Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет76/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Жүру және жүгіру
Пайғамбарымыз жайлы айтылған хабарларда оның 
оқ  ату,  атқа  шабумен  қатар  жүруді  де  насихаттағаны 
айтылады.  Осы  насихатқа  орай  сахабалар  жүруге 
қатты  мән  берген.  Хазірет  Омар  (р.а.)  былай  деген: 
«Балаларыңа  жүзуді,  атқа  шабуды  үйретіңдер  және 
белгіленген қашықтық арасында жалаң аяқ жүруді әмір 
етіңдер». Жүру де − дене шынықтыру жаттығуларының 
бірі. Жаяу жүру, жүгіру және т.б. көптеген бірқалыпты 
орта деңгейде орындалатын дене қозғалыстары арқылы 
әртүрлі  бұлшық  еттер  жұмыс  істеп,  белгілі  мерзім 
аралығында олардың босаңсуына жол ашылады. Ал бұл 
мидың ұзақ уақыт жақсы қызмет істеуіне әсер етеді. 
Жүгіру жайлы Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 
былай  деген:  «Ара  қашықтыққа  жүгірген  адамның 
әрбір  қадамында  жақсылық  бар».  Өзінің  Айша  ана-
169
 Нәсаи, Кусуф, 15.
170
 Бухари, Зәбаих, 25.
171
 Мәжмауз-Зәуаид, 5-т., 136-б.


176
Исламдағы бала тәрбиесі
мызбен (р.а.) екі рет жарысқаны, біріншісінде хазірет 
Айшаның (р.а.), екіншісінде Пайғамбарымыздың озып 
кеткені  айтылады
172
.  Сахаба  Абдуллаһ  ибн  Омардың 
ара  қашықтыққа  өте  тез  жүгіретіні,  мәреге  жеткенде 
«Міне,  келдім!  Міне,  келдім!»  –  деп  қуанғаны  баян-
далады.  Пайғамбарымыздың  және  сахабалардың  реті 
келгенде  ара  қашықтыққа  жүгіргендерін,  осылай-
ша  дене  шынықтыруға  көңіл  бөлгендерін  айтуға  бо-
лады.  Осы  айтылғандармен  қатар  дене  шынықтыру 
мақсатымен  басқа  да  жаттығуларды  балаларға  орын-
дату, күнделікті әдетіне айналдыру тәрбие тұрғысынан 
қажет.  Себебі,  мұғалімнің  немесе  жаттықтырушының 
басшылығымен  күнбе  күн  дене  шынықтырумен 
шұғылданып жүрген жас өспірім тек қана денсаулығын 
жетілдіріп  қоймайды,  сонымен  қатар  адамгершілік 
рухта  тәрбиеленеді.  Кездескен  қиыншылықтың  қан-
дайын  болса  да  жеңіп  шығуға  дағдыланады,  бойын-
да  жағымды  мінез-құлық  қалыптасады.  Коллективте 
қатаң  тәртіп  сақтау  ережелерін  орындау  дағдысына, 
жоғары  мәдениеттілікке  тәрбиеленеді.  Олардың  ал-
дына  нақтылы  міндеттер  қойып,  осыны  толық  орын-
дап  шығу  үшін  ерінбей  еңбек  етіп,  күш-жігерлерін 
жұмсау  қажеттілігін  ескерту  тиімді.  Бұл  −  баланың 
белсенділігін  арттырып,  оларды  іске  жұмылдырады. 
Күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік, табандылық және 
тәртіптілік көрсетуге байланысты әртүрлі еркін бұлшық 
ет  қимылдарын  жасау  үшін  өзінің  дене  күші  мен  ой-
өрісі  қабілеттілігін  арттыра  түседі.  Аңғарғыштығы, 
ептілік қасиеттері жетіле береді. 
172
 Әбу Дәуд, Жиһад, 68.


177
Тәрбие тармақтары
Дене  шынықтыру  жаттығуларының  нәтижесінде, 
әдетте,  адамның  дене  құрылысы  да  жақсарып,  сұлу-
ланып, келбетті болып келеді және түрлі жаттығуларды 
көп  күш  салмай,  еркін,  табиғи,  әдемі,  сұлу  жасау 
қабілеттілігі дамиды. 
Дене шынығу жаттығулары баланың денсаулығын 
нығайтып,  денесінің  дұрыс  өсуіне  ықпал  етеді  және 
оларды  өмірге  аса  қажетті  күштілік,  жылдамдық, 
төзімділік,  шапшаңдық,  тәртіптілік,  ұқыптылық, 
жігерлілік,  батырлық,  табандылық,  шешімділік  және 
т.б. қасиеттерге тәрбиелейді. Сонымен қатар жолдастық 
сезім,  тапсырған  іске  жауаптылық,  намысты  қорғау 
сезімі өршіп нығаяды. 
Шынықпаған,  әуектетілген  нәзік  бала  суық 
тиіп  жиі  ауырады.  Қимылына,  қозғалысына  тежеу 
болған  бала  жақсы  жетілмейді.  Әсіресе,  оның  қимыл 
үйлесімі ойдағыдай болмайды. Жиі жығылып, тізесін, 
шынтағын жаралап алады. Бала аз қимылдаудың сал-
дарынан тамақты да көп қажет етпейді. Тәбеті нашар-
лайды.  Осындай  тәрбиенің  салдарынан  бала  көбінесе 
жүдеу,  ауырғыш,  өзімшіл  болып  келеді.  Осындай 
кемшіліктің алдын алу үшін бір мұсылман ғұламасының 
айтқанындай:  «Әке  баласына  дінді  танытуы,  Құран 
оқып,  жаза  білуін,  тіпті,  атқа  мінуді,  суға  жүзуді,  за-
манына  сай  өзін-өзі  қорғай  білуін  де  үйретуі  тиіс. 
Баланың  ақыл,  ой,  күш-жігерін  тек  жекпе-жек  спорт 
түрімен ғана шектеп қоймай, өмірі мен денсаулығына 
және ертеңі үшін пайдалы спорттың өзге де түрлерімен 
шұғылдануына жағдай тудыруымыз керек».
Осы орайда Қазақстанның халық жазушысы, бала-
лар әдебиетінің көрнекті қаламгері Мұзафар Әлімбаев 


178
Исламдағы бала тәрбиесі
ағамыздың  даналық  пайымдауларынан  бір  үзінді 
келтіруді дұрыс көріп отырмыз:
Әңгіме!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет