Д метрология пәнi және оның мақсаттары. Метрологияның негiзгi ұғымдары мен терминдерi. Қазақстан Республикасында метрология жүйесінің қысқаша даму тарихы мен қазіргі жағдайы Жоспары


Қазіргі метрологияның үш түрі болады



бет2/4
Дата14.09.2023
өлшемі25,5 Kb.
#107697
1   2   3   4
Байланысты:
1дәріс

Қазіргі метрологияның үш түрі болады:
а) заңнамалық метрология;
б) фундаменталдық (ғылыми) метрология;
в) тәжірибелік (қолданбалы) метрология.
Заңнамалық метрология – өзара байланысқан және өзара шартталған жалпы ережелердің жиынтықтары, сондай-ақ мемлекет жағынан өлшеулер бірлігі мен өлшеу құралдарының бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған, тәртіпке келтіруді, бақылауды қажетсінетін және басқа да мәселелері кіретін метрология тарауы.
Заңнамалық метрологияны өздігінше тарауға бөлінуі мемлекет жағынан өлшеулер бірлігін қаматамсыздандыру қызметтерін заңнамалық реттеу және бақылау қажеттілігі себеп болады.
Өлшеу бірлігі – нәтижелері заңдандырылған бірліктерде көрсетілген, ал қателері берілген ықтималдықпен белгілі және бекітілген шектерден аспайтн өлшеу жағдайы. Өлшеу бірлігі әртүрлі орында және түрлі уақытта әртүрлі өлшеу құрылғыларымен орындалатын өлшемдердің нәтижелерін салыстыруға қажет. Өлшеу бірлігін сақтау қалай еліміздің ішінде қарым-қатынаста маңызды болса, солай елдер арасында өзара қарым-қатынаста маңызды болып табылады.
Өлшеу бірлігін қамтамасыздандыру қызметі 1993 жылы «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» қабылданған Заңы бойынша реттеледі. Бұл заң ҚР өлшеу бірліктерін қаматамасыздандыруды құқықтық негіздерін орнатады. Заң ҚР мемлекеттік басқару ұйымдарының жеке және құқытық тұлғаларымен келесі өлшеу құралдарын жасау, шығару, қолдану, жөндеу, сату, тексеру және импорттау сұрақтары бойынша қатынастарын реттейді және де өлшеулердің күмәнді нәтижелерінің жағымсыз салдарынан азаматтар мен отан экономика пайдаларын қорғауға бағытталған.
1993 жылға дейін метрология саласындағы құқықтық нормалар өкімет қаулысымен бекітілген. «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы метрологиялық әрекеттің терминологиясынан лицензиялауға дейін талай жаңа енгізулерді бекітті.
Заңның негізгі баптары келесні белгілейді:
а) өлшеу бірлігімен қамтамасыз етудің мемлекеттік басқармасының ұйымдастырушылық құрылымын;
б) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды;
в) шамалар бірлігі мен шамалар бірлігінің мемлекеттік эталондарын;
г) өлшеу құралдары мен өлшеу әдістемелерін.
Мемлекеттік метрология қызметі және мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың қызметтері арқылы тәжірибеге енгізілетін заңдармен, заңнамалық ережелермен метрологиялық әрекетті мемлекеттік реттейтін қызметтін заңнамалық метрология атқарады.
Заңнамалық метрология саласына өлшеу құралдарының (ӨҚ) түрін сынау және бекіту, ӨҚ мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау және өлшеу бірлігін нақты қамтамасыз ету бойынша шаралар жатады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету метрологияның негізгі міндеттерінің бірі. Бұл мәселе негіз болатын екі шарттарды сақтаған кезде шешіледі:
- заңдандырылған бірегей бірліктерде өлшеу нәтижелерін көрсету;
- өлшеу нәтижелерінің рұқсат етілген қателерін орнату және олардың берілген ықтималдықпен аспайтындай шектеулер бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет