Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін



бет99/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: «Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін
бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыр »





« Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін
бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыр» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы

1

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).




2

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.




3

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




4

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.




5

Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).




6

Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).




7

Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.




8

Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз




9

Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.




10

Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.




11

Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз.




12

Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).




13

Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз.




14

Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.




15

Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.




16

Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.




17

Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет