Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектеп жӘне параллель қосу.
НҰСҚА 4 8/3
А-ТОБЫ
Электр шамы арқылы әр секунд сайын 0,2 Кл заряд өтетін болса, ток күші қандай?
Ұзындығы 20 м, көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 константан сымының ұштарындағы кернеу 40 В болса, осы тізбек арқылы өтетін ток күші қандай? .
Суретте көрсетілген вольтметрді екінші кедергіге қоссақ, ол нені көрсетер еді? Амперметрдің көрсетуі неге тең?
Суретте көрсетілген тізбектің жалпы кедергісін және жалпы кернеуін тап.
Б-ТОБЫ
Кедергілері бірдей төрт резистор суретте көрсетілгендей қосылған. R1 кедергінің ұштарындағы кернеу 3,6В, ал ондағы ток күші 1,5А. Өткізгіштің жалпы кедергісін және кернеуді тап.
Суретте көрсетілген тізбектің жалпы кедергісін тап.
С-ТОБЫ
Суретте көрсетілген тізбектің жалпы кернеуі 110 В-қа тең. R1=100 Ом, R2=200 Ом және R3=300 Ом. Егер вольтметрдің кедергісі 200 Омға тең болса, онда вольтметрдің көрсетуі қандай болар еді?