оң қолыңмен, өз алдыңнан ғана же», – деді. Бұдан кейін
мен тамақты тек қана солай жейтін болдым»
153
. Міне,
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үйінде дастарқан ба-
153
Бухари, Әт‘имә, 2; Муслим, Әшрибә, 108.
157
Тәрбие тармақтары
сында үлкендермен бірге балалардың отыруына рұқсат
беру арқылы, олардың дастарқан басында айтылған
ғибратты әңгімелерді тыңдап, көкірегіне тоқуына әрі
үлкендермен дастарқандас болу арқылы әдептілікті
үйренулеріне жағдай жасаған. Тәрбиенің осы әдісі жай-
лы балалар әдебиетінің ағасы М. Әлімбаев өз ойын бы-
лайша өрбітеді:
«Қонаққа есік ашып, жылы да сыпайы сәлемдесіп,
хош алудан бастап, шешіндіріп, киімін ілу, қолына су
құйып, орамал ұсыну – жас балаға әрі мәртебе, әрі өнеге.
Жас күнінен жағымды, жұғымды болуға машықтана
бермей ме?
Әке-шешеге қолғанатқа жарағандықты аңғартар
сәттің бірі де – мейманға құрмет көрсету кезі емес
пе?! Дастарқандағы ыдыс-аяқты ауыстыру, шанышқы-
қасықты жаңартуға жас баланың да ебі жетпей ме?
Мәжіліс үстінде балдырғанның өзі де ұшып-қонып
ұшқалақтанбай, байыпты-байсалды отыруға жаттықпай
ма? Қала берді, шанышқыны қалай, қай қолға ұстауды,
тәрелкесіне салған кесек етті пышақпен қалай қиялап
турауды, аузына салған дәмін сыпайы жеуді үйрене
бермей ме?
Үлкеннің сөзін бөлмей, сыпайы тыңдау, орайы
келген жерінде тіл қату, жасы үлкеннің алдын кес-
пеу – бәрі-бәрі өнегелікке бастар тәрбиенің құрамдас
бөліктері ғой.
Дастарқан басындағы құйма құлақ жасөспірім
жақсы сөз үйренеді, тіл ұстартады, қаншама тың
мағлұмат пен жаңалыққа қанығады... «Кісі болатын
бала қонаққа үйір» деп қазақ халқы бекер айтпаған.
Мұнда қаншалықты сыр жатқанын біз бен сіз де білесіз.
158
Исламдағы бала тәрбиесі
Әр қонақ – адам. Жас бала адам танып, адамды сыйлау-
ды, сүюді үйренеді»
154
.
Балаға игі ықпал етер сәттерді уыстан шығарып ал-
май, сәтті пайдалану – мұсылмандық тәрбиенің бірден-
бір ұстанымы. Сондықтан қонаққа ала бару, қонақты
күту кезінде көрсеткен үлгі-өнегеміз бала тәрбиесінде
аса маңызды.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
балалардың
үлкендерге құрмет көрсетуіне қатты мән беретін.
«Үлкендерге құрмет, кішілерге мейірім көрсетпегендер
бізден емес» деу арқылы балаларды үлкендерді
құрметтеуге шақырған. Пайғамбарымыздың балалар-
ды жақсылыққа үгіттеген хадистерінің бірінде, інісі
үлкен бауырын әкесін сыйлағандай сыйлау керектігін
айтады.
Міне, бұл да баланың бойында тіпті өзінен бір
жас үлкен бауырын сыйлауға алып келетін тәлімгерлік
тәсіл болса керек. Ислам дінінің тәрбие мектебінен
өткен ғұламалар алдымен Аллаһ тағаланы, сосын
Пайғамбарымызды, одан кейін ата-ананы, содан барып
ұстаздарды сыйлау керек дейді. Бұл да балаға үйретілуі
тиіс ұлағатты өсиет. Баланың бойына үлкендерге деген
құрмет қасиетін еге білсек, бұл тек бала тәрбиесінде
ғана емес, қоғамның да тыныштығы мен бақыты үшін
жасалған берекетті қадам. Осы ақиқат Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хадисінде былайша өріледі: «Аллаһ
тағала қарт кісінің жасын құрметтеген әрбір жасқа
қартайған шағында өзіне де құрмет көрсететін адам-
дарды кезіктіреді»
155
. Үлкен мен кіші арасындағы
154
М. Әлімбаев, Аяншақ ата-аналар мен әлжуаз балалар, Бала
тәрбиесі, 16-21-беттер, 12, 2006.
155
Тирмизи, Бирр, 75.
159
Тәрбие тармақтары
сыйластық − қоғамдық қатынасты реттейтін бір құрал.
Сондықтан Ислам діні осы ахлақ ұстанымын адамдарға
парыз еткен.
Жалпы шыншылдық, өтірік айтпау, қонақжайлы-
лық, әлсіздерге қамқорлық, мейірімділік, кеңпейілділік,
жомарттық, ысырап жасамау, ұрламау, сыпайы
сөйлеу, әділдік секілді қасиеттер діни тәрбие арқылы
қалыптасады. Ал осы қасиеттерді баланың бойына
сіңіретін бірінші ретте ата-ана екені рас. Тәрбиенің
басқа тармақтары секілді мінез-құлық тәрбиесінде де
ата-ананың іс-әрекеттері өте маңызды. Себебі, бала
үлкендерді өзіне үлгі тұтады.
Баланың мінез-құлық тәрбиесіне әсер ететін
құбылыстардың бірі – балалардың жан-жануарларға
қамқорлық көрсетуге дағдылануы. Жануарларға
қамқорлық бала бойында мейірім мен сүйіспеншіліктің
қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан
Пайғамбарымыз бала бойында қатігездік қалыптаспауы
үшін жануарларға орынсыз тиіспеуге, жанын
ауыртпауға шақырған. Сүннетке назар аударатын
болсақ, жалпы табиғатты аялауға шақыратынын
көреміз. Құран Кәрімде де баяндалғандай қоршаған
ортадағы әрбір жаратылыс Аллаһ тағаланың бар
екенін дәлелдейді. Сондықтан оларды «Аллаһ
тағаланың бар екенін білдіретін ғаламдық аяттар»
дейміз. Соның ішінде адам өмірімен тығыз байланыс-
ты жаратылыстың бірі – жануарлар әлемі екені рас.
Құранда айтылғандай жануарлар әлемі де өз алдына
жеке бір үмбет
156
. Сондықтан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
жылан, шаян, қарақұрт, тышқан секілді
156
«Әнғам» сүресі, 38-аят.
160
Исламдағы бала тәрбиесі
адамға зияны тиетін жануарлардың тысындағыларды
бостан-босқа өлтіруге тыйым салған. «Бостан-босқа
бір торғайды өлтірген адамнан Аллаһ тағала қиямет
күні (соның) есебін сұрайды»
157
деген. Балалардың
білместікпен әуестенетін істері – құстардың ұясын
бұзу, құмырсқаның илеуін өртеу секілді т.б. Осы-
ны білген Пайғамбарымыз мұсылмандарға кішкене
балалардың осындай бұзықтықтарына жол бермеуін
қатаң ескерткен. Жануарларды қинамау үшін шамасы-
нан тыс жүк артпауды, оларға лағынет айтып, ұрмауды,
дер кезінде суарып, жем-шөбін беріп тұруды өсиет ет-
кен Пайғамбарымыз «Егер жануарларға көрсеткен
азаптарыңды Аллаһ тағала кешіретін болса, үлкен
кешірімді сендерге нәсіп еткен болар еді» дейді. Қамап
тастап мысығын аш қатырғаны үшін бір әйелдің тозаққа
кіргенін айтса, қанша күнәсі бола тұра, шөлдеген итке
су бергені үшін күнәһар әйелдің жұмаққа кіргенін айту
арқылы, мұсылмандарға үй жануарларын күтіп-баптап
ұстауға шақырған. Осыны балаларымызға да үйретсек,
біріншіден, олардың бойында жауапкершілік сезімін
оятуға, екіншіден, мейірім мен сүйіспеншіліктің
қалыптасуына, үшіншіден, табиғатты аялауға үйретеміз.
Сондықтан баланың мінез-құлық тәрбиесінде бұл
тақырыптың да қажет екенін ескерте кетуді жөн
санадық.
Әңгіме!
Достарыңызбен бөлісу: |