Дайындаған: Жақсылықова Нұргүл Тексерген : Ермағамбет Әлия



бет1/2
Дата29.03.2022
өлшемі19,26 Kb.
#29128
  1   2

Дайындаған:Жақсылықова Нұргүл

Тексерген :Ермағамбет Әлия

Түрлі бұзылыстары бар балаларға арналған АКТ қолдану ерекшелігі

Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс – тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық – коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аламыз.

Бұл екеуі бір – бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. Мектеп қабырғасында кез келген пәнінде ақпараттық – коммуникативтік технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Инновациялық білім беру құралдарына:

1. аудио-видео құралдар

2. компьютер

3. интерактивті тақта

4. интернет

5. компьютер – мультимедaялық құрал

6. электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.

Ақпараттық- технологияны қолдану барысында мынадай міндеттерді шешеді:


  • Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;

  • Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,

  • Кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру,

  • Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;

  • Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:

  • Әдістемелер арқылы іс- әрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды әрекеттері дамып, қалыптасады;

  • Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып, зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді қалыптастыруға ықпалы зор;

  • Психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;

  • Дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақ мерзімде сақталып, есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді;

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық- эмоцияналдық сферасы жағынан тиімділігін қарастырсақ:

v Ақпараттық технологияларды қолдануда тиімді интерактивті әдістерді пайдаланып, мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін арттыру;

v Релаксациялық- медитациялық жаттығуларда ақпараттық технологиялық құралдарды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі психологиялық ахуалдарын тұрақтандыру;

v Вербальді емес психологиялық сферасын тұрақтандырып, қалыптылыққа негіздеп, дамыту;

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың  коммуникативтік сферасын дамыту жағынан тиімділігін қарастырсақ:


  • Қоршаған ортамен, ұжыммен, топпен жұмыстанып, бірлесе әрекет жасауға;

  • Вербальді, вербальді емес қарым- қатынасын түзете- дамытып, ортада өз «Менін» қалыптастыруға;

Оқыту құралдары ретінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен жүргізуге болады.

Мамандар оқыту-түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырса, білім беруде ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалана білсе психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады деп көрсеткен болатын.

Психикасының дамуы тежелген балалардың есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында сабақтарда  ақпараттық технологияларды пайдаланған өте тиімді деп есептеймін. Мен өз тәжірибемде интербелсенді тақта, электронды және мультимедиялық оқулықтарды, интернет, ұялы телефон, компьютер, ноутбукті пайдаланып жүрмін. Жұмыстарымда интербелсенді тақтадан мультипликациялық бейнеклип арқылы балаларға сергіту сәтін өткіземін. Сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым.

Бастауыш сыныпта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың маңызы: біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған білімді нақтылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың есте сақтау қабілеттері төмен, зейіндері тұрақсыз болғандықтан әдемі түстер, әдемі ойыншықтар, әдемі суреттер олардың көруі арқылы естерінде ұзақ сақталады. Кез-келген түзете-дамыту жұмыстарында әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. АКТ-ны пайдаланудың тиімді тұстарын атап айтсақ, олар:

-оқушының жеке қызығушылығын оятады

- білім сапасын арттырып, танымдық қабілеттерін қалыптастырады

-қосымша мәліметтер береді

-мұғалімнің уақытын үнемдейді

Сондықтанда сабақтарымда, тәрбие сағаттарымда, сыныптан тыс шаралар кезінде ақпараттық технологияларды көптеп қолданамын. Мысалы: «Төрт түлігім-қазынам» атты тәрбие сағатында үнтаспадан төрт түліктің дыбыстауын қайталатып тыңдату арқылы  немесе мультимедиялық тақтадан төрт түлік төлдерін қайталап көрсету арқылы да оқушыларға жаңа сабағымды тез меңгерте алдым деп есептеймін.  «Жемістер» тақырыбында ана тілінен өткізген сабағымда мультемидиялық тақтаны жемістердің суреттерін, түстерін, пішіндерін көрсету үшін пайдаландым. Сондай-ақ  әннің сөзін үйрету үшін «Радиоэфир» ойынын пайдаланамын. Мақсатым: балалардың есту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту болды, сонымен бірге қазақ тілі сабақтарында көру диктанты, есте сақтау диктанттары, сөйлеу тілін дамытуға түрлі тапсырмалар көрсетуге өте қолайлы және де қарапайым математика сабақтарында АКТ-ны қолдана отырып есептерді шығара білу өте ыңғайлы болса, айналамен таныстыру сабақтарында әр түрлі тақырыпқа байланысты суреттерді пайдалануға болады.

Жалпы психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттері артта қалғандықтан оларға ақпараттық технологияларды қолданған өте тиімді деп есептеймін.

Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен алатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігуімен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын. Сондай-ақ, «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. Ендеше жалпы психикалық дамуы тежелген балаларға инклюзивті білім берудегі ақпараттық технологияларды қолдану баланың зейіндерін тұрақтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет