Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ»



бет93/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Дағды: «Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ»





«Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ техникасы» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: диагностикалық.




2

Қолдану көрсетілімдері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.




3

Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.




4

Асқынулар: инфильтрат.




5

Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.




6

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




7

Емделушіге емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.




8

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.




9

Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.




10

Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.




11

Емделушіні отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.




12

Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.




13

Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.




14

Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.




15

Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.




16

ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.




17

Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).




18

Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).




19

Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз.




20

Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.




21

Қолыңызды жуып, кептіріңіз.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің емделушіге түсіндіріңіз






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет