байланыстың үйлесімділігі жоғары интеллекілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интел



Дата01.12.2022
өлшемі18,33 Kb.
#54224
Байланысты:
Дарындылық


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАМЫЗ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «Дарынды балаларды психология-педагогикалық қолдау ерекшеліктері: тәжірибе,бастамалар, қолдау»
Түркістан облысы
Шардара ауданы
«Ұзын ата» жалпы орта мектебі
Егембердиев Куаныш Архарбекович
Тарих пәні мұғалімі

Дарындылық – бұл жүйелі, өмір бойы дамып келе жатқан психиканың сапасы. Ол адамның жетістіктерінің бір немесе бірнеше түрлерінде басқалармен салыстырғанда жоғарырақ нәтиженің мүмкіншілігін анықтайды. Дарынды бала – бұл бір немесе басқа жұмыста ашық, анық кейде өте жоғары жетістікпен бөлініп тұрады.


Д.Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз – үш байланыстың үйлесімділігі жоғары интеллекілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал креативтілік нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамыта білу қажет. Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулерінің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу. Оның әрі қарай дамуына бағыт беру өте күрделі іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы.
Дарынды балаларды айқындау – белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес. Шетелдерде, ең алдымен, АҚШ-та және бірқатар Еуропа елдерінде балалар дарындылығын зерттеу қарқынды жүргізіліп келеді.1972 жылы АҚШ-тың Білім беру комитеті қазірге дейін американдық мамандар пайдаланып жүрген дарындылықтың келесі анықтамасын жариялады: тәжірибелі мамандардың бағасы бойынша, дарынды және талантты балалар деп керемет қабілеттілігі арқасында төменде келтірілген іс-әрекеттердің бір немесе бірнешеуі аясында жоғары жетістіктерге жеткендер (немесе әлеуметті мүмкіндігі барлар) саналады:

  • интеллектуалды;

  • шығармашылық немесе нәтижелі ойлау қабілеті;

  • сұхбаттасу және көсбасшылық;

  • көркемөнер.

Дарынды баланы қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берген болатын.
Бірінші категория — ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған балалар.
Екінші категория — жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория — дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар.Бала дарындылығының байқалмайтын жағдайлары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады.Балалардың бойында белгілі бір қабілеттердің жарқын көрінісі, ой-өріс деңгейінің жалпы көрінуімен, дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады.Дарындылардың ішінде де үлгерімі төмен немесе үлгермейтін оқушылар кездеседі. Оның себебі:

  1. Талаптың, мотивацияның төмендігі;

  2. Жұмыс істеу құштарлығының төмендігі;

  3. Білім қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылмағандығы.

Осы себепте, оқушылар бір сатыдан екінші сатыға көтерілгенде, мектеп «неврозына» (мектептен қорқу) шалдығып кетпеу үшін мектеп психологтары үлкен жұмыс атқаруы қажет.Баланың шығармашылық белсенділігін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет.
2015 жылы деңгейлік оқуды Шымкент қаласында ПШО-да оқыдым.Сол курста дарынды және талантты балаларды оқыту моделімен таныстым.Фриманның дарынды және талантты балаларды анықтау өлшемдері жайлы мағлұмат алдым.Курсты аяқтаған соң,әдіс тәсілдерді қолданып сабақ өттім.Дарынды оқушыларға түрлі деңгейлік тапсырмалар бердім.Бір оқушылар есте сақтау қабілетімен келесілері сурет салу,сабаққа қатысты өлең шығару,суырып салма шығармашылығымен,көрініс қоюда ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.Халқымызда бұлақ көрсең көзін аш дегендей,оқушы бойындағы дарындылық қасиеттерін көре біліп,қолдап жіберсе,ашыла түседі деген ойдамын.
Қазіргі таңда түрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетудің арнаулы бағдарламалары жасалып, қолданылуда.Қазақстан Республикасы Президентінің "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" (1996) жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24-наурыздағы №256 қаулысы бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен елімізде "Дарын" ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды. Аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасалынды.
Қазіргі таңда дарынды балаларды қолдау үшін елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.
Мемлекет басшысының 2021 жылы 1 қыркүйектегі жолдауындағы «Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн», – деген сөзі жүзеге асқанын айтқан министрлік оқушыларды олимпиадаға дайындаған мұғалімдерді де қаржылай қолдамақ. Енді халықаралық білім жарысына барған оқушылар біржолғы ақшалай сыйлыққа ие болады. Алтын медаль үшін – 4,5 млн.т, күміс медаль үшін – 3 млн.т, қола медаль үшін – 1,5 млн.т алса, жеңімпаз оқушыны дайындаған ұстазға алтын медаль – 450 мың теңге, күміс – 300 мың теңге, қола – 150 мың теңге беріледі.
Сонымен қатар, халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады.
Осы жасалып жатқан қолдаулар дарынды балалардың ынтасын,қызығушылығын оятуға үлкен үлес қосады деген сенімдемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет