«Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
Жауабы
1
Мақсаты: емдік.
2
Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.
3
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
4
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз
5
Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
6
Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).
7
Емделушіге дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
8
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
9
Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.
10
Емделушінің ауызын ашуын сұраңыз.
11
Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы емделушітың тілінің түбіріне салыңыз.
12
Емделушіден дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.
Ескерту:
қабығы бар таблетканы емделушітын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;
емделуші таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;
дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.
Дағды: «Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны(қоспалы сұйық дәріні) қолдану»
№
«Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны(қоспалы сұйық дәріні) қолдану» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
Жауабы
1
Мақсаты: емдік
2
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
3
Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
4
Емшараның мақсаты мен барысын емделушіге түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
5
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
6
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
7
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
1 шай қасықта – 5 мл
1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл
1 ас қасықта – 15 мл
8
Емделушіге дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.
9
Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Дағды: «Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану»
№
«Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
Жауабы
1
Мақсаты: емдік.
2
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
3
Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
4
Емделушіге емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
5
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз
6
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
7
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
8
Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.
9
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
10
Даярланған ерітіндіні емделушіқа ішкізіңіз.
11
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.