162
Исламдағы бала тәрбиесі
етіп төбелеске үйрету, қыз балаға тән қылықтарына
теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан қыз бен ұл бала-
ны өзіне сай әдеттерге дағдыландыру керек. Ал бала
тәмииз жасына келгеннен бастап жыныстық тәрбиені
жүйелі түрде қолға алу қажет. 7-10 жас аралығындағы
балалардың тәрбиесіне қатысты Пайғамбарымыздың
айтқан келесі өсиеті мынадай:
«Жеті жасқа келген-
де, қыз балалар мен ұл балалардың, ағайынды қыз бен
ұлдың төсектерін бөлек салыңдар». Ғалымдар осы
хадистің мазмұнына сүйене отырып, жеті жастан бас-
тап балалардың жыныстық айырмашылықтарды са-
налы түрде аңғара бастайтынын айтады. Сондықтан
олардың осы жастан бастап төсектерін де бөлу
керектігін ескертеді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
балалардың төсектерін бөлу мәселесін он
жастағы баланың намазы жайлы айтқан хадисінде де
қайталайды:
«Балаларың жеті жасқа толғанда намаз-
ды әмір етіңдер. Он жасына келгенде төсектерін бөлек
салыңдар»
158
. Жеті жастан бастап оларды бөлек төсекке
жатқызуға дағдыландыра бастасақ, ал он жасында олар-
ды бөлек жатқызу уәжіп болады. Ғалым Нәуәуи бұл
туралы былай дейді: «Қыз және ұл балалар он жасқа
толысымен анасы, әкесі және бауырларынан төсегін
бөлу – уәжіп». Демек, жеті жасынан бастап баланың
жынысына қарай тәрбиеленуін ескеруіміз, ал он жасы-
нан бастап тіпті мұны ата-ана үшін уәжіп дәрежесінде
қабылдауымыз керек. Тіпті кейбір қыз балалардың 9
жасында балиғат жасына кіру мүмкіндігін ескеретін
болсақ (яғни кейбір қыздарға 9 жасында етеккірі келуі
мүмкін, ал етеккір келген күннен бастап ол балиғат
158
Әбу Дәууд, Салат, 25.
163
Тәрбие тармақтары
жасына кірген болып саналады), қыз балалар үшін
бұл мәселерді тіпті ескерусіз қалдырмауымыз керек.
Етеккірдің ең ерте келетін жасы 9 жас болғанымен,
жалпы алғанда қыз балаларда етеккір 11-13 жастарын-
да келеді. Осы кезде анасы қызына оның ағзасындағы
өзгерісті түсіндіріп, мұндай жағдайда суға түсуге, ве-
лосипед тебуге, ауыр зат көтеруге, спорт жарыстары-
на қатысуға, салмақ түсіретін жұмыстарға араласуына
болмайтынын айтып отыруы керек.
Жеті жасқа дейінгі балалардың тәрбиесі жай-
лы сөз қозғалғанда да балаларды қол істерге, еңбекке
баулу жайлы айтқан болатынбыз. 7 жасқа дейін бала-
лар ойын баласы ретінде қаралады. Осы жасқа дейін
мінез-құлықтарын жыныстарына сай қалыптастыру
үшін жағдай жасалуы қажет болатын болса, енді баста-
уыш мектеп жасына келгенде бала еркеліктен естілікке
қарай ойысатындықтан, бұл кезеңдерде балиғат жасына
саналы түрде дайындауға болады. Қойған сұрақтарына
баланың түсінігіне сай жауап беру керек. Балиғат жасы-
на жақындағанда қыз балаға анасы, ұл балаға әкесі осы
жаста болатын физиологиялық өзгерістерді түсіндіргені
абзал. Сонда бала өз бойынан сол өзгерістерді көргенде
балиғат жасына жеткенін аңғарады. Әрі еңбек
тәрбиесінде де осы жастарда қыз балаға анасы жол
көрсетсе, ұл баланы әкесі еңбекке баулыса, өздерінің
жынысына сай мінез-құлықпен өсері анық. «Шеше
көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» деп халқымыз
да бекер айтпаса керек. Осы жас аралықтарында
баламыздың жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып,
қыз баланы қызға жарасар сыпайылыққа, ұл баланы ер
жігітке сай ептілікке үйретуіміз керек.