Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? .
Тізбектегі жалпы кедергіні және вольтметрдің көрсетуін анықта.
Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы кернеу 10 В болғанда жалпы ток күшін тап.
Б-ТОБЫ
Тізбектегі жалпы кернеу UАВ18В, R13 Ом; R26 Ом; R38 Ом; R415 Ом болса, жалпы ток күші неге тең (сурет)?
Тізбектеп қосылған екі өткізгіштің жалпы кедергісі 50 Ом, ал сол екі өткізгішті параллель қосса, кедергісі 12 Ом болады. Әр өткізгіштің кедергісін тап.
С-ТОБЫ
Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы кернеу 12 В болса, жалпы ток күші неге тең?
Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 1 8/4
А-ТОБЫ
Ток күші 3,5 А болғанда 12 В кернеуге есептелген машинаның электр шамы 2 минут ішінде қандай жұмыс істейді?
Электр шамының кернеуі 120 В және ток күші 0,5 А болса, оның қуаты неге тең?
Электр шамындағы ток күші 0,6 А деп алып, осы шамды кернеуі 124 В желіге 2 минут қосқанда тұтынылатын электр энергиясын есепте.
Кернеуі 220 В желіге қосылған электр пешінің үстіне ыдыс қойылған. Осы ыдыстағы көлемі 2 л суды 20 0С –тан қайнау температурасына дейін жеткізу үшін қанша уақыт қажет? Электр пешіндегі ток күші 5 А. С=4200 , t0қ=100 0С.
Б-ТОБЫ
Қуаты 600 Вт электр шәйнегіндегі массасы 2 кг суды 20 0С – тан 100 0С – қа дейін қыздыру үшін қанша уақыт қажет? Шәйнектің ПӘК 80. С=4200 .
Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
С-ТОБЫ
Электр шәйнегінің екі орамасы (обмоткасы) бар. Оның бірін электр желісіне қосқанда шәйнектегі су - 15 минутта, ал екіншісін қосқанда 30 минутта қайнайды. Егер екі ораманы желіге 1) тізбектеп 2) параллель қосса шәйнектегі су қанша уақытта қайнар еді?