Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет103/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: «Теріге майды сылап жағу»





« Теріге майды сылап жағу » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы

1

Мақсаты: емдік.




2

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.




3

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы




4

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




5

Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.




6

Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, емделушіқа майды таңдаңыз.




7

Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.




8

Емделушіге емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.




9

Емделушіге емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.




10

Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.




11

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.




12

Емделушінің терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.




13

Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).




14

Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз




15

Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




16

Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.






Ескерту:

  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

  • егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда емделуші өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

  • емделушіге қолын майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет