дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.
Дағды: «Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны(қоспалы сұйық дәріні) қолдану»
№
«Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны(қоспалы сұйық дәріні) қолдану» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
Жауабы
1
Мақсаты: емдік
2
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
3
Дайындаңыз:дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
4
Емшараның мақсаты мен барысын емделушіге түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
5
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
6
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
7
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
1 шай қасықта – 5 мл
1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл
1 ас қасықта – 15 мл
8
Емделушіге дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.
9
Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Дағды: «Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану»
№
«Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
Жауабы
1
Мақсаты: емдік.
2
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
3
Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
4
Емделушіге емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
5
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз
6
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
7
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
8
Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.
9
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
10
Даярланған ерітіндіні емделушіқа ішкізіңіз.
11
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.