Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


сүннет: Зина жасау қаупі жоқ болса да, шаңырақ  көтеруді қалаған адамның үйленуі − сүннет.  Харам



Pdf көрінісі
бет7/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101
сүннет: Зина жасау қаупі жоқ болса да, шаңырақ 
көтеруді қалаған адамның үйленуі − сүннет. 
Харам:  Үйленгеннен  кейін  де  теріс  жүрісін  тоқ-
татпайтын  немесе  отбасын  бағу  үшін  ұрлық-қарлық, 
парақорлық сияқты түрлі теріс әрекеттерге, яғни діни 
тұрғыдан  тыйым  салынған  істерге  баратын  адамның 
үйленуі − харам. Ғалымдар бұл үкімді жұбайына зәбір 
көрсететіндерге де қатысты деп санайды.
Мәкрүһ: Үйленгеннен кейін жұбайына қиянат жа-
сайтыны анық білінбесе немесе отбасын асырау үшін 
харамға  баруы  мүмкін  болса,  ондай  адамның  үйленуі 

 мәкрүһ.
Мүбах:  Табысы  адал,  зина  жасау  ықтималдығы 
жоқ  (діндар,  тақуа),  мәхір  беретін  жағдайы  бар,  ісі 
тыңғылықты адамның үйленуі мәмдух не мүбах, яғни 
құптарлық.  Ондай  адам  қаласа  үйленеді,  қаламаса 
үйленбейді. 
Міне,  Ислам  дінінде  үйленудің  өзін  жақ-жақты 
талдап,  қандай  жағдайда  оның  парыз,  сүннет  немесе 
харам  болатынын  анықтау  арқылы  үйленуге  атүсті, 
жеңіл  қарауға  болмайтыны  ескертілген.  Егер  мұндай 
аса маңызды мәселе барлық жағынан көңілге қонымды 
ұстанымдарға  негізделмесе,  сот  орындары  жесір 
әйел мен жетім балалардан көз ашпас еді. Дін некеге 
қатысты барлық мәселелерді әу бастан таразылап, соңы 
түрлі  келеңсіздіктерге  ұшырататын  некелесуді  харам 
не  мәкрүх  секілді  категорияларға  бөліп  қарастырып, 
көбіне сезім билейтін мұндай жағдайда ақыл мен ойды 


22
Исламдағы бала тәрбиесі
бірінші кезекке қойған. Сондықтан да бір басын екеу 
етуге ниеттенген нағыз мұсылман некеге тән құмарлығы 
ретінде ғана емес, тұтас бір ұлттың, қоғамның болашағы 
ретінде қарай білуі керек. Ал, тәндік тояттау мен ләззат 
алуды осындай ұлы мақсатты жүзеге асыру үшін адам 
баласына Аллаһтың берген кішігірім сыйы деп түсінген 
жөн.  Былайша  айтқанда,  ұлттың  байрағын  желбірете-
тін адамгершілігі мол ұрпақ өсіруі үшін берілген ынта-
ландыру «сыйлығы» деп қабылдау керек. 
Сонымен,  неке  Хақ  тағаланың  рұқсаты  аясын-
да  қиылғаны  абзал.  Себебі,  неке  дегеніміз  –  көзге 
көрінбейтін рухани жіп. Оның кереметтігі – Аллаһпен 
байланысында. Неке барысында дұға оқылып, ислами 
ұстанымдар  шеңберде  қиылуы  және  мәхір  бекітілуі 
тиіс. Өз атымен қиылған некені Жасаған Ие құтты әрі 
берекетті етеді. Мұндай неке – баянды болашақ пен жа-
расымды өмір сүрудің кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет