Әкемді құшақтар едім Анасының қолынан ұстап келе жатқан кішкентай қыз кенет-
тен тоқтай қалды. Жаңбыр тамшыларымен суланған көзілдірігін
шешіп, әкесінің велосипедінің артына мінгесіп алған өзіне тете-
лес кішкентай қызға телміре қарап тұрды. Велосипедтің артын-
да отырған әлгі қыз құлап қалмайын деп әкесінің белінен қатты
құшақтап алыпты. Таңғы ызғар суықтан қызарған бетін әкесінің
арқасына төсеп келеді. Әкесі қайта-қайта басын бұрып қызына бір
нәрселерді айтып бара жатыр. Қыз болса ішек-сілесі қата күледі.
Велосипедтің соңынан телміре қарап тұрған қызына анасы:
− Үйдегі ойыншықтарың жетпейтіндей велосипедке телміріп
тұрғаның не? – деп дүрсе қоя берді. – Жарайды, қаласаң, әкеңе ай-
тармыз, саған да алып берсін.
Қыз бәсең дауыспен:
− Велосипедке емес, қызға қарап тұрмын. Әкесі артында
отырған қызымен әңгімелесіп бара жатыр...
Анасы қызының сөзін елеген де жоқ. Қымбат теріден тігілген
бас киімін түзетіп жатып:
− Достарың осындай жаңбырлы күнде мектепке жаяу келеді.
Әкең болса, жұмысқа асықса да, саған уақытын бөліп, көлігімен
мектепке дейін әкеліп тастайды.
Қыз әлі велосипедтен көзін ала алмады. Шешесі одан сайын
ашуланып:
− Қаласаң әкең де сені мектепке велосипедпен апарып
жүрсін. Сонда тіпті жарасып кетер еді! – деді мысқылдап.
Бүлдіршін қыз жанарынан аққан көз жасын анасына
көрсетпеуге тырысып:
− Онда жақсы болар еді, – деді күбірлеп, – Мен де әкемді
құшақтап отыратын едім.
141
Тәрбие тармақтары Гүл өскіні топырақты, суды, күн сәулесін, ауаны қаншалықты
қажет етсе, бала да сүйіспеншілікті, мейірімді соншалықты қажет
етеді.