22-сұрақ. Натрий сульфатының 18°С-та ерігіштігі 168,3 г/л болса, 18°С-қа қаныққан 100 г натрий сульфатының ерітіндісін дайындау үшін қандай тұз массасын және қанша су алу керек?
A) 8,2 г тұз және 91,8 г су
B) 25,6 г тұз және 74,4 г су
С) 31,9 г тұз және 68,1 г су
D) дұрыс жауап жоқ
Е) 14,4 г тұз және 85,6 г су
Жауап: E
23-сұрақ. Массалық үлесі 32% және тығыздығы 1,2 г/мл азот қышқылы ерітіндісінің қандай көлемін (HNO3 ММ: 63 г/моль) концентрациясы 0,5 моль/л 1 литр қышқыл ерітіндісін дайындау үшін алу керек?
А) 65 мл
B) 70 мл
C) 82 мл
D) 98 мл
E) 106 мл
Жауап: С
24-сұрақ. Элементтердің периодтық жүйесінде элементтер белгілі бір заңдылыққа ие болатынын білеміз. Элементтердің атомдық радиустары солдан оңға қарай қалай өзгереді?