Қорғасын білеушенің салмағы 28 Н. Оның көлемі қандай? Қ11300 кг/м3.
Көлемі 570 см3 білеушенің салмағы 38,2 Н. Бұл білеушенің тығыздығы қандай?
Сүт құйылатын ыдыстың массасы 5,1кг. Осы ыдысқа 30л сүт құйылса, оның салмағы қанша болар еді? с1030 кг/м3.
Ұзындығы 10см серіппе 4Н күштің әсерінен 2 см ұзарды. Егер осы серіппеге 6Н күш әсер етсе, ол қаншаға ұзарар еді?
Б-ТОБЫ
Топырақтан жасалған кірпіштің іші қуыс болады. Массасы 4,5кг, өлшемдері 25х12х14 см кірпіштің ішіндегі қуыстың салмағы қандай? Топырақтың тығыздығы 1300 кг/м3. ауа1,29 кг/м3.
Массасы 1 кг ыдысқа 5 л керосин құйылған Массасы 50кг бала ыдысты көтеріп келеді. Баланың еденге түсіретін қысым күші қандай? к800 кг/м3, g10 Н/кг.
С-ТОБЫ
Биіктігі 20 см, ені 9 см, қалыңдығы 5 мм, платина пластикасынан “F” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей 3см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? п21,5 г/см3.