Байланысты: 2023 Қазақстан тарихы Мемлекеттік емтихан сұрақтары (2)
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттеріне арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
1. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі.
2. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
3. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
4. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы.
5. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
6. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері. Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы.
7. Қола дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы, таралу аймағы. 8. Атқа міну мәдениетінің генезисі. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.
9. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
10. Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ).
11. Ерте түріктер. Үйсіндер. Үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Қаңлылар. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.
12. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
13. Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Түркілердің шығу тегі мәселесі. Түрік қағанатының саяси тарихы.
14. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы. Мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі.
15. ІХ-ХІІ ғғ.Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы. Оғыздар. Қимақтар. Қарахандар. Қыпшақтар.
16. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны.
17. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
18. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы.
19. Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде(XIII-XV ғғ.).
20. XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Ақ Орда. Моғолстан.
21. XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Көшпелі өзбектер мемлекеті, немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Ноғай ордасы. Сібір хандығы.
22. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.
23. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы.
24. XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы.
25. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті
26. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы.
27. Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы.
28. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
29. ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері.
30. Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әкімшілік реформалар.
31. Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: әкімшілік реформа ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы әкімшілік реформалар.
32. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы жер мәселесі.
33. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы.
34. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі.
35. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.
36. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі.
37. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
38. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы).
39. XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев.
40. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
41. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.
42. Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде. Алаш автономиясы.
43. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
44. Қазақстан азамат соғысы жылдарында.
45. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамында топтастырылуы.
46. ХХ ғ. 20-жж. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығы саласында жүргізген іс-шаралары.
47. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
48. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оның салдары.
49. Ұлт зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы.
50. ХХ ғасырдың 20-30 жж. кеңестік Қазақстанның білім беру жүйесі мен мәдениеті.
51. Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан Соғысы қарсаңындағы Қазақсан.
52. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
53. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдарда дамуының қарама-қайшылықтары.
54. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
55. Соғыстан кейінгі жылдардағы (ХХ ғ. 40-70 жж.) Қазақстан мәдениеті.
56. Хрущевтің «жылымық» жылымық жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
57. 1960 жж. екінші жартысындағы экономиканы реформалаудағы сәтсіздіктері.
58. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты.
59. Алматыдағы 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы және оларды саяси бағалау.
60. Кеңес Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы.
61. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы.
62. Патриотизмді қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің рөлі.
63. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
64. Бүкілхалықтық референдум және ҚР Конституциясының қабылдануы.
65. «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы.
66. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
67. Индустриалды-инновациялық даму туралы мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.
68. Қазақстанда Адам дамуы мәселесі жөніндегі іс-шаралар.
69. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық процестер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістері.
70. Қазақстандағы халық санақтары бойынша халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістері.
71. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы.
72. Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы.
73. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының мәні мен маңызы.
74. Рухани даму жолындағы мемлекеттік іс-шаралар.
75. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.