Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


I-ТАРАУ ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БЕСІГІ



Pdf көрінісі
бет4/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

I-ТАРАУ
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БЕСІГІ
ОтАу тігу
«Отан – отбасынан басталады». Ата-бабамыз осы-
лайша  атан  түйенің  белін  қайыстырар  алапат  ойды 
жалғыз ауыз сөзге сыйдырыпты. «Малым – жанымның, 
жаным  –  арымның  садағасы»  деген  қағиданы  ана 
сүтімен  бойға  дарытқан  қазақ  үшін  ары  жанынан 
жоғары  тұрған.  Сол  себепті  де,  жарық  дүниеге  шыр 
етіп  келген  сәбидің  күні  ертең-ақ  ержетіп  отбасын 
құрайтынын ескеріп, ерте қам жасапты. Қазақтың бел 
құда, бесік құда болатын ежелгі дәстүрі осыдан бастау 
алған. Бұдан «он үште отау иесі» деген аталы сөздің де 
бекер айтылмағанын байқаймыз. 
Қазақтың баласы мен қызының отау тігуіне қатыс-
ты айтылған даналық сөздерін, сан ғасыр сұрыпталып 
бізге  жеткен  әдет-ғұрыптарын,  дәстүрлерін,  салт-
жоралғыларын жиып-теріп қарастырсақ, кешегі көшпелі 
жұрттың  өмір  салтынан  тұтастай  ислам  пәлсапасы 
айқындала түсер еді. Ол пәлсапаның өзегінен ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғасын  тапқан  үлкен  өнегені  аңғарамыз. 
Осы  өнеге  негізі  Ислам  дінімен  сабақтасып,  бір-бірін 
қуаттайды.  Бұл  қазақ  халқының  Ислам  дінін  берік 
ұстанғанын  аңғартады.  Халық  даналығын  Құранның 


12
Исламдағы бала тәрбиесі
аят-сүрелерімен  шегелеп,  бекіте  түседі.  Мысалы, 
Құран Кәрімде: «Араларыңдағы бойдақтарды, сондай-
ақ  қолдарыңдағы  құл  мен  күңдеріңнің  дұрыстарын 
үйлендіріңдер.  Егер  олар  кедей  болса,  Аллаһ  өз 
игілігімен байытады. Аллаһ (игілігі) өте кең әрі бәрін 
білуші»

– деген аят бар. Қасиетті Құран Кәрімнен отба-
сына қатысты, үйленген ер мен әйелдің құқықтары мен 
міндеттері хақында мұнан да басқа көптеген аяттарды 
кезіктіруге болады.  
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 бір хадисінде: 
«Үйленіңдер, көбейіңдер, мен қиямет күні үмбетімнің 
көптігімен мақтанамын»
5
 деп, үмбетіне отбасы құруды 
және ұрпақ өрбітіп, өріс кеңейтуді насихаттайды. 
Мұсылмандықты  діңгек  еткен  қандай  да  бір  ұлт-
тың немесе қоғамның өз кемеліне келуі әрбір керілген 
керегенің  мығым  боп,  әрбір  көтерілген  шаңырақтың 
шайқалмауына тәуелді. Сондықтан отбасы − ұлт дәнегі, 
қоғам тірегі. Бұрынғы ойшылдар бұл тірек берік бол-
са,  ұлт  та,  сол  ұлт  ұйыстырып  отырған  мемлекеттің 
іргетасы  да  бекем  болатынын  айтып  кеткен.  Отбасы 
қалай бой түзесе, қоғам да соның ырқында болады. 
Адам ата ұрпақтары осы қағидалардың барлығын 
білсе  де,  мұның  бастау  бұлағы  мен  шешімі  Ислам 
дінінде тұнып тұрғанына көз жеткізе алмай-ақ келеді. 
Ислам  діні  мұсылман  пенденің  үйін  «жаннаттың 
бір  пұшпағына»  теңейді.  Сол  себепті  де  «Жұмақтың 
бір  пұшпағына»  баланған  шаңырақтың  астында 
бүлдіршіндер имани тәрбие алуы тиіс. Осындай құтты 
4
  «Нұр» сүресі, 32-аят.
5
  Абдурразззақ, Мүсаннаф, 6/173; Ажлуни, Кәшфул Хафа, 1/318, 
319.


13
Отбасы – тәрбие бесігі
шаңырақтағы бүлдіршіндердің үйді бастарына көтеріп, 
шулағанының  өзі  періштелердің  құлшылықтағы  тәс-
бихын еске салатындай тым тәтті болмақ. 
Үйленуді  әрі  ғибадат,  әрі  сүннет  деп  ұғу  керек. 
Сондықтан да ата-ананың мұсылмандық міндеттерінің 
бірі − мұсылман үмбеті деген атқа лайық иманды пер-
зент тәрбиелеу. Осы арқылы екі дүниеде де Аллаһтың 
разылығына бөлену. Шаңырақ көтеретін екі жас алда-
рына  осындай  асыл  мақсат  қойса,  болашақта  отбасы-
мен басталатын отаны берік болады. 
Ислам діні бозбала мен бойжеткеннің осы бағыт-
ты  көздей  отырып,  шаңырақ  көтеруін  сауапты  әрі 
құптарлық іс деп таниды. Бас-аяғын терең ойластырып, 
ыстық сезім мен нұрлы ақылды басшы етіп тігілген отау 
баянды, сол отауда жарық дүние есігін ашқан ұрпақ та 
қайырлы болмақ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет