22-сұрақ. Натрий сульфатының 18°С-та ерігіштігі 168,3 г/л болса, 18°С-қа қаныққан 100 г натрий сульфатының ерітіндісін дайындау үшін қандай тұз массасын және қанша су алу керек?
A) 8,2 г тұз және 91,8 г су
B) 25,6 г тұз және 74,4 г су
С) 31,9 г тұз және 68,1 г су
D) дұрыс жауап жоқ
Е) 14,4 г тұз және 85,6 г су
Жауап: E
23-сұрақ. Массалық үлесі 32% және тығыздығы 1,2 г/мл азот қышқылы ерітіндісінің қандай көлемін (HNO3 ММ: 63 г/моль) концентрациясы 0,5 моль/л 1 литр қышқыл ерітіндісін дайындау үшін алу керек?
А) 65 мл
B) 70 мл
C) 82 мл
D) 98 мл
E) 106 мл
Жауап: С
24-сұрақ. Элементтердің периодтық жүйесінде элементтер белгілі бір заңдылыққа ие болатынын білеміз. Элементтердің атомдық радиустары солдан оңға қарай қалай өзгереді?
А) Төмендейді
B) Жоғарылайды
C) Өзгермейді
D) Кездейсоқ
E) Дұрыс жауап жоқ
Жауап: А
25-сұрақ. 4 г сутегі 48 г оттегімен әрекеттескенде неше грамм су түзіледі? (H:1 г/моль; O: 16 г/моль)
А) 18 г
B) 27 г
C) 36 г
D) 44 г
E) 9 г
Жауап: C
Достарыңызбен бөлісу: |