№
|
« Теріге майды сылап жағу » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: емдік.
|
|
2
|
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
|
|
3
|
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы
|
|
4
|
Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
5
|
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
|
|
6
|
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, емделушіқа майды таңдаңыз.
|
|
7
|
Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.
|
|
8
|
Емделушіге емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.
|
|
9
|
Емделушіге емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.
|
|
10
|
Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.
|
|
11
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
12
|
Емделушінің терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
|
|
13
|
Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).
|
|
14
|
Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз
|
|
15
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
16
|
Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|