№
|
« Тері астына инъекцияны орындау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
|
|
3
|
Қарсы көрсетілімдері: дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.
|
|
4
|
Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.
|
|
5
|
Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты.
|
|
6
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
7
|
Емделушіге емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.
|
|
8
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
9
|
Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
|
|
10
|
Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз
|
|
11
|
Емделушіні отырғыңыз немесе жатқызыңыз.
|
|
12
|
Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерді контейнерге салыңыз).
|
|
13
|
Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз
|
|
14
|
Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенін, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.
|
|
15
|
Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.
|
|
16
|
Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.
|
|
17
|
Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
|
|
18
|
Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
|
|
19
|
Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.
|
|
20
|
Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқалаңыз
|
|
21
|
Шприцтті, мақта шариктерін және қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
22
|
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.Емделушінің қал жағдайын сұраңыз
|
|