Жоғарғы категориядағы кубтық сингониясына тән қарапайым пішіндері:тетраэдрден шыққан пішіндер– тригонтритетраэдр (12 жақты фигура, жақтары ұшбұрыштар), тетрагонтритетраэдр (12 жағы – төрт бұрыштар), пентагонтритетраэдр (12 жағы – бес бұрыштар), гексатертраэдр (24 жағы – үшбұрыштар); октаэдрден шыққан пішіндер – тригонтриоктаэдр (24 жағы – үшбұрыштар), тетрагонтриоктаэдр (24 жағы – төрт бұрыштар), пентагонтриоктаэдр (24 жағы – бес бұрыштар), гексаоктаэдр (48 жағы – үшбұрыштар); гексаэдрден шыққан қарапайым пішін – тригонтетрагексаэдр (24 жағы – тең үшбұрыштар); ерекше қарапайым пішіндері – ромбододекаэдр (12 жағы – ромб), пентагондодекаэдр (12 жағы – бес бұрыштар), дидодекаэдр (24 жағы – трапеция) (…11 суретке сәйкес).
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11 12 13 14 15
1) тетраэдр, 2) тригонтритетраэдр, 3) тетрагонтритетраэдр, 4) пентагонтритетраэдр, 5) гексатертраэдр, 6) октаэдр, 7) тригонтриоктаэдр, 8) тетрагонтриоктаэдр, 9) пентагонтриоктаэдр, 10) гексаоктаэдр, 11) гексаэдр (куб), 12) тригонтетрагексаэдр, 13) ромбододекаэдр, 14) пентагондодекаэдр, 15) дидодекаэдр.
11 сурет – Жоғарғы категорияның, кубтық сингониясының қарапайым пішіндері
Фигураның қарапайым пішіндері ашық және жабық болуы мүмкін.
Қарапайым пішіннің жақтары өзара қиылысып, араларындағы кеңістікті түгел қауыстырған түрін жабық пішіндеп атайды. Мысалы: куб қарапайым пішінге жатады, өйткені оның алты жағының бәрі бірдей шаршы және олары қауысып тұр. Жабық қарапайым пішіндерге кіретіндер: дипирамидалар, скаленоэдрлар, трапецоэдрлар, ромбоэдрлар, одан басқа тағы кубтық сингониясының қарапайым пішіндері.
Қарапайым пішінің жақтарының қиылыспай, араларындағы кеңістікті түгел қауыстырмайтын болса, оны ашық пішіндеп атайды, олар өздігінен кездеспейді, тек комбинацияда. Мысалы, призма + пинакоид, пирамида + моноэдр. Ашық қарапайым пішіндерге кіретіндер: моноэдр, пинакоид, диэдр, призмалар және пирамидалар.
Қарапайым пішіннің бірнеше түрлері қауысқан пішіндерді