ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
93
ӘОЖ 13
Құдайбергенова Н.Ж.
??????
???
E-mail: Nazgul_1507@mail.ru
Қоғам үшін оның ұстанымдарының міндеті – өркендеу
жолы, соған бастайтын ілімнің қажеттілігі. Сондықтан бо
-
лар əлеуметтік мəселе ретінде, этикалық жүйе Конфуций
қатарлы ойшылдарды қатты толғандырған. Конфуций бойын
-
ша əлеуметтік дамудың тұғыры дəстүр деп оған ерекше мəн
берген. Осыған байланысты халықтың өткеніне, кезеңдері мен
ұрпақтары жалғастығына, өз еңбегінде маңызды орын берген.
Адами мінез-құлықтағы сабақтастықтың болмауы маңызды
фактор ретінде əлеуметтік қоғам мəселесін шешеді. Билік
ету, мемлекеттік басқару өнері ең алдымен менталитеттегі
ерекшелікті, сонымен қатар əлеуметтік мінез-құлықты
қалыптастыруға негізделетінін Конфуций жақсы білген.
Сондықтан ол əлеуметтік-этикалық, қоғамдық мəселелерді
жан-жақты түсіндіруге тырысады. Қоғамның менталдық
ерекшеліктерін пайымдау арқылы талдау барысында адам
мен қоғам арасындағы уақыт пен кеңістікте туындайтын өзара
байланыстардың барлығын оны ескермеуге болмайтынын пай
-
ымдатады. Себебі ежелгі қытай қоғамындағы ұғым-түсініктер
қоғамдық құрылымға тəн көзқарас негізінде қалыптасқан
халықтың этикаға деген сенімін көрсетеді. Салт-дəстүр, əдет-
ғұрып – халықтың менталитетке негізделген өмірлік тəжірибе
жиынтығы.
Конфуцийдің этикалық ойларының негізін құрайтын «бес
тұрақтылық» (wu chan) конфуцийшілдіктің тарихи эволюция
-
сы барысында «бес тұрақтылық» саналатын категориялардың
қызметтік сипаты да өзгерген. Бұл туралы зерттеуші Аяжан
Сағиқызы мынандай пікір айтқан: «Конфуцийшілдіктің рес
-
ми идеологияға айналуымен бес тұрақтылықтың құрылымдық
сипаты да өзгеріске ұшырайды. Адамгершілік жэнь екінші
орынға жылжып, ал бірінші орынға рəсім, ли шығады. Басқа
элементтер арасынан парыз ерекше айқындала бастайды. «Ли
цзи жинағында рəсім мен парыз» ең күшті адамгершілік баста
-
улары деп айтылған» [1,13-14 б.].
Конфуций ілімінің негізгі канондық мəтіндері санала
-
тын «Он үш кітап» («Ши сан цзи») жинағында ли ұғымы ту
-
ралы жазылған үш еңбек кездеседі. Олар: «Чжоу ли» («Чжоу
дəуірінің əдеп-ғұрыптары»), «И ли» («Рəсімдер мен əдеп-
ғұрыптар»), «Ли цзи» («Рəсімдер мен əдеп-ғұрыптар туралы
Достарыңызбен бөлісу: |