Дағдарыс пайдасы туралы



жүктеу 11.12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата12.03.2017
өлшемі11.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

3

№6(14)  желтоқсан 2015



Дағдарыс пайдасы туралы

2015  жыл  аяқталуда,  біз  оны  қиын  қыстау  жыл  деп  атауымызға  толық  негіз  бар.  Алайда,  бұл  жыл 

бізді  тәжірибелі  де,  тұрақты  еткені  сөзсіз.  Қиыншылықтар  ерте  ме,  кеш  пе  өтері  анық,  ал  бұл  кезеңде 

жинақталған тәжірибе өзімізбен қалады. Ойшылдар айтқандай, қандай жағдай болмасын, оның жақсы 

жақтарын қарастыруымыз қажет.

Өтер жылдың жағымды сәттерінің бірін – адамдардың жеке қаржылық жағдайына көзқарасының өз-

геруі деп айта аламыз. Өз күнделікті ақша жұмсауына, сондай-ақ қымбаттан қашқақтауға кеңес берудің 

мезгілі өтті. Біздің журнал бетінен өз қаражатыңызды сақтау әдістері, сонымен қатар оны білімге, денса-

улыққа және түрлі қаржы активтеріне инвестициялау жолдары туралы сөз қозғауды жалғастырудамыз. 

Мысалы, бұл нөмірдегі «Табысты орын» материалында еркін қаражатты жалға берілетін жылжымайтын 

мүлікке қаржыландыру жолдарын сараптадық.

Қазақстандықтар сондай-ақ несие ұйымдарын таңдауда талғампаз болғаны белгілі. Бұл салада жаңа 

құралдар мен ойыншылар пайда болды. Көптеген интернет-қызметтер кепілдіксіз және несие берушінің 

кеңсесіне барусыз онлайн режимде ақша алуды ұсынады. Қолайлы ма? Қолайлы, дегенмен бағасына на-

зар аударуды ұсынар едік. Толығырақ – «Несиені тілеп алу» мақаласында.

«Қолдағы таксопарк» мақаласында такси қалаған қазақстандықтар өз смартфондарындағы қосымша-

ларға бет бұрып, жол бойынан көлік тоқтатуды қойғаны туралы сөз етеміз.

Кәсіпкердің жұмыс орнынан дәстүрлі репортаж кейіпкерін іздеу кезінде, GM-ге шынайы қылқанды ба-

убақшада болуға және Жаңа жыл қарсаңында шыршалы саябақтың сымбатты иесі, Алматы қаласын кө-

галдандыруды жоспар тұтқан Галина Ивановамен жүздесуге сәті түсті!

Жаңа жыл кафе және мейрамханалар иелері үшін қызу науқанды мезгіл. Елімізде корпоративті кеш-

тер дүрлігуде, алайда қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап сатып алу қабілетінің төмендеу кезінде 

қоғамдық тамақтандыру орындарының басшылары клиенттерді тартудың жаңа жолдарын іздестіріп бас 

ауыртары сөзсіз. Рестораторлардың қызықты шешімдері мен айлалары – «Тәттісіне талас» материалында.

«Денсаулық» айдарында шақырылған психологтар адамдардың дағдарыс уақытындағы мінез-құлықта-

ры туралы ой бөліседі, онымен қоса қаржылық дағдарыс кезеңінде оқырмандарға көңілсіздік пен депрес-

сияға ұшырамау туралы пайдалы кеңестерін береді.

GM редакциясы сізге зор денсаулық, баянды бақыт және 2016 жылы қаржылық табыс тілейді!  

Андрей Егорин

«Grand Money» 

журналы

№6 (14) желтоқсан 2015 ж.



Жылына 6 рет шығады

Тираж: 2 000 дана

БАҚ есебінде тұру туралы куәлік 

№13700-Ж, 21.06.2013ж. ҚР Мә-

дениет және ақпарат министрлі-

гімен берілген

Меншік иесі: «Verbum» ЖШС

Бас редактор: Виктор Ахрёмушкин

Шығарушы редактор: Андрей Егорин

Редакцияның мекенжайы

050012, Алматы қ., 

Шәріпов к-сі, 84, 301 каб. 

Тел.: (727) 250-08-66, 250-98-29



Жарнама бөлімі: 8 (701) 761-32-45, 

yegorin@gmail.com

«Принт Азия» ЖШС баспаханасында 

басылып шығарылған, Алматы қ., Төле 

би к-сі, 65-69/73а, тел. (727) 382-61-01

Авторлардың пікірі редакцияның 

пікірімен сәйкес келуі міндет емес. 

Жарнама материалдарындағы ақпа-

рат шынайылығы үшін жарнама бе-

руші жауапкершілік көтереді.



4

№6(14)  желтоқсан 2015



МАЗМҰНЫ

WORLD MONEY

АҚША ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

8

VIP MONEY

АНДРЕЙ НЕЧАЕВ:

«ДАҒДАРЫСТАН ҚАШЫП ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ»

Ресейден сәл кешігіп, экономиканың нашарлауынан Қазақстан да 

ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуге мәжбүр болды. Оның 

экономикаға, бизнес пен халыққа оң және теріс әсері туралы өз 

мемлекетімен салыстыра отырып РФ экономика министрі, экономика 

ғылымдарының докторы, «Азаматтық бастама» партиясының төрағасы 

әңгімелеп берді  

10

STRATEGIC MONEY

АПАТТЫҚ САҚТАНДЫРУ

Апаттар қаупінен азаматтар үшін міндетті сақтандыру механизмін 

енгізу идеясы кәсіби деңгейде бірнеше жыл бойы талқыланып 

келеді. Алайда мұнай мен басқа да экспортты тауарлар бағасының 

төмендеуінен бюджеттің кіріс бөлігінің күрт азаюы тұсында қазіргі 

уақытта заң жобасы парламенттен өтіп, қабылдану мүмкіндігі артып 

отыр      

16

INVEST MONEY

ТАБЫСТЫ ОРЫН

Пәтер сатып алу және оны жалға беру – адамдар арасында кең тараған 

әрі қолданысы қарапайым инвест идеялардың бірі, оған қолда бар 

ресурстарды пайдаланасың, түрлі қаржылық құралдарды қажет етпейді. 

Алайда шамамен 2014 жылдың басынан «рантье» тірлігі қиындап кетті, 

олар клиенттерді ұстап тұру үшін жалға беру ақысын арзандатуға 

мәжбүр болды, пәтерлердің бағасы көз алдымызда түсіп жатыр                   

20

SMART MONEY

НЕСИЕНІ ТІЛЕП АЛУ 

Көп адамдарда мынандай жағдай болады: тығыз ақша керек болады

ал айлыққа дейін бір, бір жарым апта уақыт бар. Мұндайда кейбіреулер 

туысқандары мен әріптестерінен көмек сұрайды, ал көпшілігіне санаулы 

минуттар ішінде «жылдам ақша» беруге уәде ететін несиелік онлайн-

сервистер көмекке келуге дайын тұрады. GM қаржы нарығының осы 

секторын зерттеді      

24


6

№6(14)  желтоқсан 2015



МАЗМҰНЫ

BUSINESS MONEY

АҚШАНЫҢ ИІСІ БАР 

Сауда мен сервис ғасырлар бойы негізгі ауқымды міндетін орындаумен 

келеді: қалайша тұтынушыларға барынша көп тауар сатып, қызмет 

көрсетсем екен, олардың ақшаларын жұмсау үшін қалай қызықтырсам 

екен дейді. Мұнда олар дәстүрлі маркетингтік амалға барады, ол – 

жарнама, жеңілдіктері бар акциялар, тауарларды сөрелерге арнайы 

жайып қою, сондай-ақ қазақстан нарығы үшін тың құрал болып 

табылатын нейромаркетингті қолдану, яғни тұтынушыларға музыка, 

түрлі иістер және басқа да эмоциялық қозғаушы амалдар арқылы әсер ету  

28

ТӘТТІСІНЕ ТАЛАС



Қазақстандағы мейрамхана бизнесі басқа елдердегідей дағдарыс 

сынағынан өтіп жатыр. Бұрындары күн құрғатпай жұмыс істейтін 

орындар, қазір демалыс күндері, үйлену тойлары мен түрлі салтанаттарды 

өткізу үшін ғана ашылады. Алайда бұрынғыдай метродельдері шаттанып 

күліп, жарқыраған шамдарымен келген қонақтарды қарсы алатын 

орындар бар. Мұндай айырмашылықтың сыры неде? 

32

ТАУДА ТУҒАН ШЫРША



GM-нің мереке қарсаңындағы жаңа жылдық бизнес туралы репортажы

36

DIGITAL MONEY

ҚОЛДАҒЫ ТАКСОПАРК 

Қазақстандағы такси нарығы күрделі өзгерістерді бастан кешіруде. Жеке 

тасымалдаушылар әлі де тасымалдаулардың қомақты бөлігін басқарып 

жатыр, алайда күн өткен сайын жол бойында көлік тоқтатуға қарағанда 

такси шақыру бойынша қосымшаны артық көретін адамдардың саны 

арту үстінде. Бәсекелес тараптардың мүмкіндіктері қандай?

42

WORK MONEY

МӘДЕНИЕТ АРҚЫЛЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ

Компания мен оның көшбасшыларының стратегиясы қанша жерден 

үздік болғанымен, соған пара-пар корпоративті мәдениет болмаса 

ол түкке тұрмайды. Bank RBK сәтті құрылуындағы корпоративтік 

мәдениеттің ролі жайында банк басқарма төрағасының кеңесшісі Ринат 

Шаяхметов сөз қозғайды

46

LIFE MONEY

ТЕМІР ТҰЛПАРЫҢ КЕНЕТТЕН ТҰРЫП ҚАЛСА

Қыс көліктер мен олардың қожайындары үшін сындарлы сынақ. 

Аяздан астыңдағы «атың» ғана емес, бюджетің де қиындық көреді. Қыс 

мезгілінде көлікті артық шығыннан қалай сақтау қажет?

48

САБЫРЛЫҚ, ТЕК ҒАНА САБЫРЛЫҚ!



Қаржы дағдарысы адамның санасы мен іс-әрекетіне өзіндік өзгерістер 

енгізіп жатыр. Жайлылықтың ауылы алыстап, дағдарысқа дейінгі 

дағдылардан амалсыз арылуды әркім әрқалай қабылдауда. Кейбіреулері 

экономиканың шыр айналуына дайын болып, самурайлар секілді 

әр нәрсеге сабырлықпен қарауда, енді біреулері шыдамдылықтарын 

шыңдау үстінде. Депрессиядан қалай сақтану қажет?

54

FUN MONEY

АҚША ЖАЙЛЫ КҮЛКІЛІ ОҚИҒАЛАР

58


8

№6(14)  желтоқсан 2015



WORLD MONEY

Жаңалықтар

Кино

Лимиттің рекорды

«Күштің оянуы» атты айдармен шығарылған «Жұлдызды 

соғыстар» киносагасының жетінші эпизоды өткен демалыс 

күндері әлемдік прокатта 517 млн.доллар табыс тапты, ай-

тып өту керек кино Қытайда әлі көрсетілген жоқ. Аталған 

кино «Юра кезеңінің әлемі» блокбастерінің рекордын қайта-

лай алмағаны анық, ол кино алғашқы демалыс күндері 524 

млн.  доллар  табысқа  кенелген  болатын.  Алайда  «Юра  ке-

зеңінің әлемі» фильмі бір мезетте әлемнің барлық елдерінде 

көрсетілген болатын, оның ішінде Қытай да бар, бұл елден 

100 млн. доллар табыс түсті. Қытайдағы «Жұлдызды соғы-

стардың»  алғашқы  көрсетілімі  2016  жылдың  9  қаңтарына 

жоспарланған, себебі осы елде үстіміздегі жылдағы голли-

вуд фильмдерін көрсетудің лимиті бітіп қалған болатын.

Тренд 

Ортаның 

сығымдалуы

Америкалық  қоғамның  негізін  құраушы  АҚШ-тың  орта 

санатының саны 40 жылдың ішінде алғаш рет ержеткен ха-

лық санына шаққанда екі есеге азайғанын Pew зерттеу орта-

лығының мәліметтері дәлелдейді. Соңғы рет мұндай арасал-

мақ 1970 жылдың басында байқалған болатын, 1960 жылдың 

соңында ғана орта санаттағылардың саны жалпы халықтың 

61  пайызын  құраған  еді.  Орта  санаттағылар  Американың 

соғыстан  кейінгі  өрлеуінің  негізі  болды,  алайда  қазір  ха-

лықтың ара-жігінің алшақтау үрдісі жүріп жатыр. 2008 жыл-

дан бастап орта санаттағылардан көп ақша табатындардың 

саны 7,8 млн. адамға жеткен еді, ал кедейлер саны 6,8 млн. 

адамға өсті, бұл ретте орта санаттағылар тек 3 млн. адамға 

ғана артты. Зерттеушілердің пікірінше АҚШ-тағы халық ара-

сындағы ара-жіктің алшақтауы жоғарғы білімі бар білікті ма-

мандардың  қымбат  бағалануында  жатқан  көрінеді:  амери-

кандық колледжді бітіргендердің орта мектеп бітіргендерге 

қарағанда жоғары табыс табу мүмкіндігі 8 есеге артық екен.

Гендер

Ерлер ісі

Лондон-Сити  қаржы  орталығында 

жұмыс  істейтін  әйелдер  осы  жылы  ер 

кісілерге  қарағанда  екі  есе  кем  бонус 

алатын  болды.  Бұл  Astbury  Marsden 

рекрутинг  фирмасының  жүргізген 

зерттеуінің  нәтижесі.  Әйелдер  орта-

ша  есеппен  16,24  мың  фунт  стерлинг 

(24,7 мың доллар) сыйақы алатын бол-

са, ерлердің сыйақысы 32,84 мың фунт 

стерлинг.  Ал  компания  директорла-

рының арасындағы арасалмақ мынан-

дай:  25,81  мың  мен  50,3  мың  фунт. 

Жоғарғы  деңгейдегі  басшылар  ара-

сындағы (басқарушы директорлар мен 

серіктестер)  айырмашылық  алшақ 

емес:  71,67  мың  фунт  -  әйелдер  бону-

сы,  102,73  мың  фунт  –  ерлер  бонусы. 

«Шындығы осы – ерлердің жұмыстағы 

мысы  басым.  Әйелдер  әдетте  комис-

сиялық  сыйақылар  қарастырылмаған 

салаларда - кадрлар бөлімі мен марке-

тинг  секілді  бизнестің  штатында  жұ-

мыс  атқарады.  Ал  сауда  бөлімдерінің 

барлығы  дерлік  басыбайлы  ерлердің 

еншісінде»,  -  дейді  Astbury  Marsden 

басқару директоры Адам Джексон.


9

№6(14)  желтоқсан 2015

Ашық ақпарат көздерінен

Валюта


Доллардың 

қайта оралуы

Аргентинаның жаңа билігі 4 жыл бұрын валюталық 

операцияларды  жүргізуге  енгізген  шектеулерін  алып 

тастады  деп  мәлімдеді  елдің  Қаржы  министрі  Альфон-

со  Прат-Гай.  2011  жылдың  қарашасынан  бастап  дол-

лар  алғысы  келетіндер  өздерінің  төлқұжаттарын,  са-

лық  нөмірін  көрсетіп,  жергілікті  салық  агенттігінің 

келісімін  күтуі  керек  болатын.  Қыруар  көлемде  валю-

тамен  шетелге  шығатын  аргентиналықтар  ақшаларын 

заңды  түрде  тапқандықтарын  дәлелдеп,  сондай-ақ  са-

парларының мақсатын көрсетуге тиіс еді. Бұл шаралар 

капиталдың сыртқа кетуін азайтты, алайда елде валю-

талық қара нарық күш алып кетті.

Өткен  күздегі  Аргентина  президентінің  сайлауын-

да  оңшыл  оппозицияның  өкілі,  Буэнос-Айрос  мэрі  Ма-

урисио Макри жеңіске жетті. Ол елді 12 жыл басқарған 

солшыл  центрист  Кристина  Киршнер  (үшінші  мәрте 

сайлауға түсуге құқылы емес) оның марқұм зайыбы Не-

стор Кишнерден кейін барынша «нарыққа бейімделген» 

бағытты ұстануға уәде берді.

Аргентина  экономикасы  көлемі  жағынан  Латын 

Америкасында  үшінші  орынға  ие,  ол  ауыр  хал  кешу-

де.  2001  жылы  мемлекеттік  міндеттемелер  бойынша 

дефолтты  бастан  кешірді.  Альфонсо  Прат-Гайдың  ай-

туынша валюталық саясатты жеңілдету арқылы үкімет 

алдағы төрт аптаның ішінде 15-25 млрд. доллар таба-

мыз деп отыр.

Байлық


Ақша 

ақшаға құяды 

Соңғы 20 жыл ішінде әлемдегі миллиардер-

лер  саны  4,76  есе  өсіп,  1347  адамға  жеткенін 

есептеген  UBS  пен  PricewaterhouseCoopers. 

Осылайша  жер  шарының  ең  ауқатты  адамда-

рының  байлығы  әлем  экономикасынан  да  тез 

өсіп  отыр.  1995  жылдан  бастап  әлемдегі  мил-

лиардерлердің барлық байлығы 8 есе өсіп, 5,4 

трлн. долларды құрады, бұл ретте әлемдік ЖІӨ 

көлемі осы мерзімде тек екі есеге өсіп, 77 трлн. 

долларға жеткен.

Сарапшылар мынаған назар аударады: 1995 

жылдан  миллиардерлер  тізімінде  тұрған  289 

адамның 126-ы 20 жыл өтсе де өз орындарын 

сақтап қалған. Адамдарға арман болған тізім-

дегі  әйелдер  саны  20  жыл  ішінде  6,6  есеге 

өсіп, 145-ке жеткен. Дегенмен де әлемдегі бай 

адамдардың 90 пайызы ер кісілер.

10 желтоқсанда Forbes өткен жылдың ең сәт-

ті  миллиардерін  атады.  Журнал  нұсқасы  бой-

ынша бұл адам – Amazon бас директоры Джеф 

Безос, ол 2015 жылы 29,5 млрд доллар тапқан. 

Салыстыратын болсақ: наурызда Безос әлемде-

гі бай адамдар тізімінде тек 15 орында тұрған 

еді.  Екінші  орынды  Facebook  басшысы  Марк 

Цукерберг иеленді, оның табысы 11 млрд. дол-

ларға  жетті.  Үшінші  орынды  9,2  млрд.  доллар 

тапқан Ларри Пейдж иеленді, ол Googl аналық 

компаниясының жаңадан құрылған Alfabet бас 

директоры.



WORLD MONEY

Жаңалықтар



– Андрей Алексеевич, валюта бағамының күрт құлдырауы экономи-

каның қай саласына кері әсерін тигізді?

–  Ең  алдымен  мынаны  атап  өтуіміз  керек,  валютаның  құнсыздануы  екі 

жақты өткір аспап. Теріс әсерімен қоса, оның көптеген оң әсерлері де бар. 

Валютаның құнсыздануы отандық өндірушілердің қорғаны іспеттес, себебі 

олар бір сәтте бағам бойынша құнсыздану өлшеміне сәйкес импортқа бәсе-

келес  бола  алады.  Сондықтан  да  сыртқа  тауар  шығаратын  сектор  үшін  де, 

импортпен бәсекелесетіндер үшін де валюта құнсыздануы пайдалы. Валю-

та құнсыздануы ең алдымен халық үшін ауыр тиеді, себебі нарық импорт-

тық тауарларға тәуелді болса, ол дағдарысқа алып келеді. Екіншіден, валю-

та  бағамының  төмендеуінен  импорттық  технологиялар  негізінде  өндірісін 

ДАҒДАРЫСТАН 

ҚАШЫП 


ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ

Ресейден сәл кешігіп, экономиканың нашарлауынан Қазақстан 

да ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуге мәжбүр 

болды. Оның экономикаға, бизнес пен халыққа оң және теріс 

әсері туралы GM-ге берген сұхбатында ресейлік экономист, 

экономика ғылымдарының докторы, «Азаматтық бастама» 

партиясының төрағасы, 1992-1993 жылдары РФ экономика 

министрлігін басқарған Андрей Нечаев әңгімелеп берді.

Ирина Давиденко

VIP MONEY

Vis-a-vis

10

№6(14)  желтоқсан 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis



фото 

«Экспресс газета

»

«РФ экономикасының 

құлдырауы биыл басталған 

жоқ, дамудың тұйықталған 

түрі екі мыңыншы жылдары 

таңдалған болатын»

жетілдіруге  бағытталған  кәсіпорындар  зардап 

шегеді.  Себебі  бұл  технологиялардың  бағасы 

қымбаттайды, кәсіпорынды жетілдіру ісі кейін-

ге қалдырылады немесе тіпті тоқтайды.

–  Валюта  бағамының  белгісіз  болуынан 

Қазақстанда азаматтар мен заңды тұлғалар 

біршама  депозиттерін  долларға  айналдыр-

ды. Бұл экономикалық тұрақтылыққа қауіп 

төндіреді ме?

–  Ұлттық  валютаға  деген  сенімсіздік  қа-

уіпті  құбылыс,  ол  азаматтардың  іс-әре-

кеттерін  еркеше  қалыпқа  айналдырады. 

Адамдар  ұлттық  валютаға  сенбеген  кезде, 

олар  «шынайы  құндылықтарды»  сатып  ала 

бастайды, осылайша тұтыну нарығында дүр-

белең туғызады. Бұл үрдіс ұзаққа бармайды, 

ол  бірнеше  аптадан  бірнеше  айға  дейін  со-

зылуы  мүмкін.  Ол  сондай-ақ  инвестицияға 

да кері әсерін тигізеді, себебі соңғы жылдары 

Батыста ғана емес, бұрынғы КСРО елдерінде 

(нақты  Қазақстанда,  Ресей  мен  Украинада) 

қор  нарығы  инвестицияның  шынайы  көзіне 

айналған  болатын.  Тиісінше,  егер  адамдар 

ұлттық валютаға сенбесе ұлттық қор нарығы-

ның құралдарына да сенімсіздікпен қарайды. 

Соның  нәтижесінде  нарықтан  стратегиялық 

инвесторлар  кетеді,  тек  алып-сатарлардың 

бір  тобыры  ғана  қалады,  нәтижесінде  қор 

нарығы  шынайы  инвестиция  көзі  болудан 

қалады.  Тағы  бір  жайт,  валюта  нарығында 

керексіз дүрбелең туады, бұл көп мәрте бай-

қалған  құбылыс,  қатардағы  азаматтар  ва-

лютаны  шарықтау  шегінде  сатып  алып,  оны 

құлдырай  бастағанда  сата  бастайды.  Мұның 

барлығы да адамдардың өмір сүру деңгейіне 

әсер етеді, себебі олар өздерінің жинаған қа-

ражаттарынан айырылады.

– Осы жылы ресей экономикасының жай-

күйі қандай болды? Валютаның еркін айна-

лымына экономиканың бойы үйренді ме?

– Ресей экономикасының құлдырауы биыл басталған 

жоқ. Егер статистикаға зер салсақ 2008-2009 жылдар-

дағы дағдарыстан кейінгі қысқа мерзімді өсу қарқыны 

2012 жылдың ортасына дейін созылды, одан кейін не-

гізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша құл-

дырау басталды: ішкі жалпы өнім, өнеркәсіптік өндіріс, 

инвестиция  мен  халықтың  шынайы  табысы  бойын-

ша.  Бұл  құлдырау  геосаяси  жағдайдың  шиеленісуінен 

бұрын,  Украинадағы  оқиғаларға  дейін,  санкциялар-

дың  енгізілуі  мен  ресей  экономикасына  маңызы  бар 

мұнай бағасының арзандауынан бұрын басталды. Мен 

үшін мына жайт анық: 2000 жылдардың ортасында да-

мудың  тұйықталған  түрі  таңдалған  болатын,  мұнда 

ондаған  ірі  мемлекеттік  компанияларға  немесе  мем-

лекетке  толықтай  бағынышты  компанияларға  сенім 

жүгі  артылды,  олардың  қызметтерінің  пәрменділігі 

төмен, сыбайлас жемқорлық жайлаған, шикізатты са-

туға негізделген болатын. Өкінішке орай ресей билігі 

ондаған,  тіпті  жүздеген  мың  шағын  және  орта  кәсіп-

керлерге  қолайлы  бизнес  ахуалын  жасаудың  орнына, 

бірнеше ірі мемлекеттік компанияларды басқару оңай 

деп ойлады, ол компаниялардың басшылығына сенімді 

адамдар қойды. Мысалға мұндай кәсіпорындар батыс 

елдері  экономикасының  бет-бейнесін  айқындайды. 

Міне  осы  модель  тұйыққа  тірелді,  бұдан  әрі  санкция 

енгізіліп,  мұнай  бағасы  арзандап,  жағдайды  ушықты-

рып жіберді.

Инвестиция  көлемінің  кемуі  ерекше  жанға  батады. 

Себебі  дағдарыс  туралы  оның  жағымды  жақтарын  ай-

тқанда,  әдетте  еңбек  нарығындағы  қорлардың  орнала-

суын қайта қарау, жаңа технологияларды енгізу, тиімді, 

экономикалық,  заманауи  өндірістің  туындауы  туралы 

сөз  қозғалады.  Алайда  инвестициясыз  бұлардың  бар-

лығы да мүмкін емес, ендеше дағдарыстың ғұмыры ұзақ 

болмақ.


–  Ресей  экономикасына  Батыстың  санкциялары-

ның қандай әсері болды ?

– Егер халықтың өмір сүру деңгейі туралы айтар бол-

сақ, онда Ресейге қарсы қолданылған санкциялар тура-

лы  емес,  қайта  Ресейдің  соларға  қарсы  қолданған  кері 

санкциясы туралы айтуымыз керек, ол дағдарысты күрт 

күшейтті және тұтыну нарығының құрылымын нашар-

латып  жіберді.  Хаон  мен  пармезанды  халықтың  шек-

теулі санаттары ғана ұнататын еді деп шексіз әжуалай 

беруімізге  болады,  шындығында  жаппай  тұтынатын 

өнімдерді  сырттан  тасымалдау  күрт  кеміп  кетті,  мы-

салға  балықтың  арзан  түрлері,  оларды  тек  әулеттілер 

ғана  тұтынатын  еді  деп  айта  алмаймыз.  Жеміс-жидек 

пен көкөністің бағасы күрт қымбаттады, оны негізінен 

тұрмысы  төмен  және  орта  санаттағы  халық  өкілдері 

тұтынады.

12

№6(14)  желтоқсан 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis



«Ресейдің теріс өнегесі – 

барша әлеммен ара-

қатынасты бұзуы»

Импортты  алмастыруға  жағдай  туды  деп  санауға 

болады.  Бірақ  тұтыну  нарығы  көлемінің  кемуі  және 

оның  құрылымының  нашарлауы  бір  мезетте  орын 

алды,  ал  импортты  алмастыру  ұзақ  мерзімді  үрдіс, 

ол  көп  уақытты  және  көлемді  инвестицияны  қа-

жет  етеді.  Қарапайым  ғана  мысал:  импорттық  сүт-

ті  алмастыратын  сиырды  бағып-өсіру  үшін  кемінде 

2,5  жыл  қажет,  әкімшілік  шешімдер,  президент  жар-

лығы  және  қандай  да  бір  инвестиция  бұл  мерзімді 

қысқарта  алмайды.  Сонымен  қатар  импортты  алма-

стыратын  кәсіпкерлер  жағдай  өзгеріп  кетпейтінді-

гіне,  санкцияға  қарсы  кері  санкциялар  алынып  та-

сталмайтындығына,  инвестицияларының  құрдымға 

кетпейтіндігіне  сенімді  болатындай  қолайлы  кәсіп-

керлік  ахуалдың  болғаны  абзал.  Ең  бастысы  жеке 

меншік  қорғалуы  тиіс,  кәсіпкерлерді  олардың  бәсе-

келестерінен,  шенеуніктер  мен  әлуетті  органдардың 

қыспағынан  қорғайтын  шынайы  тәуелсіз  соттың  бо-

луы қажет. Осының барлығы да өкінішке орай, Ресей-

де  жоқ,  бар  болғанның  өзінде  тым  мардымсыз.  Осы-

лайша  импортты  алмастыра  алады  деген  салаларға 

инвестицияның құйылуы екіталай.

Ал Ресейге қарсы санкцияларға келер болсақ, олар 

негізінен  рубль  бағамын  құлдыратты,  себебі  олар 

қаржылық  санкциялар,  соның  салдарынан  батыстың 

капитал  нарығы  түбегейлі  жабылып  қалды.  Тиісін-

ше  қарыздарды  қайта  қарауға  болмайды,  оларды 

өтеу  қажет.  Тағы  бір  жайт  бар,  ол  әзірге  көрініс  та-

пқан  жоқ,  уақыт  өте  келе  алдымыздан  шығады.  Бұл 

салалық санкцияларға қатысты, атап айтқанда Ресей-

дің  мұнай  саласына  қатысты.  Ол  геологиялық  бар-

лау,  оның  жабдықтарын  күтіп-ұстау,  мұнай  өндіру-

дің қазіргі заманғы технологияларына қатысты. Егер 

санкция  ұзап  кететін  болса,  онда  ол  ресейдің  мұнай 

өнеркәсібіне  елеулі  зиянын  тигізеді.  Геологиялық 

барлаусыз біршама уақыт өмір сүруге болар еді, алай-

да  онсыз  өркендеу  мүмкін  емес.  Жабдықтарды  бір-

шама уақыт күтіп-ұстамай тұра аламыз, алайда олар 

бірте-бірте істен шығуы мүмкін. Мұның да шегі бар, 

нәтижесінде  ол  мұнай  өндірудің  күрт  кеміп  кетуіне 

алып келеді.



Каталог: images -> files
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Название теста: Мемелекет және құқық теориясы
files -> Рабочая программа по литературе в 7 классе (Образовательная система «Школа 2100») Статус документа
files -> Уроков русского языка в 9-м классе (70 часов 2 часа в неделю) Дата № п/п Тема урока
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Программа по русскому языку для 6 класса Гильмутдиновой Саджиды Сулеймановны, учителя I квалификационной категории
files -> Программа по русскому языку для 6 класса составлена в соответствии с
files -> Программа разработана


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет