Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: « Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып



бет100/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: « Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып
енгізуді орындау »





« Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып
енгізуді орындау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы

1

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю




2

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.




3

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.




4

Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қан ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (қатайған тін бөлігі).




5

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, салфеткаларды, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды, штативті, дәрілік ерітіндісі бар флаконды, лотокты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




6

Емделушіге жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара емделушітың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықтын және ішекті босатуын ұсыныңыз.




7

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.




8

Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз.




9

Емделушінің шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.




10

Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.




11

Тамыр соғуын тексеріңіз. Емделушітан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.




12

Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз.




13

Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алыңыз.




14

Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз.




15

Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бұрышын азайтыңыз.




16

Инені көк тамыр боыймен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.
Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді




17

Сол қолмен бұрауды босатыңыз, емделушітан жұдырығын жазуын сұраңыз.




18

Ине тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.




19

Жүйенің қысқышын ашыңыз.




20

Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Емделушітың жағдайын бағалаңыз.




21

Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.




22

Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағалаңыз.




23

Дәрілік ертіндіні құйып жатқан уақытта, емделушітың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.




24

Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутке басыңыз. Емделушінің қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз.




25

Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.




26

Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет