Байланысты: Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс
Д.1. Кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты.
Ашық әдіспен қкзба-байлықты игерудің болашағы. Маркшейдерлік іс дегеніміз, тау-кен ғылымы мен техникасының ең негізгі бір саласы бола отырып, сол саладағы геометриялық өлшеулермен және есептеулермен шұғылданады. Маркшейдерлік іс (өнер) немістің „Markscheіdenkunst”–деген сөзінен шыққан, яғни: mark-шекара, меже; scheіden – бөлу, анықтау; kunst-өнер. Сонда, мағанасы шекара бөлу, анықтау, межелеу өнері болып аударылады.
«Маркшейдерлік іс» мазмұнын, оның бастапқы кезеңдерін жер асты геодезиясы-деп атауға болады. Бірақ, өзінің өсу жолында, ол кешенді ғылым саласына айналды: түсіру жұмыстарын жүргізу, есептеулермен қатар ондағы өлшеу, есептеу жұмыстарының дәлдігін ең кіші шаршылық және ықтималдық теориялар негізінде бағалау; маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар жасау; жер қойнауының геометриясы; жер қыртысының жылжуы, қозғалуы, қысымы (геомеханика) ж.б. түрлері орын алады. Жалпы бұл еңбектегі тарауларды біріктіретін фактор-ол маркшейдерияның алдына қойылған мақсаты, яғни қазба-байлықты барлау, игеру жұмыстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану.
Қазіргі инженер-маркшейдерге түсіру жұмыстарынан басқа, қазба-байлық орындарын сапалы игеру, жер қойнауының қысымын басқару, болжау, кен өндіру әсерінен жер үсті және астындағы құрлыс ғимараттарын сақтау жұмыстарымен шұғылдануға тура келеді.
Маркшейдерлік іс мамандығы-инженерлік пән ретінде, өзінің өсу жолында матема-тика, физика, механика сияқты іргелі ғылымдарының негізгі қағидаларымен заңдылықтарын пайдаланады.Маркшейдер тау-кен мекемесінің қазба-байлық көзін барлаудан бастап, игеріп болғаннан кейінгі жабу жұмыстарына дейін қатысып, оның барлық сатыларындағы өзіне тән маркшейдерлік жұмыстарды атқарады.
Тау-кен орындарын барлау кезінде маркшейдер кен орындарының топографиялық түсірісі негізінде бекітілген геологиялық жоба арқылы жер бетіндегі кен қазбаларының орындарын (оқпан, шурф, тоған, т.б.) дәл тауып көрсетіп, сол жерде жұмыс істеуші инженерлерге бағыт, бағдар беріп отырады. Маркшейдер кен барлаушы (геолог пен) біріге отырып тау-кен жұмыстарының графикалық құжаттарын (жазықтықтағы бейнелері, қималары, т.б.) яғни, кеннің пішіні, оның жер қойнауында қалай орналасқаны және жер қойнауымен араласу қалпын жасайды. Осы жасалған графикалық құжаттар арқылы, маркшейдер мен геолог кеннің қорын анықтайды.
Тау-кен құрлыстарын салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар: жобадағы құрлыстар мен тау-кен қазбаларының орындарын дәл табу, көрсету; жоба бойынша салынатын құрлыстардың, тау-кен кешендерінің геометриялық дұрыстығын қадағалау; маркшейдерлік түсірістер жүргізу; тау-кен қазбаларының әр түрлі жазықтықтардағы бейнелерін, қималарын, құрлыс жұмыстарын нақтылы түсіру.
1-сурет
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар: уақтылы және нақтылы түсірілген маркшейдерлік жұмыстар арқылы кен қазбаларының кеңістікте орналасуын, жағдайын; тау-кен және геологиялық ерекшеліктерін; тау-кен кешендерінің әр түрлі жазықтықтардағы бейнелерін, қималарын; кен қазу жұмыстарының қауіпсіздігін; кен қорының мүмкіндігінше толық алынуын. Осы аталған жұмыстарды орындау кездерінде алынған ақпарат-мәліметтерді ЭЕМ-да өңделуін және қортысында істелген жұмыстардың дәлдігін қадағалайды. Қазба жұмыстары кезінде жер беті мен жер астының бір-бірімен тұтас байланыста, яғни бір координаталар жүйесінде болуы шарттылығын қадағалап, орындап отырады. Жер асты кеніштерінің, құрлыстарының қай тұста, қай бағытта, қандай тереңдікте орналасқандығын, маркшейдер қажетті дәлдікпен анықтап, бағыт-бағдар беріп отырады.
Кен қазбаларын толық және уақтылы түсіру және олардың жер бетімен салыстырмалы бағытын анықтау, тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігінің негізгі шарты болып есептеледі.
Маркшейдерлік түсіру және оларды бейнелеу негізінде тау-кен жұмыстарын жүргізудегі әр түрлі геометриялық сызбалар, есептеулер, жоба бойынша кен қазу жұмыстарын дәл жүргізу, пайдалы қазбаны мүмкіндігінше толық алу, жер қойнауының қозғалуын, ығысуын, сырғып жылжуын бақылау және жер асты жұмыстарының әсерінен жер бетіндегі құрлыстарды сақтау жұмыстары іске асырылады.
Қазып алынатын кеннің қорына есеп жүргізу, жер қойнауынан алынған немесе әлі алынбаған пайдалы қазбаның мөлшерін анықтау, уақтылы және болащақта алынатын кеннің мөлшерін жобалау, тау-кен жұмыстарын өркендетуге, кеңейтуге негіз болатын істер, маркшейдердің тікелей қатысуымен орындалатын жұмыстар.
Тау-кен орындарын жабу кезінде маркшейдер барлық кен қазбаларын бейнелеу құжаттарына толық түсіреді, есеп құжаттарын, координаталар есептеу журналдарын, нивелирлеу, жер асты бағыт бағдарлау түсірмелерін тәртіпке келтіріп негізгі құжаттарды өмірлік сақтауға тапсырады.
Қазіргі карьер кең ауқымды, өнімділігі жоғары қазба-байлық шығаратын тау-кен мекемелері болып есептеледі (1-сурет)
Мұндағы қазба жұмыстары ондаған шаршы метрден бірнеше жүздеген шаршы метрге жетіп, тереңдігі 700 метрден асып түсіп жатады. Қазу жұмыстарын жер асты әдісімен бірлестіре отырып атқару еңбек өнімділігін арттырып, қазу жұмыстарын тиімді атқаруға жол ашады.
Карьерлердегі маркшейдерлік жұмыстардың ерекшелігі, ондағы тау-кен жұмыстарын жүргізудің жағдайларына байланысты болады. Бұл ерекшеліктерге қазба жұмыстарының кең ауқымды аймақтарды алып жатуы, қазып жатқан төскей беттің үлкен механизмдер мен жабдықтарды қолдануына байланысты тез өзгеруі т.б. маркшейдердің қатысуын қалайтын қосымша жұмыстардың көптігі жатады. Аталған жұмыстар маркшейдердің біліктілігін, істелмекші жұмыстарды бір-бірімен байланыстыра отырып жылдам атқарғыштығын талап етеді.
Карьерлердегі негізгі маркшейдерлік жұмыстардың түрлері:
-тірек және түсіру торларын дамыту;
-кен қазбаларын және де басқа кен-технологиялық нысандарын түсіру;
-кен қазу жұмыстарын толық уақтылы көрсетіп отыратын графикалық құжаттар жасау;
-кен қорын, өнім көлемінің мөлшерінің азаюын, көбейуін және де алдағы дайындалған кен қорының мөлшерін анықтап, есеп жүргізіп отыру;
-жарып-қопару жұмыстарын маркшейдерлік іспен қамтамасыз ету;
-кен алабының жер қойнауында орналасу геометриясын, сапасын анықтау, кен-геометриялық сызбаларын жасау, сонымен бірге олардың кеңістікте орналасу, бөліну қасиеттерін кескіндеу;
-жоғарыдағы айтылған істерді жинақтау, өңдеу, сақтау және де керек уақытында кен қазу жұмыстарын басқару үшін керекті кен-геометриялық құжаттарды дайындап отыру;
-қазба-байлықтың толық қазып алынуын, жоба, жоспар бойынша қанша кем алынғанын немесе қанша бос жыныспен қос-паланғанын жіті бақылап отыру;
-кен қазу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жолдарын көрсете отырып, тау жыныстарының құламалы, опырылмалы, жылжымалы тұстарын қатаң бақылауға алу.