149
Тәрбие тармақтары
ойынына қосыла кетті. Хасанға болысып ол да Хұсейінді қуа
жөнелісті. Осылайша Пайғамбарымыз бен үлкен немересі бір
жақ, ал кіші немересі жалғыз өзі бір жақ болды. Бұл әрекет
әдеттен тыс жағдай еді. Себебі, Пайғамбарымыз үнемі әлсіздерге
қамқорлық көрсететін. Бұл жолы үлкеніне болысып, кіші
немересін жалғызсыратқан тәрізді. Ойынды сырттай бақылап
тұрған мейірбан әке Әли (р.а.) де осыны байқап қалды. Кіші ұлы
қорғансыз қалғандай көрінді. Уайымын сейілткісі келген оймен:
− Уа, Аллаһтың елшісі! Неліктен Хасанға жақтасасыз?
Хұсейін одан да кіші емес пе? – деді.
Пайғамбарымыздың жауабы оның көңілін бір демде жады-
райтып жіберді:
− Хұсейінге Жәбірейіл жақтасып жүр!
Аллаһ тағаланың балаларға деген мейірімінің кеңдігіне
қараңыз! Өзінің елшісі мен мәртебелі періштесін балаларға серік
етіп ойнатуда.
Иә, шындығында періштедей пәк көңіл балалардың ойын-
дарына періштелер де қосыла ойнайды. Осыны сезіну үшін сіз де
балаңызбен бірге ойнап көріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: