Дайындаған : Ержанқызы Дилназ Тексерген



Pdf көрінісі
Дата04.05.2023
өлшемі113,08 Kb.
#89975
түріЛекция
Байланысты:
DOC-20230305-WA0121.



Тақырып: Мал шаруашылығындағы селекцияның әсерін 
болжау 
Дайындаған
:
Ержанқызы Дилназ 
Тексерген
:
Нусупов.А.М 
Жоспар: 
1 Малдың өсіп.жетілуі (Онтогенез) 
2 Мал селекциясының негізгі әдістері 
3 Селекцияның негізгі генетикалық өлшемдері 
4 Мал тұқымы туралы ілім 
Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда 
пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін 
қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын 
шығару үшін пайдалану. 
Мал шаруашылығының қоғам дамуындағы маңызы. Мал 
шаруашылығының өндіргіш күштер дамуымен байланысы және 
оның даму кезеңдері. Қазақстан Республикасында мал 
шаруашылығын өркендетудің ерекшеліктері. 
Малдың өсіп-жетілуі (Онтогенез): 
Мал шаруашылығы өнімдерін қажетті мөлшерде өндіруді 
қамтамасыз етудің негізгі жолы, малдың даму заңдылықтарын, 
мән-мазмұнын жете түсіну және оларды меңгеру болып табылады. 
Себебі кез-келген малдың түрлік, тұқымдық ерекшеліктері, барлық 
өнімдік қасиеттері оның өсіп-даму жолында генотипі мен сыртқы 
ортаның өзара қатынасы негізінде қалыптасады. 


Бір малдың жекелей өсіп-жетілуі, дамуы онтогенез деп аталады. 
Онтогенез аналық жыныс клеткасының аталық жыныс клеткасымен 
ұрықтануынан басталады да, кейін одан бүкіл организм өсіп 
шығып, сөйтіп мал тіршілігі аяқталғанға дейін созылады. Онтогенез 
тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын жүйелі 
морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық өзгерістер 
тізбегінен тұрады. 
Онтогенез бір-бірімен өте тығыз байланысты негізгі екі құбылыс - 
өсу және даму арқылы жүреді. 
Өсу құбылысы көбінесе организмге сандық сипат өзгерістерімен 
байланысты. Малдың өсуі дегеніміз – оның клеткаларының 
ұлпалары мен мүшелерінің, жалпы бойының үлкеюі, көлемінің, 
салмағының артуы. 
Мал селекциясының негізгі әдістері: 
Малды сұрыптау-жаңа тұқымдар шығарып олардың өнімділігін 
арттыруға өз көмегін тигізеді. Соңғы жылдары елімізде малды 
селекциялау арқылы мал басының саны артып, сапалық тұрғыдан 
да еш кем түспеуде. Олардың тіршілік ортасы, өнімдік 
технологиясына қарай сұраптау жасалынады. 
Әдетте сұрыптау мен жұп құру бірлігін селекция деп атайды. 
Малдың әр түрін негізгі өнімдік белгілеріне қарай бағалау әдістері. 
Өнімнің саны мен сапасына есеп жүргізу, өнім өндіруге 
жұмсалатын азық шығыны. Тандемдік селекция және селекциялық 
индекстер бойынша сұрыптау әдістері. Малдың өнімділігі бойынша 
рекордтық көрсеткіштерге жетуі және олардың мал тұқымын 
асылдандырудағы маңызы. 
Негізінен тек селекция ғана табынның генетикалық құрылымын 
адамға ұнамды бағытта өзгерту арқылы мал өнімін арттыра алады. 
Осы тұрғыдан селекцияны малдың адам баласы басқаратын 
зволюциясы деп бағалау орынды. Сұрыптаудың негізі тұқым 
қуалаушылық және бейімділік секілді процесстер болып табылады. 


Ол өзгеру бағыты бойынша тірі организмдердің де өзгеруі дәл сол 
бағытта жүреді 
Мал тұқымы туралы ілім: 
Мал тұқымы — ауыл шаруашылық малдарының шығу тегі, дене 
тұрқы мен бітімі, пайдалы шаруашылық белгілері ұқсас және бұл 
қасиеттері тұрақты тұқым қуалайтын біртұтас топтары. Мал 
тұқымына шығу тегі бір болғанымен генотипі әр түрлі, ата-тегінің 
құнды қасиеттері ұрпағына берілетін асыл тұқымды малды іріктеп 
алады. Мал тұқымы өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі 
құрылымдық бөліктерден тұрады. Осы ерекшеліктер мал тұқымы 
құрылымының күрделі екендігін көрсетеді. Ал бұл күрделі 
құрылым мал тұқымын асылдандыруда бірден бір басшылыққа 
алынатын — заңдылық. Мал тұқымы қарапайым, зауыттық және 
ауыспалы топтар болып бөлінеді. Қарапайым немесе аборигендік 
мал — белгілі бір табиғи жағдайда ұзақ жылдар бойы өсірілген 
және сол жағдайға бейімделген мал тұқымы. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет