Дайындаған: Елеусіз Диас, Ермаханов Нұркен, Рахатханұлы Оразалі



Дата08.09.2023
өлшемі3,98 Mb.
#106654
Байланысты:
pptx 20230314 193338 0000


Жарықтың шағылуы
Дайындаған: Елеусіз Диас, Ермаханов Нұркен, Рахатханұлы Оразалі
Оптика – жарықтың пайда болуымен, таралуымен, басқа заттармен әсерлесуімен байланысқан заңдылықтар мен құбылыстар зерттелетін физиканың бөлімі (геометриялық, толқындық, кванттық)
Геометриялық оптика
Жарық сәулесі мен жарық шоғы туралы ұғымдар қолданылатын оптиканың бір бөлімі. Геомтериялық оптикада жарықтың толқындық қасиеті ескерілмейді
Жарықтың қолданылуы
    • Жарық құбылыстарының зерттелуі әртүрлі оптикалық құралдарды жасауға мүмкіндік берді

Жарық дегеніміз-көрінетін сәуле шығару
Жарықтың әсерлері
Электрлік
Химиялық
Жылулық
ЖАРЫҚ көздері-жарық шығаратын денелер
    • Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады
    • Берілген әрі шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады
    • Жарық көзінің өлшемдері жарық көзінен бақылаушыға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте аз болса, мұндай жарық көздерін нүктелік жарық көздері деп атайды ( Күн, жұлдыздар, ...)

Күн мен Айдың тұтылуы жарықтың түзу сызық бойымен таралуына мысал бола алады
Бізді қоршаған денелерді қалай көреміз?
Жарық сәулелері қандай да бір бетке түскен кезде одан жартылай немесе толық шағылады.
Кез-келген дененің бетіне жарық түсірсе, оның бір бөлігі ол беттен шағылады да, кеңістікте тарайды. Осы құбылысты жарықтың шағылуы дейді
Жарықтың шағылуы
Егер жарық кедір-бұдыр бетке түссе, одан шағылған жарық шашырайды, мұны диффузиялық шағылу деп атайды
Егер жарық мұқият тегістелген немесе айналық бетке түссе, одан шағылған жарық шоғы параллель шоқ түрінде шашырайды, мұны айналық шағылу деп атайды
Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады
айна
нормаль
Жарық көзі
Түсу бұрышы
Шағылу бұрышы
Түскен сәуле
Шағылған сәуле
Жарықтың шағылуы құбылысын сипаттауда қолданылатын түсініктер
S
Түсу бұрышы і деп түскен сәуле мен екі ортаны бөлуші бетке түсу нүктесінде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты айтады
Шағылу бұрышы і/ деп шағылған сәуле мен екі ортаны бөлуші бетке түсу нүктесінде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты айтады
Жарықтың шағылу заңы
    • Түскен сәуле мен шағылған сәуле сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикулярмен бір жазықтықта жатады
    • Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең

Шағылудың қолданысы
► Тұрмыста
► Медицина (ЛОР, Дантист)
► Әскери істе
► Автомобильдерде
Жазық айна және онда кескіндер алу
Кескін: тура, нақты өлшемді, жалған.
Жазық айнаның алдында тұрған нысанның сипаттамалары:
    • 1. Кескін өлшемдері нысан өлшемдеріне тең (һнысан = һкескін).
    • 2. Нысаннан айнаға дейінгі қашықтық айнадан кескінге дейінгі қашықтыққа тең (X нысан = Х кескін).
    • 3. Кескін жалған болып табылады.
    • 4. Кескін тура болады.

Нәрсенің бірнеше жазық айналардағы көп рет кескінделуі
қолданылуы
Егер екі жазық айнаны үстел үстіне бірімен –бірі 72 ⁰бұрыш жасайтындай етіп вертикаль орналастырып, олардың арасына бір нәрсені қойсақ, онда айналардан барлығы төрт кескін көруге болады
Нәрсенің жазық айналарда бірнеше рет кескінделуінің қолданылуы
Оюлар, өрнектерді құрастыру үшін
Фотосуреттері матаға , ағашқа, кілемдерге обойлар, театр декорациялары үшін
қолданылуы мүмкін
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет